Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКА лекция.doc
Скачиваний:
3506
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.77 Mб
Скачать

Асептика және антисептика

Асептика дегеніміз пациенттің ағзасына микроорганизмдерді түсірмеудің алдын алуға бағытталған іс шаралар жиынтығы. Ол зарарсыздандыру және залалсыздандыру жолымен микробтар мен оның спораларын жою арқылы жүзеге асады.

Антисептика дегеніміз жараға түскен микробтарды жоюға арналған іс шаралар жиынтығы. Антисептиканың екі түрі бар: алдын алу және емдік антисептика.

Алдын алу антисептикасы микроорганизмдерді жараға немесе ағзаға түсірмеу мақсатында жүргізіледі (медициналық қызметкерлердің емдік шара алдында қолын антисептикалық ерітіндімен тазалауы, ине егетін орынды антисептикалық ерітіндімен сүртуі т.б.).

Емдік антисептиканың мынандай тәсілдері бар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және аралас.

Механикалық антисептика: жарадағы өлі және езілген ұлпаларды, ұйыған қанды, бөгде затты тазалау, жараны көп мөлшердегі сұйықтықпен жуу және тазалау жатады.

Физикалық антисептика: жарада микробтардың өмір сүруі үшін жағымсыз жағдай туғызу, яғни жараны кварцтау, ультркүлгін сәулелермен емдеу, жараға түтік кою, турундаларды гипертониялық ерітіндіге малып қолдана отырып жарадағы іріңді, басқа да сұйықтықты сыртқа шығару.

Химиялық антисептика: микробқа қарсы әсері бар түрлі дәрілік заттарды қолдануға негізделген. Бұл дәрілік заттарды антисептиктер (этил спирті, хлоргексидин биглюконат, сутегінің асқын тотығы, йод, бриллиант жасылы, фурациллин ерітіндісі, лизоформин, эросан т.б.) деп атайды.

Биологиялық антисептика: антибиотиктерді, сарысуларды, вакциналарды қолдану.

Аралас антисептика дегеніміз антисептиканың бірнеше түрін бір мезетте қолдану.

Қан арқылы берілетін инфекциялардың жұқтыру қауіпі:

ЕПҰ-да 20-дан астам патогендерді микробтарды жұқтыру мүмкін.

  • Зарарланған инемен жарақаттардың жұғу мүмкіндігі:

-Гепатит В : 5-30%

-гепатит С : 3-10%

-ЖҚТБ : 0,2-0,3%

Нұсқалары

  • пациент → пациент

  • медицина қызметкері → пациент

  • пациент→ медицина қызметкері

Кейбір медициналық апатты жағдайларда ЖҚТБ-ны жұқтыру қауіпі:

  • қанмен ластанған құрал-саймандармен жарақаттану;

  • қанның шырышты қабықтарға түсуі;

  • қанның теріге түсуі;

Дүниежүзі бойынша ЖҚТБ-ны кәсіби жұқтыру 350-ге жақын медициналық қызметкерлерде анықталған. Олардың ішінде 106-ы дәлелденген, 238 жағдайда ЖҚТБ жұқтыру себебі болып кәсіби қатынас деп болжанып отыр.

Вирусты гепатит В, С жөнінде бірнеше он мыңдаған жағдайлар анықталған. Медицина қызметкерлерде В және С вирусты гепатиттерінің серологиялық маркерлерінің таралуы жалпы халық арасында таралудан 3 есе жиі байқалады.

Емделушілердің шалдығуы

    • Инфекция жұққан құралдарды (шприцтер, инелер, скальпельдер және т.б) залалсыздандырылмай және зарарсыздамай қолдану арқылы.

  • АИТВ инфекциясы бар қанды құйған кезде;

Кәсіби жұқтыру қауіпі жиі байқалады:

  • Науқас төсегінің қасында инвазивты манипуляциялар орындайтын мейірбикелер, операциялық мейірбикелер, егу бөлмесінің мейірбикелері;

  • дәрігерлер (лаборанттар, жедел жәрдем дәрігерлері), хирургтар, акушер-гинекологтар, патологоанатомдар.

  • көк тамырдан қан алғанда;

  • көк тамырға инъекция жасағанда, тамшылатып жібергенде;

  • ЖҚТБ вирусымен контаминацияланған сұйықтықтарды шприцтен пробиркаға жібергенде;

  • жұмыс орнын жинағанда.

Алдын алудың стандартты шаралары:

  1. Барлық науқастардың қаны мен биологиялық сұйықтықтары потенциалды қауіпті болып есептеледі.

  2. Биологиялық сұйықтықтармен қатынас кезінде жеке қорғаныс заттарын қолдану қажет.

  3. Кез-келген биологиялық сұйықтықпен байланыстан соң қолды жуу қажет.

  4. Үшкір құрал-саймандармен жарақаттануды болдырмаудың шараларын сақтау.

ЖҚТБ-ны жұқтыру қауіпіне байланысты факторлар:

  • пациенттің ВИЧ-статусы, аурудың кезеңі, пациенттің ретровирустарға қарсы ем алуы;

  • құрал-саймандардың зарарлы материалмен контаминация деңгейі;

  • жарақаттануға алып келген құрал-сайман түрі;

  • медицина қызметкерлерінің жарақаттануында тері жамылғылары мен кілегей қабықтар бүтіндігінің бұзылу деңгейі;

  • жарақатты өңдеу;

  • жарақаттан соң антиретровирусты препараттармен химиопро-филактиканы жүргізу уақыты.

Жеке қорғаныс заттары:

  • резеңке және латекс қолғаптары;

  • бетперде, көзәйнек;

  • халат, алжапқыш;

- жабық аяқ-киім.

ЕПҰ-дағы АИТВ инфекциясының алдын алудағы жан-жақты шаралар

І. Иненің енген жерін және кескен жерін ағынды сумен жуу, содан кейін

70% спиртпен сүрту.

ІІ. Егер қан, басқа да сұйықтықтар пациенттен кілегей қабыққа түсетін болса, онда жуу керек:

  • көзді 1% -бор қышқылы ерітіндісімен;

  • мұрынды 2% проторгол ерітіндісімен;

  • ауыз қуысын калий перманганаты ерітіндісімен 1:1000

Жарақат алған кезде 12 сағат ішінде ЕПҰ-жеткізу керек. Жарақат алған науқас 6-12 айға дейін дәрігер бақылауында болады және дәрігерлік алдын алу емін міндетті түрде қабылдауы қажет.