Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКА лекция.doc
Скачиваний:
3506
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.77 Mб
Скачать

1. Науқасқа жасалатын іс-шараны хабарлаңыз;

2. науқасты отырғызып немесе арқасымен жатқызыңыз;

3. қолғапты киіңіз;

4. шынтақ астына жастықша қойыңыз;

5. иықтың 3/2 орта бөлігіне резеңке бұрауды тартып байлаңыз.

Іс-әрекеттің орындалуы

1. шынтақ иінін спиртке батырылған 2 мақта шаригімен тазалау;

2. науқасқа қолын ашып-жұмып жұмыс істеуін сұрау;

3. шынтақ иініндегі көк тамырды сол қолдың үлкен саусағымен бекітіп ұстау;

4. иненің қиылысын жоғары қаратып, бұрыштап ұстап әуелі теріні, содан соң көк тамырды тесу.

5.иненің канюласынан кан көрінгеннен кейін, иненің канюласына резеңке түтікке кигізу, қажет мөлшердегі

қанды алу, 15О-200мл шамасында;

6. резеңке бұрауды шешіп, науқас жұмған қолын ашады;

7. инъекция жасаған жерді спиртке батырылған мақта шаригімен басып инені шығарып алу;

8. науқасқа шынтақ иінін қысып ұстауын сұрау;

Венесекция

Көрсеткіші: коллоидты және кристалоидты ерітінділерді енгізу үшін венепункция жасай алмағанда, қаналмастыратын ұзақ уақыттық инфузия қажеттілігінде.

Қарама-қарсы көрсеткіші: беткей веналардың флебиті, пункция жасаған жердегі теріде іріңді зақымдалу болса.

Іс-әрекетке дайындық

1. науқасқа жасалатын іс-шараны хабарлаңыз;

2. науқасты отырғызып немесе арқасымен жатқызыңыз;

3. қолғапты киіңіз;

4. шынтақ астына жастықша қойыңыз;

5. иықтың 3/2 орта бөлігіне резеңке бұрауды тартып байлаңыз

Іс-әрекеттің орындалуы

1. шынтақ иінін спиртке батырылған 2 мақта шаригімен тазалау;

2. 0,5% новокаин ерітіндісімен жергілікті инфильтрациялық анестезия жасау,

3. көк тамырдың бойымен 3-4 см ұзындықта кесу,

4. қан тоқтататын қысқышпен көк тамырды бөліп алып, оның астына 2 жібек жібін келтіру.

5. жіптің шеткі жағынан байлап, жарақатқа қарай тартып, екінші лигатураны үхтап тұратын көктамыр инъекциясына арналған инеге кіргізу,

6. жараны тігеді.

Инъекциялар кезіндегі асқынулар және оның алдын алу

I. Жергілікті: инфилтрат, абсцесс. иненің тромбозы, флебит, тканнің некрозы, гематома.

II. Жүйелі: ауалы эмболия, майлы эмболия, сепсис, анафилактикалық шок, вирусты гепатит, ЖИТС.

Инфильтрат - тері астылық және бұлшықет ішілік инъекцияларынан соң, инъекция жасаған жерде болатын қатаюдың пайда болуы. Егер

Инъекция өткір емес инемен жасалса;

Бұлшыкет ішілік инъекцияға кыска ине колданса;

Инъекцияның орны дұрыс болмаса:

Бір орынға жиі инъекция жасалса;

Суық ерітінділер қолданса, инъекция жасаған жерде қолға сезілетін инфильтрат пайда болады. Инфильтрат болған жерге жылытқыш компрестер және қыздырғыш қою қажет.

Абсцесс - пиогенді мембранамен жан жағындағы ткандерден шехтелген жұмсақ ткандердің іріңді кабынуы. Себебі асептикамен антисептика ережелерін сақтамауға байланысты.

