Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
география сабак жоспары / 11 сын. ж-м.б. с.ж. (1).doc
Скачиваний:
209
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.58 Mб
Скачать

Испанияның ауыл шаруашылығы

Мал шаруашылығы.

Нашар дамыған. Құрғақ аудандардағы латифундияларда қой бағылады, солтүстік пен солтүстік-батыстың ұсақ шаруашылықтарында ірі қара мал ұстайды.

Өсімдік шаруашылығы.

Елдің орталығында, солтүстігінде дәнді-дақылдар, өзен аңғарларында күріш, Эбро аңғарында бақша дақылдары, Андалузия жерінде зәйтүн, Жерорта теңізі жағалауында, Балеар аралдарында цитрус дақылдары, суармалы алқаптарда техникалық дақылдар, жүзім барлық жерлерде өсіріледі.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Оңтүстік Еуропа елдері, Испания.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Шығыс Еуропа елдері. Экономикалық-географиялық жағдайы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары, халқы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Шығыс Еуропа елдерінің халқымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.

3. Топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

3. Топтастыру.

4. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Испанияның өнеркәсібі?

2. Испанияның ауыл шаруашылығы?

3. Испанияның көлік жүйесі?

4. Испанияның өндірістік емес салалары?

5. Испанияның ішкі айырмашылықтары?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық жағдайын түсіндіру.

Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық жағдайы

Балтық, Адриат, Қара теңіз аралығында біртұтас аймақты алып жатыр.

Батыс Еуропа мен ТМД елдері арасында орналасқан.

Ірі транзиттік теміржолдар, автомобиль жолдары, электр және байланыс желілері өтеді.

Ел аумағында аса маңызды әуе жолдары тоғысады.

3. Топтастыру.

Топтастыру арқылы Шығыс Еуропа елдерінің табиғат ресурстарын түсіндіру.

4. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Шығыс Еуропа елдерінің халқын түсіндіру.

Халық саны

Халқы 135 млн адам. Халық ең көп ел-Польша, халқы ең аз ел-Эстония.

Ұлттық құрамы

Польша, Албания, Венгрия, Албания, Болгария, Словения, Словакия, Чехия, Литва, Румыния, Хорватия ұлттық құрамы біртектес болып келеді.Көп ұлтты ел Югославия

Тілдік құрамы

Халықтары славян тобы, роман тобы, фин-угор тобы, балтық тобына жатады.

Қала халқы

Чехия, Эстония, Латвияда халқының 70%-қалада тұрады.

Қорытындылау.