Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Жмыс бадарламасы

.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
58.37 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Бағдарлама

ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ СЫРТҚЫ БАҒАСЫ

«Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі"пәні бойынша

5B110100 «Мейірбике ісі» мамандығына арналған

Құрастырған:

м.ғ.к., доцент Абдахина Б.Б.

асс. Григоревская Н.В.

Астана, 2014

Пәндер мазмұнының қысқаша мінездемесі

Мазмұны

Ішкі аурулар пропедевтикасы клиникасының мәселелері. Ауру тарихының схемасы. Науқасты сұрастыру. Науқасты жалпы қарау.

Тыныс мүшелері аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдері (сұрастыру, кеуде қуысын қарау,пальпация,перкуссия, аускультация).

Тыныс алу мүшелері ауруларындағы синдромдар: өкпе тінінің тығыздалуы, бронх өткізгіштігінің бұзылуы, плевра қуысында ауа және сұйықтық жиналуы, созылмалы тыныс жетіспеушілігі. Себептері. Симптомдары, олардың механизмі. Диагностика тәсілдері.

Тыныс алу мүшелері аурулары кезіндегі күтім көрсету процедураларының техникасы және науқастарды дайындау: оксигенотерапия (мұрын катетері арқылы ылғалды оттегіні беру), небулайзерлік терапия, пикфлоуметрия.

Жүрек-тамыр аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдері( сұрастыру, жүрек аймағын және ірі тамырларды қарау, пальпация, перкуссия, аускультация).

Қанайналым мүшелері ауруларындағы синдромдар: коронарлық жетіспеушілік, артериалдық гипертензия, жүрек жетіспеушілігі. Себептері, Симптомдары, олардың механизмі. Диагностика тәсілдері.

Қанайналым мүшелерінің аурулары кезіндегі мейірбикелік іс-әрекеттерді жоспарлау (стенокардия ұстамасы , жүрек астмасы, гипертониялық криз кездерінде көрсетілетін көмек).

ЭКГ- ні тіркеу техникасы және науқастарды ЭКГ тіркеуге дайындау. Қалыпты жағдайдағы ЭКГ тісшелері және комплекстері.

Асқорыту мүшелері кезіндегі зерттеу тәсілдері (сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация).

Асқорыту мүшелері ауруларындағы синдромдар: асқазан және ішек диспепсиясы, асқазан-ішектен қан кетулер, сарғаюлар,бауыр-клеткалық жетіспеушілік. Себептері. Симптомдары, олардың механизмі. Диагностика тәсілдері.

Асқорыту мүшелерінің аурулары кезіндегі мейірбикелік іс-әрекеттерді жоспарлау(іш өту, іш қату, асқазан-ішектен қан кету, құсу кездеріндегі көмек).

Асқорыту мүшелері аурулары кезіндегі күтім көрсету процедураларының техникасы және науқастарды дайындау (клизмалар, дуоденальды зондтау, асқазанішілік РН – метрия, асқазанды жуып- шаю).

Бүйрек және зәр шығару жүйелері аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдері (сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия).

Бүйрек және зәр шығару жүйелері аурулары кезіндегі синдромдар: зәр тұнбасы бұзылу, нефротикалық. Бүйрек жетіспеушілігі туралы ұғым. Себептері. Симптомдары, олардың механизмі. Диагностика тәсілдері.

Бүйрек және зәр шығару мүшелері аурулары кезіндегі күтім көрсету процедураларының техникасы және науқастарды дайындау(қуықты катетерлеу).

Зәр шығару жүйесі және бүйрек аурулары кезінде мейірбикенің іс-әрекеттерін жоспарлау (жедел зәрдің тежелуі кезіндегі көмек, бүйрек ұстамасы және ісінулер кезіндегі көмек).

Эндокринді жүйе аурулары кезщіндегі зерттеу тәсілдері. Синдромдары: гипергликемия,гипогликемия, қалқанша бездің қызметінің жоғарлауы және төмендеуі. Себептері. Симптомдары, олардың механимдері. Диагностика тәсілдері.

Эндокринді жүйе аурулары кезінде мейірбикенің іс-әрекеттерін жоспарлау (диабеттік табанға күтім жасау, гипо және гипергликемиялық комалар кезіндегі көмек).

Эндокрин жүйесі аурулары кезінде науқастарды дайындау және күтім процедураларын орындау техникасы (инсулинді енгізу, глюкозаға сезімталдық сынамасын жүргізу).

Қан түзуші мүшелер ауруларымен науастарды зерттеу тәсілдері. Анемиялар, лейкоздар. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Тірек-қимыл жүйесі ауруларымен науқастарды зерттеу тәсілдері. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Буын аурулары кезінде науқастарды дайындау және күтім процедураларын орындау техникасы (жылытқыш компрестерді қою).

Ішкі аурулар пропедевтикасы клиникасындағы жедел жағдайлар: гипертониялық криз, жедел сол қарыншалық жетіспеушілік, ангинозды статус, бронхиалды астма ұстамасы, анафилактикалық шок.