Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКА лекция.doc
Скачиваний:
3506
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.77 Mб
Скачать

1-кезең

Емделушінің денсаулығы жайлы ақпарат жинау

Бағалау

Науқас туралы ақпарат көзі:

  1. Емделушіден сұрастыру

  2. Емделушінің мүшелерін және жүйелерін физикалық тұрғыдан тексеру

  3. Дәрігермен сұхбаттасу

  4. Емделушінің туысқандарымен сұхбаттасу

  5. Медициналық әдебиетті және күтім бойынша арнайы әдебиеттерді оқу.

  6. Емделушінің ауру тарихымен танысу

Медбикелік тексеру дәрігердің тексерумен алмаспайтын, тәуелсіз болып келеді, яғни дәрігер мен медбике өз жұмыстарында түрлі мақсаттарды көздейді.

Дәрігердің міндеті – дұрыс диагноз қойып, ем тағайындау.

Медбикенің міндеті – емделушіні толық ыңғайлы жағдайды қамтамасыз ету, өзінің медбикелік міндетімен шектелген көмегін беру. Мейірбикеге аурудың сыртқы көріністері маңызды. Мысалы: демікпе, жөтел, қорқыныш сезім.

2-кезең

Медбикелік диагноз (диагностика)

Медбикелік диагноз түсінігі алғаш рет ХХ ғасырдың 50-ші жылдары ортасында Америкада пайда болып, 1973 жылы ресми және заңды тұрғыда бекітілді. Медбикелік диагноз – емделушінің физиологиялық және психологиялық өмірлік маңызды қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған симптомдық немесе синдромдық диагнозы.

Дәрігерлік және медбикелік диагноздың айырмашылығын сипаттау

Дәрігерлік диагноз

Медбикелік диагноз

  • Ағзадағы нақты аурудың патологиялық процестің негізін айқындайды

  • Түрлі мүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылуы мен олардың себебін яғни пато-физиологиялық, патолого-анатомиялық өзгерістерін анықтау

  • өзгермейді

  • Ағзадағы терең патологиялық процеске емделушінің сыртқы жауапты реакциясын сурет-тейді

  • Адамның негізгі қажеттілік-тері қамтамасыз етудің бұзылуы қызмет көрсетудің бұзылуының нәтижесі ретінде, яғни ең бастысы емделушінің өз денсаулығы жайлы түсінік

  • бірнеше рет өзгереді

Медбикелік мәселелердің негізгі саласы

Медбике ауруды емес емделушінің ауруға және өз қалпына жауабын қарастырады. Бұл жауап:

  1. физиологиялық

  2. психологиялық және рухани

  3. әлеуметтік болуы мүмкін

Физиологиялық медбикелік мәселелер

  • созылмалы немесе жедел ауру;

  • жеткіліксіз немесе артық тамақтану;

  • ісіктер немесе сусыздану;

  • тұншығу;

  • әлсіреу;

  • гигиенаның сақталмауы т.б.

Психологиялық және рухани медбикелік мәселелер

  • қорқу, абыржу, тынышсыздану;

  • бос уақыт тапшылығы;

  • медқызметкерлерге сенбеу;

  • дәрілерді қабылдаудан бас тарту;

  • отбасындағы жанжал;

  • өлімнен қорқу.

Әлеуметтік медициналық мәселелер

  • әлеуметтік оңашалану;

  • мүгедектікке шыққанына байланысты қаржы жағын ойлап мазасыздану;

Мейірбике медбикелік ауру тарихына емделушінің жағдайын, ойландыратын мәселелерді жазады, артықшылықтарын айрықша белгілейді.

Артықшылық дегеніміз - емделушінің қазіргі кездегі басты, бірінші орынға қойған мәселелері. Мысалы, кеуде торының ауыруымен, бас ауруымен, ісікпен, демікпемен азап шегетін жүрек ауруымен ауыратын науқас өзінің ең басты азабы ретінде демікпені көрсетуі мүмкін. Бұл жағдайда «демікпе» артықшылықты медбикелік мәселе болып саналады.

Медбикелік диагнозды синдром ретінде қойса да болады. Синдром бір себеппен біріккен белгілердің жиынтығы. Мысалы, қан қысымы жоғары емделуші бас ауруына, айналуына, құлақ шуылдауына, жүрек айну т.б. белгілерге шағымданады. Медбикелік диагноз: қан қысымы көтерілу синдромы.