Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
география сабак жоспары / 11 сын. ж-м.б. с.ж. (1).doc
Скачиваний:
209
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.58 Mб
Скачать

Африканың экспорты

Өнеркәсіп өнімдері

Нигерия, Ливия, Алжир-мұнайды, Замбия, Заир-мысты, Либерия, Мавритания-темірді, Габон-марганец пен уранды, Марокко-фосфоритті сыртқа шығарады.

Ауыл шаруашылық өнімдері

Египет, Судан, Чад, Мали, Танзания-мақтаны, Эфиопи, Ангола, Руанда, Бурунди, Уганда, Кения-кофені, Кот-д,-Ивуар, Гана, Нигерия-какао бұршағын, Сенегал, Гамбия, Судан-жержаңғақты, Тунис, Марокко-зәйтүн майын, сонымен қатар цитрус өнімдерін, жүзім шарабын, темекі, тропиктік ағаш сүректерін экспортқа шығарады.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Солтүстік Африка елдері?

2. Батыс Африка елдері?

3. Орталық африка елдері?

4. Шығыс Африка елдері?

5. Оңтүстік Африка елдері?

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Африканың сыртқы экономикалық байланыстары.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Сарамандық жұмыс №4

Тақырыбы: Африка елдері.

Мақсаты: Африка елдерін, даму деңгейін, жекелеген аймақтарын анықтау.

Көрнекілік: Оқулық, қосымша деректер, африканың саяси картасы т.б.

Жоспары.

1. Африка аймақтарының табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуі.

Аймақтары

Ресурс түрлері

2. Африканың жетекші елдерін және оларға тән басты белгілерді анықтау.

3. Африканың әр түрлі аймақтарында орналасқан екі елге (таңдау бойынша) салыстырмалы сипаттама беру.

а) Мемлекеттік құрылымы.

ә) Табиғи-ресурстық мүмкіншіліктері.

б) Халқының саны мен құрамы.

в) Экономикалық әлеуеті.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Аустралия және мұхит аралдарының қоныстануы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Аустралия және мұхит аралдарының қоныстану мен игерілуі, көлігі, жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Мұхит аралдарымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.

3. Топтастыру. 6. Б.Ү.Ү. кестесі.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

4. Топтастыру.

Қорытындылау.