Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКА лекция.doc
Скачиваний:
3506
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.77 Mб
Скачать

1. Анық сана - науқас сұрақтарға жылдам және нақты жауап береді.

2. Сананың есеңгіреуі - науқас сұрақтарға дұрыс, бірақ кешігіп жауап береді.

3. Ступор – мелшиіп қатып қалу, науқас сұрақтарда кешігіп мағынасыз

жауап қайтарады.

4. Сопор - патологиялық терең ұйқы, науқас ес-түссіз, рефлекстері

жоғалады, науқас қатты ауыртқыштан басқа ешқандай тітіркендіргіштерге

жауап бермейді.

5. Кома - сана бұзылуының ең ауыр түрі. Сана жоғалады, бұлшық еттер

босаңсиды, сезімталдық және рефлекстер жоғалады.

Тыныс алу жиілігін анықтау. Тыныс алу ырғағының, жиілігінің және тереңдігінің бұзылуы

Тыныс алу мүшелерінін негізгі қызметі ағзаны оттегімен қамтамасыз ету, тіршілік барысында көмір қышқыл газын және суды шығару. Тыныс алу жиілігі, тереңдігі, ырғағы бас мида орналаскан тыныс алу орталығымен реттеледі. Қандағы көмір қышқыл газының жоғарылауы тыныс алу орталығының қозуын тудырады, ол өкпе вентиляциясының жоғарылауына (тыныс алу жиілігі, тереңдігі, ырғағы жоғарылайды) әкеледі. Қандағы көмірқышқыл газының төмендеуі тыныс алу орталығының қызметін баяулатады, өкпе тынысын төмендетеді (тыныс алу жиілігі, тереңдігі, ырғағы төмендейді).

Тыныс алуды бақылаған кезде тері жамылғыларының түсіне, тыныстың жиілігіне, ырғағына, тереңдігіне көңіл бөліп тыныс алу түрін бағалау қажет.

Тыныс алу әрекеттері тыныс алу және тыныс шығару әрекеттерінің кезектесуімен жүзеге асады. 1 минут ішіндегі тыныс алу саны тыныс алу жиілігі деп аталады.

Дені сау ересек адамда тыныс алу жиілігі минутына 16-20-ны құрайды, әйелдерде еркектерге қарағанда 2-4 тыныс алу көбірек. Тыныс алу жиілігі жынысына, дене қалпына, жүйке жүйесі жағдайына, жасына, дене температурасына т.б. байланысты болып келеді. Тынысты бақылауды науқасқа білдірмей жасау қажет, өйткені ол ерікті түрде тыныстың жиілігін, ырғағын, тереңдігін өзгертуі мүмкін. Тыныс алу мен жүректің жиырылу арақатынасы орташа 1:4 сәйкес келеді. Дене температурасының 1°С-қа көтерілуі орташа есеппен тыныстың 4 ретке дейін жиіленуіне алып келеді.

Тыныс алудың түрлері

Тыныс алу беткей және терең болып келеді. Беткей тыныс қашықтықта естілмеуі немесе әлсіз естілуі мүмкін. Тыныс алудың физиологиялық типтеріне кеуделік, құрсақтық және аралас типтер жатады. Әйелдерде кеуделік тип, еркектерде тыныс алудың құрсақтық түрі кездеседі.

Тыныс алу жиілігі мен тереңдігі өзгергенде ентігу пайда болады. Ентігудің бірнеше түрлері бар: инспираторлы ентігу - тыныс алу қиындайды; экспираторлы ентігу - тыныс шығару қиындайды; аралас ентігу - тыныс алу және тыныс шығару қиындайды. Жылдам дамитын ентігу - тұншығу деп аталады.

Тыныс алу мүшелерімен ауыратын науқастарды жиі ентігу мазалайды. Ентігу дегеніміз ауа жетіспеушілігімен сипатталатын тыныс алудың қиындауы.

Ентігуде тыныс алудың ырғағы, жиілігі, тереңдігі бұзылады. Тыныс алу жиілігі дегеніміз адамның 1 минуттағы тыныс алу саны. Ересек адам тыныштық жағдайда минутына 16-20 рет тыныс алады. Физикалық күш түскенде немесе көңіл-күй бұзылғанда, сонымен қатар кейбір ауруларда тыныс алу жиілігі өзгереді. Тыныс алудың жиіленуі тахипноэ деп аталады.

Тыныс алу жиілігінің сирек болуын брадипноэ деп атайды. Шыныққан адамдарда, спортшыларда брадипноэ қалыпты жағдай болып есептеледі, ал кейбір ауруларда патологиялық симптом ретінде кездеседі. Апноэ - тыныс алудың болмауы.7.Тыныс алу жиілігін анықтаудың алгоритмі: