Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
география сабак жоспары / 11 сын. ж-м.б. с.ж. (1).doc
Скачиваний:
209
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.58 Mб
Скачать

Шығыс Еуропа елдерінің ауыл шаруашылығы

Мал шаруашылығы

Чехия, Словакия, Венгрия, Польша, Балтық бойы елдерінде жақсы дамыған.

Өсімдік шаруашылығы

Польша, Балтық бойы елдерінде-қарабидай, картоп, Болгария, Венгрия, Албания-жүзімдіктер т.б. өсіріледі.

4. Топтастыру.

Топтастыру арқылы Шығыс Еуропа елдерінің көлігін түсіндіру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Шығыс Еуропа елдерінің шаруашылығы.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Чехия Республикасы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Чехия Республикасының өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, салалары, таралуы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Чехия Республикасымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.

2. Әңгіме-дәріс.

3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Шығыс Еуропа елдерінің өнеркәсібі?

2. Шығыс еуропа елдерінің ауыл шаруашылығы?

3. Шығыс еуропа елдерінің көлігі?

4. Шығыс еуропа елдерінің ішкі айырмашылықтары?

5. Шығыс Еуропа елдрінің экономикалық байланыстары?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Чехия Республикасын толық түсіндіру.

Географиялық орны

Солтүстігінде Польшамен, шығысында Словакиямен, оңтүстігінде Австриямен, батысында Германиямен шектеседі.

Табиғаты және табиғат ресурстары

Орта Еуропаның аласа таулы бөліктерін алып жатыр. Паидалы қазбалардан тас көмір мен қоңыр көмір шоғырланғын Солтүстік Чехия және Острава-Карвин бассейндері, каолин, графит, шыны дайындайтын жоғары сапалы кварцті құм сияқты кен орындарыман ерекшеленеді.

Халқы

Халқы 10,3 млн адам. Бір ұлтты ел. Халқының 95%-ы чехтар. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 – 130 адамнан келеді.Адамдардың өмір жасының орташа ұзақтығы-75 жас.

Өнеркәсібі

Индустриялы, өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған ел. Халықаралық еңбек бөлінісінде, ең алдымен, машина жасау өнеркәсібімен ерекше көзге түседі. Оның ірі орталықтары: Прага, Пльзен және Брно қалалары. Отын-энергетика мен қара металлургия өнеркәсібі де ерекше қарқынмен дамуда. Оның орталықтары: Острава және Орталық Чехия базалары. Чех шынысын шығарудан Яблонец, Чех сырасын жасаудан Пльзен, ал әйгілі «Кох-и-нор» қарындашын шығарудан Ческе-Будеевице қаласының даңқы әлемге әйгілі.

Ауыл шаруашылығы

Ірі қара мал өсіру жақсы жолға қойылған. Өсімдік шарашылығында бидай мен сыра қайнату үшін пайдаланылаиын жоғары сапалы арпа, қант қызылшасы, құлмақ өсіріледі. Сонымен қатар бау-бақша, оңтүстікке қарай жүзім шаруашылығы кеңінен тараған..

Көлігі

Көлік тораптары теміржол мен тас жолдар желісінің жиілігімен көзге түседі. Өзен су жолы арқылы сыртқы экономикалық байланыстар жүзеге асырылады.

Сыртқа экономикалық байланыстары

Елдің басты сауда әріптестері көршілес елдер, яғна Германия, Словакия, Австрия және Ресей.

Қорытындылау.