Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКА лекция.doc
Скачиваний:
3506
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.77 Mб
Скачать

Жеке қауіпсіздік барьерлері

Медициналық резеңке қолғапты киіп, алды жабық халат, бетіне бетперде, басына орамал киеді. Медициналық қызметкерлер құралдармен жарақаттанғанда дәрігерге дейінгі көмек көрсете білуі қажет.

Медбикенің терісі мен киіміне науқастың қаны немесе басқа биологиялық сұйықтықтар түсуі

Ластанған арнайы киімдерді сыртқы жағынан ішкі жағына қарай шешу. 1% лизоформин ерітіндісіне бір сағатқа салып қойыңыз. Шешкен киімнің орнын қайнатылған суда жуу. 70 ' этил спиртіне малынған мақталы тампонды қолға алып терідегі биологиялық сұйықтық қалдықтарды тампонмен сүрту. Тампонды арнайы ыдысқа тастау керек. Теріні сабынмен жуу.

Медбикенің көзінің кілегей қабығына биологиялық сұйықтық тиіп кеткен кездегі іс әрекет

Көзді жууға арналған ундинка стаканы, залалсыздандырылған салфетка, астауша, әлсіз калий перманганаты керек. Ундинканың ішіне әлсіз 0,05 % калий перманганат ерітіндісін құйып, салфеткамен көздің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай көзді сүрту керек.

Медбикенің бетіне немесе ерінінің терісіне науқастың биологиялық сұйықтықтары түскен кездегі іс әрекет

Дайындау керек: 70 ' спирт, 0,05 % калий перманганаты, екі астауша, залалсыздандырылған салфетка. 0,05 % калий перманганатымен салфетканы малып алып науқастың бетін және ернінің терісіндегі сұйықтықтарды салфеткамен сүрту керек. Қолданылып болған салфеткаларды астаушаға тастау керек.

Медбикенің мұрнының кілегей қабығына биологиялық сұйықтық тиіп кеткен кездегі іс әрекет

Дайындау керек: залалсыздандырылған екі астауша, 1% протаргол ерітіндісі, залалсыздандырылған тамызғыш, залалсыздандырылған мақта шаригі.

Тамызғышты алып 1% протаргол ерітіндісін сорып алып мұрынның шырышты қабатына тамызамыз да астаушаға еңкейтеміз. Ерітінді астаушаға ағады. Процедураны бірнеше рет қайталаймыз. Болғаннан соң залалсыздандырылған мақта шариктерін мұрынға енгізу керек.

Медбике қолының саусақтары потенциалды инфекция жұқтырған құрал жабдықтармен жарақаттануы болған кездегі іс әрекет

Дайындау керек: залалсыздандырылған 2 астауша, 70% спирт, 5% йод, залалсыздандырылған мақта шариктері, бактероцидті лейкопластыр, бір саусаққа арналған резиналық биялай.

Қолғапты шешпей тұрып жарақаттағы қанды сығып алу керек. Қолғапты шешіп 1% лизоформин ерітіндісіне салып қою. Қобдишаның ішінен 70% спирт немесе 5% йод ерітіндісін алу. Жарақаттанған жерді 70% спирт ерітіндісіне алынған мақталы шарикпен сүрту. Қан ағуды тоқтатпай сабынмен жуу, залалсыздандырылған мақталы шарикпен жарақаттанған жерді құрғату керек. Жарақаттанған жерді 70% спирт, 5% йод ерітіндісімен қайталап сүрту, жарақаттанған жерді бактериоцидті лейкопластырді жабыстыру. Саусаққа киюге арналған қапша, резиналық қолғапты кию. Күн сайын қолданылған құралдарды және таңу материалдарды санитарлық ережелер бойынша зарарсыздандыру керек. Қолданылған резиналық қолғаптарды 1% лизоформин ерітіндісіне 60 минутқа салып қою керек.

Есте сақтау керек!

Медициналық қолғап, шприцтің, системаның крафт пакеттерін (қауіпсіз қалдықтарды) «А» классын жинауға арналған ақ түсті контейнерге немесе қорапшаға тастайды.

Таңу материалдарды, инъекцияға қолданған шприц инесімен, медициналық қолғап медицина қалдықтарын «Б» классын жинауға арналған сары түсті контейнерге немесе қорапшаға тастайды.