Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКА лекция.doc
Скачиваний:
3506
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.77 Mб
Скачать

3.Медициналық құралдарды тазарту кезеңдері. Емдеу бөлмелерін жинастыру түрлері. Мейірбикенің жұмыс орнын жұмысқа дайындау

Стерильдеу. Мақсаты барлық микроорганизмдерді жою және аластау. Ол физикалық немесе химиялық әдістермен іске асырылуы мүмкін. Бумен стерильдеу - ең қалаулы әдіс. Бу қысым әсерінен барлық микроорганизмдерді жояды. Ол үшін 1,05 кгс/см2 бу қысымымен 15-45 минут ішінде әсер етсе жеткілікті болады. Егер автоклав вакуумды қондырғымен бірге болса стерильденген заттардың кебуін жеделдетеді және стерильдеу ұзақтығын 3 минутқа дейін кысқартады. Құрғақ ыстық ауалы шкафтарда өңдеу тәсілін шыныдан жасалған заттарды стерильдсу үшін колдануға болады. Ол үшін 6 сағат бойы 120°С-де ұстау Жұқа, сезімтал кұрал-саймандарға этилен аскын тотығымен газды стерильдеу әдісі қолданылады. Дұрыс стерильдеу үшін 3-6 сағат бойы газда экспозициялануы керек. Автоклавта стерильдеудің сапасын, яғни бу кысымының жеткіліктігін бақылау үшін аморфты амидопирин ұнтағын қолданады. Ол 106°С-де кристалданады. Қысымды автоматты түрде монометрдің көмегімен 1,5 атмосферада ұстап тұруға болады.Палаталар, егу бөлмелері, іс-шара бөлмелеріндегі, операциялық және басқа бөлмелердегі ауаны тазарту сынап-кварцтық және сынап-күлгін сәулелі лампалардың көмегімен жүргізіледі.

Стерилизация (залалсыздандыру) . Стерилизация алдындағы тазарту

Стерилизация асептиканың негізгі тәсілінің бірі.

Стерилизация (залалсыздандыру) дегеніміз медициналық құрал жабдықтардағы микроорганизмдерді және оның спораларын, токсиндерін түбегейлі жою. Залалсыздандыруға медицинада дәрілер мен диагностикалық препараттар, тігіс және таңғыш материалдар, жаймалар, пациенттің күтіміне арналған заттар жіберіледі.

Залалсыздандырудың технологиялық барысы төмендегі кезеңдерден тұрады:

  • Медициналық құрал жабдықтарды зарарсыздандыру.

  • Залалсыздандыруға дейінгі тазалау.

  • Стерилизаторға материалды дайындау және жайғастыру.

  • Залалсыздандырудың өзін жүргізу.

  • Залалсыздандыру сапасын бақылау.

  • Залалсыздандырылған материалдарды сақтау.

Залалсыздандыру алдындағы тазалау V кезеңнен тұрады:

І кезең. Медициналық саймандарды қолданып болғаннан соң 1% лизоформин (дезинфекциялық ерітінділердің басқа да түрлері) ерітіндісіне 22˚С 1 сағатқа салып қоямыз.

ІІ кезең. 1 сағаттан соң медициналық құрал -саймандарды ағып тұрған судың астында 30 секундтан жуамыз.

ІІІ кезең. Медициналық құрал - саймандарды жуғыш ерітіндіге 15 минут салып қоямыз.

IV кезең. Жуғыш ерітіндінің ішінде құрал - саймандарды мақталы тампонмен инелерді мандренмен тазалаймыз.

V кезең. Медициналық құрал - жабдықтарды жуғыш ерітінділерден алып, ағып тұрған судың астында жуып шаямыз. Жасалынып болғаннан кейін медициналық құрал- жабдықтардың тазалық сапасын тексереміз.

Медициналық құрал- саймандарды залалсыздандыру алдындағы тазалығын тексеру (көзге көрінбейтін қанды жуғыш ерітінділерді, дәрі – дәрмектерді, тат басқанды) Азопирам сынамасы

Мақсаты: медициналық құрал-саймандарда гемоглобиннен, жұғыш ерітінді құрамында хлоры бар заттарды, тат басқан жағдайлардан, дәрілік заттардан тазалау сапасын бақылау.

Жабдықталуы:

  • азопирамды реактив: 100мл амидопирин 1 мл тұзқышқылды анилинды құрғақ ыдыста араластырып, 1л дейін 96% спиртпен араластыру;

  • 1% азопирамның спиртті ерітіндісі және 3% сүтегінің асқын тотығына арналған пипетка;

  • астауша мақта шариктерімен, құрал-саймандар (бақылауға алынатын).

Міндетті шарттар:

  • жаңа дайындалған 1% азопирамның ерітіндісін 2 сағат ішінде қолдану;

  • азопирамды сақтау мерзімін бұзбау: жабық ыдыста 4˚С температурада 2 ай сақтау