Медикаментозды эмболия майлы ерітінділерді тері астына немесе бұлшықетке салғанда кан тамырларына түсіп,оны бітеп қалады,соның» салдарынан тканің некрозына алып келеді. Некроздың белгілері-инъекция жасаған аймақта ауру сезімі үдеп, ісініп ,жергілікті және жалпы дене қызуы көтеріледі. Егер май көк тамырда болса, кан ағымымен ол өкпе қан тамырларына барады.Өкпе қан тамырларының эмболиясының белгілері: кенеттен пайда болатын тұншығу ұстамасы, жөтел, ентігу, тахикардия, қан қысымының төмендеуі, дененің жоғарғы бөлігінің көгеруі(цианоз), кеуденің қысылу сезімі. Тіпті өлімге алып келуі мүмкін.

Майлы ерітіндіні саларда сақталуы қажет ереже: ампуланы алдын ала жылыту, салған кезде орнын дұрыс таңдау және "қан тамырына түспегендігіне көз жеткізу мақсатында итергішті тартып көру. Қан пайда болған жағдайда ол жерге салуға болмайды. Басқа жерге немесе инені сәл ары қарай не бері қарай тартып, тағы да тексергеннен кейін ғана салған жөн. Итергішті тартьш көргенде қан болмаса ғана салуға болады.

Ауалық эмболия көк тамыр ішіне инъекция жасағанда немесе ерітінді кұйғанда ауа кету салдарынан пайда болуы мүмкін. Бұл аскынуда майлы эмболия сияқты қауіпті болып табылады. Клиникалық белгілері де соған ұқсас.

Нерв тармақтарынын зақымдануы көк тамырға және бұлшықетке инъекция жасағанда болуы мүмкін.

Механикалық- инъекция жасайтын орынды дұрыс таңдамағанда;

«Химиялық - дәрілік препараттардың депосы нерв талшықтарына жакын орналасқанда.

Асқыну ауырлығы әртүрлі невриттен(нервтің кабынуы) параличке(нерв қызметінің болмауы) дейін болуы мүмкін.

Тромбофлебит - тромбтың түзілуімен қатар жүретін көк тамырдың қабынуы. Белгілері: ауру сезімі, терінің кызаруы, көк тамыр бойында инфильтраттың пайда болуы, дене қызуының көтерілуі. Бір көк тамырды жиі венепункция жасағанда немесе жиі өткір емес инені қолданғанда кездеседі.

Гематома (тері астына қаннын ұйылуы) - венепункцияны дұрыс жасамағанда, тері астында кара-көк дақ пайда болады. Бұл жағдайда венепункцияны тоқтатып, бірнеше минут инъекция жасаған орынға спиртке батырылған мақтаны басу керек. Тағайындалған инъекция басқа көк тамырға жасалынады. Ал гематома орнына спирттік компресс қойылады.

Сепсис - жалпы жұқпалы ауру, көк тамырға инъекция жасағанда және көк тамырға стерильді ерітінділерді құйғанда асептикалык ережелерді қатаң бұзғанда дамиды.

Вирусты гепатит В. сары сулық гепатит, ВИЧ-жұқпалы аурулар, бұл да асептикалық ережелерді бұзғанмен байланысты, инъекция жасағаннан кейін бірнеше айдан соң дамуы мүмкін.

Негізгі мэселені дэрілік препараттарды қабылдағанда болатын крапивница, ринит, Квинке ісінуі, конъюктивит түрінде көрінетін аллергиялық реакциялар құрады. Ең қатерлі аллергиялык реакцияның түрі анафилактикалық шок. Шұғыл түрде дәрігерге хабар беру керек және жедел көмек көрсетуді бастау қажет. Анафилактикалық шок дәрілік препаратты енгізгеннен соң бірнеше секунд немесе минут аралығында дамимды. Неғұрлым шок тез басталса, соғұрлым ағымы нашар, тіпті өліммен бітуі мүмкін. Клиникалық анафилактикалық шок кезінде кенеттен қан қысымы төмендеп, бронх тарылып, есін жоғалтады,терісі қызарады, кышитын бөртпелер басады, құсу, жүрегінің жиі соғуы байқалады. Симптомдары әртүрлі бірігулермен байқалуы мүмкін. Өлім жедел тыныс жеткіліксіздігінен, өкпе шеменінен, жедел жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігінен дамиды.

Алғашқы көмек: