Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
география сабак жоспары / 11 сын. ж-м.б. с.ж. (1).doc
Скачиваний:
209
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.58 Mб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Латын Америкасының аймақ құрамы?

2. Латын Америкасының саяси картасы?

3. Латын Америкасының геосаяси жағдайы?

4. Латын Америкасы елдерінің мемлекеттік құрылымы?

5. Латын Америкасы елдерінің топтары?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Латын Америкасының жер бедерін түсіндіру.

Латын Америкасының жер бедері

Таулары, үстірттері.

Мексика Кордильерасы, Кариб Кордильерасы, Анд тау, Бразилия, Гвиана, Патагония таулы үстірттері т.б..

Жазықтары, ойпаттары.

Амазонка, Ориноко, Ла-Плата ойпаттары, Гран-Чако, Маморе, Пантанал жазықтары.

3. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Латын Америкасының табиғат ресурстарын түсіндіру.

Минералды ресурстар

Мұнай-Венесуэла жерінде, көмір-барлық елде, уран, торий-Бразилия, Аргентина, Колумбия, Мексикада, темір-Бразилия, Боливия, марганец-Гвиана және Бразилия таулы үстірттерінде шоғырланған.

Түсті металлургия

Боливия, Перу, Бразилия аумағында «қалайы белдеуі» орналасқан, қалайы Кариб аралдарында да бар, алтын-Амазонка және Ориноко өзендерінің алаптарында, Аргентина жерінде шоғырланған, платина-Колумбияда, алмас-Бразилия, Венесуэла, Гайанада, боксит-Ямайка, Бразилияда, селитра-Чилиде барланған.

Агроклиматтық ресурстар

Аймақтың климатын қалыптастыруда географиялық орны мен жер бедері шешуші рөл атқарады.

Су ресурстары

Жер шарындағы ағын мөлшерінің 25%-ы тиесілі. Орталық Америкада тектоникалық көлдер, Венесуэла жерінде лагуналық көл, Перу мен Боливия шекарасында биік тау көлі бар.

Жер ресурстары

Аймақ жерінің басым бөлігін латеритті топырақтардың әр түрлі типтері алып жатыр, өңделетін жерлердің жалпы жер қорындағы үлесі 11%.

Орман ресурстары

Орман алқаптары д.ж. орман қорының 30%-ға жуығын құрайды.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Латын Америкасының минералды ресурстары?

2. Латын Америкасының агроклиматтық ресурстары?

3. Латын Америкасының су ресурстары?

4. Латын Америкасының жер ресурстары?

5. Латын Америкасының орман ресурстары?

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Латын Америкасының табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Латын Америкасының халқы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Латын Америкасының халқы, ұлттық, діни, тілдік, жастық, жынысттық құрамдары, халық тығыздығы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Латын Америкасының халқымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.

3. Топтастыру. 6. Б.Ү.Ү. кестесі.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

4. Топтастыру.

Қорытындылау.