- •Дәріс 1 Кіріспе. Өндеу өндірісіндегі өнімнің сапасы туралы түсінік.
- •1. Өңдеу өндірісі технологиясының даму перспективасы және қазіргі жағдайы.
- •2. Өңдеу өндірісі саласында инновациондық қызмет пен ғылыми қамтамасыз ету.
- •3.Өндеу өндірісінің өнімдерінің классификациясы мен ассортименті.
- •4. Өнім сапасы және оған әсер ететін факторлар.
- •Дәріс 2 астық өңдеу өндірістерінің технологиясы. Диірмен өндірісінің технологиясы
- •2.1-Сурет. Бидай дәнінің қимасы және1-шоқша мұрттар; 2- жемісті және тұқымды қабықша; 3-алейронды кабат; 4-эндосперм; 5-қалқанша; 6-бүршік; 7-ұрық; 8-ұрық қабықшасы
- •Дәнді дақылдардың сапасын бағалау
- •Дәріс 3 Дәнді дақылдарды өңдеу және сақтау технологиясы
- •1000 Дәннің массасы
- •Дәннің шынылығы
- •Дәннің құрылымы және механикалық қасиеттері
- •Дәннің мықтылығы
- •Бидай дәнінің қаттылығы
- •Дәнді ұнтақтауға кететін энергия шығыны
- •Дәннің технологиялық қасиеттері
- •Дәріс 4 Дәннің бетін өңдеу процесі
- •Дәннің бетін өңдеу машинасы
- •Гидротермиялық өңдеу
- •Тарту қоспасын құрау дәннің технологиялық қасиеттерін тұрақтандыру әдісі
- •Дәнді ұнтақтау
- •Вальцелі станоктарда дәнді ұнтақтау
- •Ұнтақтау процесінің технологиялық тиімділігін бағалау
- •Ұнтақталған өнімдерді ірілігі бойынша сорттау
- •Диірмендерде қолданатын електердің сипаттамалары
- •Дәріс 5 Астықты ұнға өңдеу технологиясы. Бидайды ұнға ұнтақтаудың интенсификация процесі
- •2. Ұн және жарма зауыттарының технологиялық және экономикалық тиімділігі
- •1. Даяр өнімдердің шығымы жзне сапасы
- •Ұн және жарманың тұтынушылық құндылығы
- •Дәріс 6 Ұнның арнайы технологиясы
- •1. Ұн-ұнтақтар технологиясы.
- •2. Бидайлық нан өнімдеріндегі ұнтақтағы ұрықтың бөлінуі.
- •3. Жүгері ұнының технологиясы
- •Дәріс 7 Ұн қасиетін жақсарту жолдары
- •1.Ұнның витаминдендірілуі
- •2.Ұнның қасиетін жақсарту жолдары
- •Дәріс 8 Астықты жармаға өңдеу технологиясы
- •Технологиялық процесс туралы түсінік және оның тиімділігі
- •Ұн зауытының процестерінің жалпы сұлбасы
- •Жарма зауытының процестерінің жалпы сұлбалары
- •Сепараторда тазалау тиімділігін бағалау
- •Сепараторлардың конструкциялары
- •Астықты қоспалардан тазарту процестерін ұйымдастыру
- •Дәріс 9 жарма өндірісі технологиясы (крупяное производство) Жарма ассортименті
- •Дәріс 10 Астық түйiрден жарма өндiрудің арнайы технологиясы
- •2. Жылдам қайнайтын жарма технологиясы .
- •3. Қайнауды қажет етпейтін жарма алу технологиясы.
- •Дәріс 11 Сөк пен тары талқанының сапалық көрсеткіштері
- •Жарма сапасына қойылатын талаптар
- •Дәріс 12 құрама жем технологиясы (комбикормовое производство)
- •Дәріс 13 наубайхана өндірісінің технологиясы (хлебопекарное производство)
- •Дәріс 14 Қамырды дайындаудағы интенсификация процесі
- •Дәріс 15 Нан пісіру технологиясы
- •Дәріс 16 Нан және нан өнім0дерінің түрлері
- •Дәріс 17 Нан-тоқаш өнімдерін дайындаудың жылдамдатылған технологиясы
- •1. Инфрақызыл сәулелі генераторы бар пештерде пісіру
- •2. Бу атмосферасында пісіру
- •3. Электроконтактті қыздыруды қолдан отырып пісіру
- •Дәріс 18 Нан өндірісіндегі қоспалар
Ұнтақтау процесінің технологиялық тиімділігін бағалау
Осы бағалаудың негізгі критериялары ретінде пайдаланатын көрсеткіштер: материалдың ұнтақталу дәрежесі, процестің меншікті энергия сиымдылығы, машинаның жұмыс органына түсетін негізгі жүктеме.
