Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКА лекция.doc
Скачиваний:
3506
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.77 Mб
Скачать

1. Термометрдің бүтіндігіне көзіңізді жеткізіңіз!

2. Сынап бағанасы 35° төмен болғанша термометрді сілкіңіз.

3. Қолтық астында қабыну құбылыстары мен терінің

зақымдануларының бар-жоғын байқаңыз.

4. Қолтық асты терісін құрғақ орамалмен сүртіңіз.

5. Термометрдің сынабы бар резервуарын қолтық астына

орналастырыңыз.

6. Дене температурасын 10 минут ішінде өлшеңіз.

Термометрді зарарсыздандыру

Термометрді пайдаланып болғанан соң, сынап бағанасы 35ºС-қа төмендегенше сілку керек, 1% хлорамин ерітіндісінде 15минут салып алады да, құрғақ салфеткамен сүртіп, таза ыдысқа немесе өзінің қорапшасына салып қояды.

Дене қызуын өлшегеннен сон, термометр көрсеткіштерін жеке температуралық параққа енгізеді. Оны стационарға түсетін әрбір науқасқа арналған медициналық картамен бірге қабылдау бөлімінде ашады. Онда дене қызуынан басқа тамыр соғу көрсеткіштерін, артериялық қысымды тіркейді.

ЕСКЕРТУ! Дене қызуы, артериялық қысым, пульс көрсеткіштерін температуралық параққа графикалық тәсілмен тіркейді, сол жақта тігінен "Т", "П", "АҚ" шкалалары болады. Кейбір температуралық парақтарда бір минут ішінде тыныс алу жиілігін графикалық тіркеуге арналган "Ц" шкаласы да бар. Температуралық парақтың төменгі бөлігінде емделушінің дене салмағын тәулік бойы қабылданған және бөлінген сұйықтық (су балансы), мөлшерін нәжіс бөлу туралы деректерді жазады және жүргізілген санитарлық өңдеуді + белгісімен белгілейді.

ЕСКЕРТУ!

Т, РS, АҚ деректерін дұрыс енгізу үшін шкаланың бөлінулерінің

бағасын есептей білу қажет.

Ауруханада алған күн графасын екіге бөледі:- "У" - таңертеңгі және "В" - кешкі. Таңертеңгі деректер "У" графасында нүктемен белгіленеді. "В" графасында кешкілік деректер белгіленеді. Нүктелерді бір-біріне қосқанда температуралық кисық пайда болады.

Қызба

Қызба - бұл дене қызуының 37°С-тан жоғары болуы. Түрлі сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге жауап ретінде дамитын ағзаның белсенді, қорғану - бейімделу реакциясы. Ондай тітіркендіргіштер пирогендік заттар (грек тілінен аударғанда Руr- от, ыстық, gепеs - туғызатын) деп аталады. Оларға микробтар, олардың улары, сары сулар, вакциналар, жарақаттануда, ішкі қансырауларда, некрозда, күйіктерде пайда болатын ағза тіндерінің ыдырау өнімдері жатады.

Пирогендік заттар терморегуляцияның өзгеруін тудырады. Жылу беру бірден төмендейді (тамырлар тарылады, жылу жасау жоғарылайды). Ол дене ыстығының жиналуына және дене қызуының көтерілуіне әкеледі. Осы кезде дамитын қызба, алмасу процестерінің жылдамдығының жоғарылауына әкеледі. Инфекция және баска пирогенді факторлармен күресуге қажетті ағзаның қорғану күшін жұмылдыруда маңызды рөл атқарады.

Қызба кейде неврогенді түрде орталық жүйке жүйесінің функционалды және органикалық зақымдалуынан дамиды.

ЕСКЕРТУ! Жоғарылау дәрежесіне қарай температура субфебрилді қызба (38°С-тан жоғары емес) орташа, біркелкі қызба (фебрилді) (38-39°С-қа дейін), жоғары немесе пиретикалық қызба, (39-41°С) өте жоғары немесе гиперпиретикалық қызба (41°С-тан жоғары) болып бөлінеді.

Қызба дамуы үш кезеңнен түрады:

Бірінші кезең – дене қызуының көтерілуі: жылу өндіру жылу бөлуден басым болады. Жылу бөлу тері тамырларының тарылу салдарынан бірден төмендейді. Дене температурасының жоғарылауына қарамастан тері суық "қаз терісіне ұқсас" болады. Науқас бас ауруына, сүйектердің сырқырауына, қалтырауға шағым жасайды да, көпке дейін жылына алмайды.

