Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКА лекция.doc
Скачиваний:
3506
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.77 Mб
Скачать

II. Көк тамырға құюды жургізудің реті.

Жабдықталуы: шприцке арналған залалсыздандырылған шағын леген, инесінің ұзындығы 10 см бір реттік шприц, ішінде 70% спирті бар тығынмен жабылған ыдыс, залалсыздандырылған домалақ мақталар, ұсталынған материалдарды салуға арналған шағын леген, залалсыздандырылған қолғаптар, тонометр, фонендоскоп, шокқа қарсы заттар.

1. Қолды ағынды жылы сумен сабындап мұқият жуу.

2. Қолды 70% спиртпен өңдеу.

3.Флаконның металл дискасын спиртпен өңдеу, залалсыздандырылған пинцетпен металл қақпағын алу.

4. Резеңке тығынды спиртпен, йодпен, содан кейін тағы да спиртпен өңдеу.

5. Жүйенің қысқа инесімен тығынды тесу және де басқа - ұзын инені - кіргізу - «ауалық» («ауалық» иненің ұзындығы флаконның биіктігінен аз болмауы керек).

6. Флаконды төңкеру.

7. Көк тамырға тамшылатып құюға арналған штативке флаконды бекіту.

8. Қысқа ине аркылы сұйытық жүйеге барып жатқанына көз жеткізу.

9. Ұзын иненің ұшы флаконның түбіндегі сұйықтық деңгейінен жоғары тұруын және ол арқылы флаконға ауа барып жатуын қадағалау.

10.Жүйені түгелімен ерітіндіге толтыру, ол үшін жүйенің ұзын түтігінде орналасқан қысқышты ашып, сұйықтық түтіктің шетіндегі канюля мен науқастың көк тамырына енгізуге арналған инеге дейін жеткенше тосу, содан кейін қыскышты жабу.

11.Қалып қойған ауа көпіршіктерін жүйеден ығыстыру, ол үшін инеге арналған канюлясы бар түтіктің шетін ұстап түрып, оны төңкерілген флаконнан жоғары көтеру, көпіршіктер қабырғадан бөлініп, түтіктің сыртқы тесігінен шыққанша түтіктің қабырғасын аздап қағу.

12.Инені көк тамырға енгізу (ретін I бөлімнен көріңіз).

ІЗ.Қысқышты алу немесе ашу бірнеше минут бойы көк тамырдың айналасының ісінбеуін, ауырсынбауын кадағалау. Тамшылатып кұюдың жылдамдығын реттеу (дәрігердің тағайындауымен).

14. Инені теріге лейкопластырмен абайлап бекіту.

15.Инені залалсыз сүлгімен жабу.

Анализге көк тамырдан қанды алу әдісі. Қан ағызу іс-шаралары Аналиизге көк тамырдан қан лау әдісі

Іс-әрекетке дайындық:

1. науқасқа жасалатын іс-шараны хабарлаңыз;

2. науқасты отырғызып немесе арқасымен жатқызыңыз;

3.қолғапты киіңіз;

4. шынтақ астына жастықша койыңыз;

5. иықтың 3/2 орта бөлігіне резеңке бұрауды тартып байланыз;

Іс-әрекеттің орындалуы

1.шынтақ иінін спиртке батырылған 2 мақта шаригімен тазалау;

2. науқасқа колын ашып-жұмып жұмыс істеуін сұрау;

3. шынтақ иініндегі көк тамырды сол қолдың улкен саусағымен бекітіп ұстау;

4. иненің қиылысын жоғары қаратып, бұрыштап ұстап әуелі теріні, содан соң көк тамырды тесу.

5.иненің канюласынан қан көрінгеннен кейін, иненің канюласына пробирканы кигізу қажет мөлшердегі қанды алу;

6. резеңке бұрауды шешіп, науқас жұмған қолын ашады;

7. инъекция жасаған жерді спиртке батырылған мақта шаригімен басып инені шығарып алу;

8. науқасқа шынтақ иінін қысып ұстауын сұрау;

9.зертханаға жолдама жазу.

Қан ағызу

Қан ағызу бұл қан тамырлық жүйеден белгілі бір мөлшерде қанды алу. Қанды ағызғанда қанайналымдағы канның жалпы көлемі азайып, артериялық және венозды кысым төмендеп, қанның тұтқырлығы төмендейді. Қазіргі кезде әсері жоғары гипотензивті препараттардың болуына байланысты қан ағызу өте сирек жүргізіледі (гипотензивті заттарға сезімталдығы болғанда).

Керсеткіші: гипертониялық криз, өкпе шемені, жедел ми қанайналымының бұзылысының геморагиялық түрі.

Қарама-қарсы көрсеткіші: қан жоғалту, түрлі себепті шоктар, әр-түрлі себепті анемиялар.

Іс-әрекетке дайындық