Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКА лекция.doc
Скачиваний:
3506
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.77 Mб
Скачать

1.Науқасты процедура мақсатымен, жүргізу кезеңдерімен таныстыру,

келісімін алу.

2. Мейірбике қолын тазалап жуып, биялай киеді, алдына клеенкадан жасаған

алжапқыш кию керек.

3. Эсмарх кружкасына 1-1,5л 18-20˚С температурасы әзірлеген суды құйып

штативке ілу керек;

4. Вентильді ашып, судың ағынымен ішіндегі ауаны шығарыңыз;

5. Ұштықтың басына вазелин майын жағыңыз;

6. Клеенка төселген кушеткаға сырқатты сол жақ қырымен тізесін кіндігіне

жақындата бүгіп жатқызыңыз;

7. Залалсыздандырылған салфетканы сол қолмен ұстап, құйрықты ашыңыз,

оң қолмен ұштықты ақырын айналдырып, тік ішекке алдымен кіндікке

қарай, содан соң омыртқаға қатарласып 8-10см тереңдікке енгізіңіз;

8. Ішекке су ақырын баратындай болып, тиегін ақырын ашыңыз, науқастың

босаңсуын және ішімен дем алуын сұраңыз.

Ескерту: науқас спастикалық ауырсынуға шағымданған кезде ауырсыну басылғанға дейін процедураны тоқтатыңыз. Егер ауырсыну басылмаса, дәрігерге хабарлаңыз.

9. Ішекке ауа кетпес үшін кружканың түбіне аздап су қалдыр, тиегін

жауып, ұштықты шығарып алыңыз;

10. Сырқатты шалқасынан жатқызып, демін тереңірек алып 10 минуттай

суды ішекте ұстауын сұраңыз;

11. Дәретке унитазға, егер палатада жасалған болса дәрет ыдысына

отырғызыңыз; ішек босағаннан соң шат аралығын жуыңыз.

12. Дәрет ыдысын қолданып болған соң, ішіндегі қалдық заттарды унитазға

төгіп, сумен шайып, 1% лизоформин ерітіндісіне 1 сағатқа салу керек;

13. Одан алып, ағынды суда шайып, әжетханадағы арнайы шкафқа қоямыз;

14. Клеенкадан жасалынған алжапқышты пен төселінген клеенканы 2 рет

1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен сүртіңіз;

Бірнеше минуттан кейін ішектен сумен бірге нәжіс шықса, тазалау клизмасының дұрыс жасалған болып саналады.

Тазалау клизмасына арналған жүйе

Тазалау клизмасы

Сифонды клизма

Мақсаты: ішекті нәжіс массасынан және газдардан эффективті тазалау.

Көрсетпелері:

Тазалау және босату клизмасынан нәтиже болмаған жағдайда;

Іш айдайтын дәрілер әсер етпегенде тоқ ішекті жуу үшін;

Емдік мақсатта сигма тәрізді ішек түйілуінде;

Іш қуысына операция жасағаннан (ішектерден басқа ағзаларға) кейін;

Динамикалық ішек өткізбеушілігінде;

Ішектен уды, токсинді, шырышты, іріңді, сыртқа шығару үшін;

Қарсы көрсетпелері:

Тік ішектің іріңді қабынуы;

Ішектерге операция жасағанда;

Жедел аппендицит, перитонит

Тік ішектің түсуінде, геморройда

Тік ішектің қатерлі ісігі

Асқазан, ішектен қан кеткенде

Қажетті заттар: ұзындығы 1,5м бір рет қолданылатын, ұшында бірнеше

тесігі бар түтік, сиымдылығы 1литр шыны құйғыш.10-

12Литр бөлме температурасындағы су,сиымдылығы 1литр

ожау, табақ, клеенка алжапқыш, клеенка,

залалсыздандырылған вазелин майы, 1рет қолданатын

биялай, бетперде, іштен шыққан қалдықты құятын ыдыс

(тазик);

Іс -әрекеттер:

1. Науқасты процедура мақсатымен, кезеңдерімен таныстыру, келісімін алу.

2. Халат, клеенка алжапқыш, қолғап кию. Кушеткаға клеенка жайып, оның

шетіне су құятын ыдыс немесе шелек қойылады;

3. Сырқатты сол жақ қырынан кушетканың шетіне тізесін кіндігіне

жақындата бүгіп жатқызу;

4. Түтіктің ұшынан бастап 20-30см ұзындыққа вазелин майын жағыңыз.

5. Залалсыздандырылған салфетканы сол қолмен ұстап, 1-2-ші саусақтармен

құйрықты ашыңыз, оң қолға резеңке зондты ұстап, кіндікке қарай 3-4см

енгізіңіз, сегізкөз омыртқа бойымен ішекке 20-30см тереңдікке енгізіңіз;

6.Түтікке шыны құйғышты кигізіп құйғышты қисайтып кушетканың

деңгейінен төмен ұстаңыз;

7.Әзірленген құйғышты 1л сумен толтырыңыз;

8. Құйғышты біртіндеп сырқаттың денесінен жоғары етіп ұстап су

құйғыштың сағасына жеткенше көтеріңіз /ішекке ауа кетпеуін

қадағалаңыз/;

9. Құйғышты бұрынғы қалыпқа дейін төмендетіңіз;

10.Құйғыштың жуылған суға толуын күтіңіз;

11.Құйғышқа толған сұйықты ыдысқа немесе шелекке төгіңіз;

12.Құйғышқа қайтадан су құйып, жоғарыдағы тәсілмен жуылған су таза

болғанша бірнеше рет қайталаңыз;

13. Құйғышты шығарып алып, іште қалған судың төгілуі үшін түтікті 15-20

минутқа дәрет ыдысына салып қойыңыз;

14.Тік ішектен түтікті ақырын шығарып алыңыз;

15. Клеенкадан жасалынған алжапқышты және төселінген клеенканы 2 рет

1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен сүртіңіз;

16. Дәрет ыдысын қолданып болған соң ішіндегі қалдық заттарды унитазға

төгіп, сумен шайып, 1% лизоформин ерітіндісіне 1 сағатқа салу

керек. Одан алып, ағынды суда шайып, әжетханадағы арнайы шкафқа

қоямыз;

Сифон клизмасы ауыр манипуляция, сондықтан процедураның кезінде сырқаттың жағдайына көңіл бөлу қажет.

Гипертониялық клизма

Мақсаты: ішектің перистальтикасын күшейту, ішек қуысына сұйықтық

транссудациясын жасау.

Көрсетпелер: Іштің қатуында және әртүрлі кең көлемді ісіктерде;

Қарсы көрсетпелер:

Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде;

Жедел аппендицит;

Ішектерге операция жасағанда;

Тік ішектің түсуінде;

Қажетті заттар: Жане шприці немесе резеңке груша , бір рет қолданылатын

жел шығаратын түтік, залалсыздандырылған вазелин,

клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында жылытылған