Бұл кезеңде емделушіге тыныштық жағдай жасап, оны төсекке жатқызып, жылы жауып, аяғына жылытқыш қойып, ыстық шай беру керек.

Дене қызуының салыстырмалы тұрақтылығының II кезеңі: бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Тері тамырлары кеңейіп, жылу бөлу күшееді де, жылу жасаумен теңеледі. Сондықтан температураның әрі қарай жоғарылауы тоқтайды да, температура тұрақталады. Осы кезеңде емделушінің денесі қызып, бас ауруы, сүйектің сырқырауы, ауыздың құрғауы байқалып науқас шөлдейді. Науқас есінен танып, есеңгіреуі, сандырақтауы мүмкін. Терісі ыстық, беті қызарған. Осы кезеңде жылы көрпелерді жеңіл жамылғышпен ауыстыру керек, науқасқа (мейілінше көбірек) витаминді салқын сусындар (морс, итмұрын тұнбасы) беру керек. Арасында ауыз қуысын әлсіз сода ерітіндісімен шаю керек (0,5 литр суға 2 ас қасык сода). Осындай емделушілерге жеке мейірбикелік пост белгілеу керек, егер мүмкін болмаса посттағы мейірбике науқасқа жиі-жиі келіп, оның тамыр соғуы мен жалпы жағдайын бақылауға міндетті.

Дене қызуы неғүрлым жоғары болса және оның ауытқуы көп болса, соғүрлым науқас жүдейді. Ағзаның қорғаныс күштерін жоғарылату үшін және энергетикалык шығынның орнын толтыру үшін науқасқа сұйық немесе жартылай сұйық түрінде калориясы жоғары және тез сіңірілетін азық-түліктер беру керек. Тәбеттің төмендеуіне байланысты науқасты тәулігіне 5-6 рет кішігірім мөлшермен тамақтандыру қажет. Рационда ас тұзын шектейді. Ол диурездің күшеюіне әкеледі. Витаминді сусындар ішу диурездің күшеюіне, сонымен қатар қызба кезінде қанға сіңген улы заттарды ағзадан шығаруға көмектеседі. Науқасқа минералды су берілетін болса, сол суды біраз уақыт ашық түрде ұстау керек (газдарын кетіру үшін және метеоризмнің алдын-алу үшін).

Мейірбике тері күтімін және ойықтың алдын-алу шараларын жүргізеді. Барлық физиологиялық бөлінулерді ауыр қызбасы бар емделушілер төсекте жасайды. Мейірбике оны әрқашан есте сақтау керек.

III кезең. Дене қызуының төмендеуі әртүрлі жүреді. Температура кризистік түрде, яғни жоғары цифрлардан бірден төмен қарай (мысалы 40-36°С) бір сағат ішінде төмендеуі мүмкін. Ол тамыр тонустарының, артериялық қысымның бірден төмендеуімен, жіп тәріздес пульстің болуымен қатар жүреді. (Жедел тамыр жетіспеушілігі - коллапс). Науқастың терісі бозарады. Сипағанда суық көрінеді, қатты терлейді, ерні көгереді, күшті әлсіздікті сезінеді. Бұл жағдай кризис деп аталады және шұғыл шаралардың өткізілуін талап етеді.

ЕСКЕРТУ!

1. Науқасқа мәжбүрлі жағдай жасау қажет: аяғын жоғары көтеріп, басынан

жастықты алып тастау керек.

2. Науқасты жылы қымтап, жылытқыштар қойып, ыстық шай немесе

кофе беру керек.

З. Дәрігерді шақыру.

4. Тері астына егу үшін 10 % сульфокамфокаин ерітіндісін дайындау

керек.

5. Емделушінің жағдайы жақсарғанда оны кұрғатып сүртіп, дене киімін

және төсегін ауыстыру керек.

Көбінесе дене қызуы біртіндеп лизистік түрде төмендейді. Ол тершеңдікпен, әлсіздікпен қатар жүреді. Температура түскен соң науқас ұйқыға кетеді. Бұл жағдайда оны оятудың қажеті жоқ.

Қызба кезеңдерінің сипаттамасы

І-кезең: дене қызуының көтерілуі.

Науқас шағымдары: бас ауру, сүйек сырқырауы, әлсіздік, қалтырау.

Тері жамылғылары: "Құс терісі" түрінде.

Естің жағдайы: өзгермеген.

Жылу өндіру және жылу бөлу қатынасы: Жылу өндіру жылу бөлуден басым болады.

Науқасты күту алгоритмі: