Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКА лекция.doc
Скачиваний:
3506
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.77 Mб
Скачать

Ойылып қалуға әкелетін факторлар: қысым мен үйкелу

Адамның денесіне қысым түсу себебінен тіндер мен сүйектердің шығып тұрған ұштары қысылып қалады, төсек орын, онсыз да әлжуаз тіндерді одан сайын қысады. Адамдардың сыртқы киімдері, аяқ киімінің байланған жерлері де адам денесін қысады. Осы әсерлердің бірде-бірі күнделікті өмірде тіндердің ойылып қалуына апара қоймайды. Бірақ қозғалыс жасамаған кезде немесе сезімталдықтан айырылғанда, бұл әсерлердің тіндерді зақымдану қауіпі туады.

Үйкелу терінің ажырауына себепкер болады, бет жағының жолақтануына әкеледі. Үйкелу ылғалданғанда болатын нәрсе. Адамдар оған кіші дәрет ұстамағанда, тер шыққанда, ылғалды және ылғалды сіңірмейтін іш киім кигенде душар болады.

Ойылуды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын дұрыс жасау қажет. Оның негізгі қағидалары:

Күнде науқастың ойылу мүмкін болған жерлерін қарау керек: сегізкөз, тобық, жауырын, шынтағын, самай аймағын. Бозарған және қызарған тері аймақтары анықталған жағдайда дәрігерді шақырту қажет және алддын алу және емдеу шараларын бастау қажет:

  1. Егер пациенттің жағдайы жараса, оның дене қалпын күніне бірнеше рет өзгерту керек.

  2. Құнарлы тамақтану және жеке бас тазалығын сақтау.

  3. Тері тітіркендіргіштерін жою.

  4. Тері тазалығын сақтау.

  5. Тері ылғалдылығын төмендету.

  6. Науқастың төсегін күніне бірнеше рет сілкіп кайта салу керек.

  7. Төсек жапқыш пен іш киімінің бүктеліп қалмауын қадағалау керек

  8. Терісін жылы сумен жуу, зарарсыздандыру ерітіндісінің біреуімен сүрту: камфора қоспасы, камфора спирті, одан кейін құрғатып сүрту керек.

  9. Астына төселетін ақ жайманың тігісі болмауы керек.

  10. Терінің гиперемиясы (қызаруы) болған кезде, белгілі бір жердің қан айналысын жақсарту үшін теріні құрғақ сүлгімен сүрту немесе кварцтау керек.

  11. Терінің суланып тұрған жерін суық сумен сабындап жуып, спиртпен сүртіп, ұнтақ себу керек.

Ойылудың даму кезеңдері

І кезең: Циркуляторлы бұзылулар кезеңі

Белгілі бір тері аймағының бозаруымен соңынан венозды гиперемиямен және шекаралары анық болмаған көгерумен сипатталады; ұлпалар ісіңкі; ұстағанда мұздай болады.

ІІ кезең: Некротикалық өзгерістер және іріңдеу кезеңі

Некротикалық процестердің дамуымен сипатталады. Терімен қоса тері асты май қабатында, бұлшық еттерде, сүйектерде некроздың дамуы байқалады.

ІІІ кезең: Жазылу кезеңі

Репаративті процестердің басым болуымен грануляция, тыртықтану және дефекттің жартылай немесе толық эпителизациясымен сипатталады.

Трофикалық бұзылыстар деңгейіне қарай ойылудың жіктелуі

1-ші кезеңнің белгілері: терісі қызарып, ісіп, қабыршақтанады. Эпидермис пен тері қабаттары зақымданады. Тұрақты гиперемия қызыл-көкшіл дақтармен сипатталады. Гиперемия қысым тоқтағаннан соң кетпейді. Осы кезде жүргізілетін шаралар: теріні антисептикалық ерітіндімен өндеу (камфора спиртінің 10% ерітіндісі, 70% спирт пен жартысы су, опа себу, ультракүлгін сәулелендіруді жүргізу, астына резеңке дөңгелек салу.

2-ші кезеңде күлбір пайда болады. Тері жамылғыларының беткей бұзылулары, бұзылыстар тері асты май қабатына дейін барады. Қызыл-көкшіл дақтармен тұрақты гиперемия сақталады. Эпидермис ажырайды. Ол кезде бриллиант көгінің 1-2 % спирттелген ерітіндісін жағады, айналасын антисептик ерітіндісімен өңдейді, құрғақ таңғыш байлайды.

3-ші кезеңде күлбір жарылып, жара пайда болады. Бұлшық ет қабатына дейін барлық қабаттарының зақымдануы байқалады. Зақымдану бұлшық етке дейін енеді. Ол кезде ультракүлгін сәулелендіру қолданылады, майлы таңғыш (1% синтомицин эмульсиясы, Вишневский майы, облепиха майы), арасына дөңгелек резеңке салу қолданылады.

4-ші кезеңде терінің, тері асты торшасы мен басқа да жұмсақ тіндердің некрозы дамиды. Осы кезде жүргізілетін шаралар: некроз тоқтағаннан кейін, өлген тіндерді алып тастайды, жараға 0,5% калий перманганатының ерітіндісін немесе фурациллин ерітіндісі бар таңғыш салады. Таңғышты күніне 2-3 рет ауыстырады. Ірің болған жағдайда антисептиктер ерітіндісімен шаяды. Жараны толығымен тазалап, майлы таңғыштар қояды. Жараның жазылуына көмектесетін майлар қолданылады..