Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
география сабак жоспары / 11 сын. ж-м.б. с.ж. (1).doc
Скачиваний:
209
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.58 Mб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Түркияның өнеркәсібі?

2. Түркияның ауыл шаруашылығы?

3. Түркияның көлігі?

4. Түркияның ішкі айырмашылықтары?

5. Түркияның экономикалық байланыстары?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Корея Республикасын толық түсіндіру.

Географиялық орны

Корея түбегінің оңтүстігінде орналасқан. Құрамын Жапон және Сары теңіздегі 3 мыңдай ұсақ аралдар енеді. Ең ірісі-Чеджудо аралы.

Табиғаты және табиғат ресурстары

Ел аумағының 70%-ға жуығын аласа таулар алып жатыр. Ел аумағына ылғалды шығыс азиялық муссондық климат тән. Жері пайдалы қазбаларға кедей; тек вольфрам кенінің д.ж. маңызы бар. Сонымен қатар кварц, каолин, алтын, темір, мырыштың шағын кен орындары кездеседі. Өзендері қысқа болғанымен мол сулы, жазғы муссондар кезінде тасиды.

Халқы

Халқы 48,3 млн адам. Бір ұлтты ел. Халқының 99%-ы корейлер. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 – 484 адамнан келеді.Адамдардың өмір жасының орташа ұзақтығы ерлерде-72 жас, әйелдерде-79 жас. Халықтың 79%-ы қалаларда тұрады.

Экономикасы

Кеме жасау ел өнеркәсібінің жетекші саласы. Елдегі басты кеме жасау орталығы Пусан болып табылады. Жеңіл автомобиль жасаудан д.ж. 1-ші орында. Жылына 2,2 млн жеңіл автомобиль шығарады. Аса ірі автомобиль компаниялары – «Хундай», «Дэу», «Киа». Металлургия саласы д.ж. 6-шы орында. Д.ж. өндірілетін болаттың 4%-ын береді, электролиттік мыс, мырыш, қорғасын және құйма алюминий өндіруден де көзге түседі. Бұл салада аса ірі концерні ПОСКО. Қазіргі кезде ел д.ж. мұнай химиясы өнімдерінің 5%-ға жуығын береді. Соңғы онжылдықта ғылымды көп қажет ететін өнеркәсіп салалары дами бастады. Ғарыштық күрделі техника жасау игеріле бастады; 2003 жылы елде 8 ғарыштық серік жұмыс істеді. Бұл салада бірнеше ғылыми-зерттеу орталықтары мен тәжірибелік зауыттарды біріктіретін «Корея Аэроспейс Индастриз» компаниясы жетекші орын алады.

Сыртқа экономикалық байланыстары

Халықаралық экономикалық ынтымақтастық аясында Корея Республикасы 1989 жылы құрылып, 24 елді біріктірген аса ірі Азиялық-Тынық мұхиттық еркін сауда аймағына енеді.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Корея Республикасының географиялық орны?

2. Корея Республикасының халқы?

3. Корея Республикасының өнеркәсібі?

4. Корея Республикасының ауыл шаруашылығы?

5. Корея Республикасының көлігі, сыртқы экономикалық байланыстары?

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Корея Республикасы.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Азиядағы мұнай экспорттаушы елдер.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Азияның мұнай экспорттаушы елдерінің өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, салалары, таралуы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Азияның мұнай экспорттаушы елдерімен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Топтастыру.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Б.Ү.Ү. кестесі.

3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.