Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКА лекция.doc
Скачиваний:
3506
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.77 Mб
Скачать

1) Тұрақты (febris continua) - қызудың ұзақ уақыт көтерілуі гс-тан аспайтын тәуліктік тербелумен;

2) ремиттеуші (босаңсытатын) (febris remittens) - ұзақ қызба, қызудың тәуліктік тербелуі 1-ден 1,5°С-қа дейін қалыпты деңгейге дейін төмендеусіз;

3) ұстамалы безгек (febris intermittens) қызудың 1°С-тан жоғары тәуліктік тербелуімен сипатталады, бірақ танертеңгілік уақытта оның қалыпты деңгейге дейін төмендеуі байқалады;

4) гектикалық (febris hectica) (титықтататын) – тәулігіне бірнеше рет қайталанатын дене қызуының көп (3-5°С-қа) көтерілуімен және тез түсуімен сипаталатын қызба. Дене қызуы қалыпты немесе қалыптыдан төмен - 36°С-тан төмен түседі;

5) бұрмаланған қызба (febris inversia) - әдеттегі тәуліктік ырғақтың ауысуымен сипатталады, бұл кезде таңертеңгілік қызу кешкідегіден жоғары;

6) толқын тәрізді қызба (febris indulans), тұрақты көтеріңкі кезеңдер қалыпты қызу кезеңдерімен бірнеше күн бойы алмасып отырады;

7) бұрыс қызба (febris atypica), тәулік бойғы тербелуде заңдылықтың болмауымен сипатталады.

Бір ғасырдан аса уақыт бұрын ұсынылған температура қисықтарының бұл түрлері осы күні де диагностикалық маңызын сақтаған, бірақ казіргі антибактериялық және ыстық түсіретін дәрілерді алғашқы күндерден бастап кеңінен қолдану салдарынан температуралық кисық аурудың табиғи дамуы кезінде болатын пішінін жоғалтады.

Қызудың көтерілуін әр науқас әртүрлі өткізеді: кейбіреуі субфебрильді қызудың өзінде ауыр қиналады.

Қызбасы бар сырқаттың күтімі оның кезеңіне көп байланысты.

Бірінші кезең - қызудың өршуі. Жылу бөлудің жылу беруден неғұрлым басымдылығы байқалады. Клиникада бұл қалтыраумен, бұлшық еттердің тартып ауыруымен, бас ауруымен, аяқ-қолдардың бозаруымен және көтеруімен (цианозымен) сипатталады. Мұндай кезде науқасты жылыту (төсеккке жатқызу, қымтап жабу, жылытқыштар қою, ыстық шай беру), дәрілік емнің қажеттігі туралы сұрақты шешу, ағзаның әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің жағдайын мұқият бақылау қажет.

Екінші кезең - қызудың жоғары деңгейде сақталуының салыстырмалы тұрақты кезеңі. Жылу бөлу және жылу беру үрдістерінің теңесуімен сипатталады. Қалтырау азаяды, тері тамырларының жиырылуы төмендейді және бозаңдық гиперемиямен (кызарумен) алмасады. Сырқаттар бүл кезде эдетте жалпы әлсіздікке, бас ауруына, ыстықтауға, ауыз кебуіне шағымданады. Жүрек-кан тамыр және тыныс алу жүйелері қызметінің қатерлі бұзылулары болуы мүмкін: тамыр соғуының жиілеуі (тахикардия), тыныс жиілеуі (тахипноэ), кейде қан кысымының төмендеуі байқалады, сондықтан әрдайым сәйкес емдік дәрілерді тағайындау сұрақтарын шешу қажет. Бұл кезеңде орталық жүйке жүйесі жағынан айқын бұзылулар болуы мүмкін - бас ауруы, ұңқысыздық, галлюцинациялар, сандырақтау, ал кішкентай балаларда құрысып-тырысулар. Қызбасы бар сырқаттың ауыз қуысы күтімі мү_қият жүргізілуі қажет, еріндері мен езулерінде пайда болған жарылуларды вазелин майымен немесе глицеринмен майлау. Қарсы көрсеткіш болмаса жиі, бөліп-бөліп, көп сұйықтық ішкізу (сусындар, морстар, компоттар, мииерал сулар) ұсынылады. Қатаң төсектік тәртіптегі науқастарға дәрет ыдысы мен зәр қабылдағышты береді, ойылулардың алдын алуды жүргізеді.

Үшінші кезең - қызудың төмендеу кезеңі, шеткі қан тамырлардың кеңеюі, тер бөлінудің көп артуы салдарынан жылу берудің жылу бөлуден неғұрлым басымдылығымен сипатталады. Ол әртүрлі өтеді. Дене қызуынын біртіндеп. бірнеше күн ішінде түсуі литикалық немесе лизис деп аталады. Тез, көбінесе 5 - 8 сағатгың ішінде, жоғары мөлшерден (39 - 40°С) қалыпты немесе сәл қалыпты деңгейге түсуі кризис деп аталады. Дене қызуының критикалық түсуі медицина қызметкерлерінен батыл шараларды қолдануды қажет етеді: жүрек жиырылуының күшеюіне және қан қысымының көтерілуіне мүмкіндік туғызатын, тыныс және тамыр қозғалысы орталықтарын қоздыратын дәрілік заттарды енгізу. Сырқатты айналдыра жылытқыш салады, ыстық қою шай береді, төсек орын жапқыштары мен іш киімді уакытымен ауыстырады.

Науқастың жағдайын бақылау

Медбике науқас жағдайын бақылап, өзгерістерді уақытылы анықтап, дәрігерге хабарлауы тиіс.

Науқасты бақылау кезінде медбике назар аударуы қажет:

-сана жағдайына;

-науқастың төсектегі қалпына;

-бет-әлпетіне;

-тері жамылғылары мен кілегей қабықтардың түсіне;

-қан айналым және тыныс алу мүшелерінің жағдайына;

-зәр шығару мүшелерінің қызметіне т.б.

Дене қызуы және оны өлшеу