Ұнтақталу дәрежесі - ұнтақтаудан кейінгі пайда болған өнімдердің беттерінің қосындысының алғашкы бетке қатынасы; оны анықтауда ерекше процедура қажет, ал оны өндірістік жағдайда анықтау мүмкін емес. Практикада өндіріп алу кеңінен таралған. Бұл саңылауы белгілі електен алынған өнімдер массасы, яғни жүйеде ұнтақтауға түскен өнімнін майдалануын сипаттайды. Осылай анықтауда ұнтақтауға дейінгі майда өнімдердің мөлшерін ескереді. Осы көрсеткішті есептеу формуласы:
И = [ (m2- m1) / (100 - m1) ] * 100,% (4.5)
мұндағы: m1 және т2 - ұнтақтауға дейін және ұнтақталған заттардағы өтетін өнімдердің салыстырмалы мөлшері.
Бұл көрсеткіш процестің тек санды мөлшерін көрсетеді. Процеске объективті баға беру үшін тек өндіріп алуды (И,%) ғана емес осы өнімдердің ұнтақтауға түсетін өнімдерге қарағанда салыстырмалы күлділігінің өзгеруін анықтау қажет, сонда:
E = И*Δ=И[(Zo-Z)/Z1],% (4.6)
мұндағы: Zo және Z1 алғашқы және соңғы өнімдердің күлділігі, %.
Процестің объективті мәні Е көп болса, И % - нің сол мәнінде, ұнтақтау тиімділігі жоғары болады.
Мысалы, ұнтактау жүйесіне түсетін өнімнің күлділігі 1,90%, өндірілген өнім мөлшері 50%, ал оның күлділігі 0,80% болса, онда Е=28,9%, ал күлділігі 0,90% болғанда Е= 26,3%, яғни осы көрсеткіш Е ұнтақтау процесін жүргізудің деңгейін көрсетеді.
Валецтің 1см ұзындығына түсетін жүктеме, кг/см*тәулігінг, вальцелі станоктың меншікті жүктемесі болады. Бидайдан сортты ұн тартуда осы жүктеме 65...85кг/см тәу., қара бидайдан және тритикаледен сортты ұн тартуда 70-тен 170кг/см тәу. аралығында, ал жәй ұн тартуда - 300кг/см*тәу дейін.
Ұнтақтау процесінің меншікті энергия сиымдылығын төмендету негізгі инженерлік мақсатқа жатады. Бұл ГТӨ жүргізгенде, ұнтақтау технологиясын рационалды ұйымдастыруда және өнімдерді ұнтақтау жүйелеріне бөлудің оптималды варианттарын таңдауда іске асады. Барлық ұн тарту энергия шығынының 70 % шамасы ұнтақтау үлесіне тиеді. Сондықтан ұнтақтау энергия шығынын үнемдеу өндірістің бағалық шығымын төмендету болып саналады.
Ұнтақталған өнімдерді ірілігі бойынша сорттау
Дәннін ұнтақталған өнімдерін ірілігі бойынша бөлу ұн және жарма техналогиясында негізгі зор мәнді технологиялық операция.
Ұн өндірісінде вальцелі станокта ұнтақтауда ірілігі бойынша әртүрлі өнімдер алынады; оларды одан әрі ұнтақтау күрделі болады. Осы өнімдермен жүргізілетін операциялардың тиімділігі өңдеуге түсетін өнімдерді гранулометриялық кұрамына байланысты: ірілігі бойынша біркелкілігі осы жүйелердің жұмыс режимдерін дәл қоюға және операциялардың жоғары технологиялық тиімділігіне жетуге болады. Өнімдерді ірілігі бойынша фракциялауда сапалық іріктелуі байқалады. Ұн және кебек, ұн алудың соңғы өнімдері, електен елеп алынады.
Жарма технологиясында кауыздап, қырғылап, ажарлап және жылтыратып нөмірлі жармаларды және ұнтақты електерде бөліп алады.