Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
география сабак жоспары / 11 сын. ж-м.б. с.ж. (1).doc
Скачиваний:
209
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.58 Mб
Скачать

Азияның жер бедері

Таулары.

Памир, Гиндукуш, Қарақорым, Тянь-Шань, Куньлунь, Тибет, Гималай, Алтай, Саян, Байқал маңы, Байқал сырты таулары.

Жазықтары:

Батыс Сібір, Тұран, Ұлы Қытай, Үнді-Ганг, Месопотамия.

3. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы табиғат Азияның ресурстарын түсіндіру.

Минералдық ресурстар

Мұнай-Парсы шығанағында, Темір-Үндістан түбегі мен Қытайдың солтүстік-шығысында, Көмір-Қытай мен Үндістан жерінде, Өлі теңіз суы кальций, магний, калий, натрий, бром хлридтерінің тұнбасы болып табылады

Жер ресурсы

Жер қоры 2755 млн га. Құрғақ аудандар (Оңтүстік-Батыс Азия және Орталық Азия) жайылымдық мал шаруашылығы үшін, ал ылғал жеткілікті аудандар (Шығыс, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия) егіншілік үшін пайдаланылады.

Су қоры

Су ресурсымен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері жақсы қамтамасыз етілген, ал қалған бөліктер оның жетіспеушілігінен зардап шегуде. Азияда Тұщы су қорының 90%-ға жуығы суландыру мақсатында пайдаланылады.

Орман ресурсы

Азияның Шығыс, Оңтүстік-Шығыс бөліктерінде тараған.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Азияның табиғат жағдайлары?

2. Азияның минералдық ресурстары?

3. Азияның агроклиматтық ресурстары?

4. Азияның су ресурстары?

5. Азияның орман ресурстары?

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Азияның табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Азияның халқы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Азияның халқы, тілдік, діни, жастық, жыныстық құрамдары, демографиялық жағдайы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Азияның халқымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.

3. Топтастыру. 6. Б.Ү.Ү. кестесі.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

4. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесімен жұмыс.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Азияның табиғат жағдайлары?

2. Азияның минералдық ресурстары?

3. Азияның агроклиматтық ресурстары?

4. Азияның су ресурстары?

5. Азияның орман ресурстары?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Топтастыру.

Топтастыру арқылы Азия аймақтарының халқының арасалмағын түсіндіру.

4. Тірек-сызбамен жұмыс.

Оқулықтың 95-бетінлегі, 13-сызбанұсқа арқылы Бахрейн халқының жастық-жыныстық пирамидасын түсіндіру.

3. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Азия халқының құрамын түсіндіру.

Халқы

3 млрд 740 млн адам. Тығыыздығы 1 км2-ге 70 адамнан келеді. Қала халқының үлесі 35%.

Тілдік құрамы

Азиялықтар 9 тіл семьясына жататын 600-ге жуық тілде сөйлейді. Аймақта кең тарағандары-сино-тибет және үнді еуропалық тіл семьялары.

Халқының ұлттық құрамы

Бір ұлтты (Жапония, Корея Республикасы, КХДР, Арабия түбегі елдері), Көп ұлтты елдер (Үндістан, Пәкстан, Ауғанстан, Бангладеш, Непал, Бутан), бір ұлт басым болатын көп ұлттан тұрады.

Діни құрамы

Әлемдік үш дін, көпреген этностық діни ағымдар тараған. 17 елде ислам басым дін болып табылады.

Қорытындылау.