Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОЛДАНБАЛЫ АКПАРАТТАР ТЕОРИЯСЫ.doc
Скачиваний:
75
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
148.99 Кб
Скачать

Қолданбалы ақпараттар теориясы

3 Кредит Түсініктеме жазба

Kaзipгi қоғамның өмipгe бейімділігі ақпаратты қамтамасыз ету жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Бүгінде ақпараттың үлкен көлемін өңдеуді автоматтандыра алатын компьютер мен басқа техниканың пайдаланылмайтын саласын адамзат қызметінде табу қиын.

Ақпаратпен алмасудың тиімді ұйымдастыру - қоғамды толық ақпараттандыру жағдайында үлкен мәнге ие. Оның дұрыс жұмыс icтeуіне керекті ақпарат көлемi - шамамен, өндіріс күштеpi дамуының квадратына пропорционал өседі. Ақпарат айналымының барлық кезеңдерінде автоматтандырудың әдістерін қолдану экономиканың жұмыс істеуінің эффектілігін айтарлықтай көтеруге мүмкіндік береді. Осы жағдайда жинау, берілгендерді жіберу және өңдеу жүйелері ерекше мәнге ие болады. Олар әртүрлі технологиялық процестерді басқарудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Берілгендерді жинаудың, жіберудің, өңдеу мен сақтаудың көптеген мәселелерін шешу үшін ақпараттар теориясы негіз болып табылады, яғни ақпаратты басқару жүйелерін құруды кешенді шешу үшін сәйкес жабдықтарды ұсынады.

Қолданбалы ақпараттар теориясы пәнін оқыту мақсаты:

  • ақпараттар теориясының керекті теориялық негіздерін, ақпаратты жинау әдістерін, өңдеу және тасымалдауды үйрену;

  • хабардың сигналға түрленуі және оларды арналар мен байланыс желілерімен жіберу кезінде болатын негізгі процесстермен танысу;

  • ақпаратты жинау, жіберу мен өңдеу жүйелерін құрастырудың жалпы мәселелерін меңгеру;

  • ақпаратты жинаудың, жіберу мен өңдеудің типті жүйелерін теориялық және тәжірибелік зерттеулерін іс жүзінде қалыптастыру.

Пәннің мазмұны

Kipicпe

Ақпарат түcінігі. Ақпарат айналуының кезеңдері ақпаратты қабылдау, дайындау, жiберу және сақтау, өңдеу және пайдалану.

Ақпараттық жүйелер және ақпаратты жіберу жүйелері. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Семантикалық, синтаксистік және прагматикалық ақпарат.

Ақпарат теориясы дамуының қысқаша тарихи очеркі.

1. Ақпараттық сандық бағасы

Ақпараттың құрылымдық өлшемі. Геометриялық өлшем. Комбинаторлық өлшем. Аддитивті өлшем (Хартли өлшемі).

Ақпараттың статистикалық өлшемдері. Ықтималдылық және ақпарат. Энтропия - ақпараттың анықталмағандық өлшемі. Энропия қасиеттері. Шартты энтропия және оның қасиеттері. Үздіксіз хабар көзінің энтропиясы (дифференциалды энтропия) және оның қасиеттері. Ақпарат мөлшері - алынған анықталмағандық өлшемі реінде. Кездейсоқ шаманың эпсилон-энтропиясы. Ақпарат мөлшерінің статистикалық бағасы.

Ақпараттың семантикалық өлшемі туралы түсінік: мазмұндылық, ақпараттың маңыздылығы және мақсатқа сәйкесті, тезаурус.

2.Сигналдардың математикалық моделі

сигнал түсінігі және оның модельдері. Детерминделген сигналдарды келтіру түрлері: уақыттық, жиіліктік және векторлық (геометриялық). Периодты және периодты емес сигналдың спектерлері. Сигнал спектрінде энергияның таралуы. Импульс ұзақтылығы. Мен сол импульстардың енінің арасындағы қатынастар. Детерминделген сигнал қуатының спектрлік тығыздығы. Детерминделген сигналдың автокорреляция функциясы. Кездейсоқ процесс - сигналдың моделі ретінде. Кездейсоқ процестің ықтималдылық сипаттары. Стационарлы және эргодикалық кездейсоқ процестер. Кездейсоқ процестердің спектрлік және жиіліктік түрде келтірілуі. Кездейсоқ процестердің спектрлері.