Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКА лекция.doc
Скачиваний:
3506
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.77 Mб
Скачать

1. Анық сана - науқас сұрақтарға жылдам және нақты жауап береді.

2. Сананың есеңгіреуі - науқас сұрақтарға дұрыс, бірақ кешігіп жауап береді.

3. Ступор – мелшиіп қатып қалу, науқас сұрақтарда кешігіп мағынасыз

жауап қайтарады.

4. Сопор - патологиялық терең ұйқы, науқас ес-түссіз, рефлекстері

жоғалады, науқас қатты ауыртқыштан басқа ешқандай тітіркендіргіштерге

жауап бермейді.

5. Кома - сана бұзылуының ең ауыр түрі. Сана жоғалады, бұлшық еттер

босаңсиды, сезімталдық және рефлекстер жоғалады.

  • Науқастың жалпы жағдайы оның санасына, төсектегі қалпына, бет әлпетіне ,ауру симптомдарына қарап бағаланады.

  • Науқастың жалпы жағдайы канағаттанарлық, орташа ауырлықта және ауыр болуы мүмкін.

  • Қанағаттанарлық жағдайда науқастың төсектегі қалпы белсенді ,бет әлпеті өзгеріссіз , санасы айқын болады .Науқас өз- өзін күте алады .

  • Орташа ауырлықта науқастың есі анық , түрі абыржулы болады .Коп уақытын төсекте откізеді. Белсенді қимылдау жалпы әлсіздікке алып келеді. Негізгі ауырудың симптомдарымен ішкі жүйелердің патологиялық өзгерістері айқындала бастайды .

  • Ауыр жағдайда науқастың төсектегі қалпы пассивті ,сананың айқындығы төмен .негізгі ауырудың симптомдары айқын болады .

.Анафилактикалық шок

Өте тез дамуы мүмкін, сондықтан уақытты жоғалтуға болмайды, жедел көмек көрсетіп, емделушіге аллергиялық реакциясының пайда болғандығы жөнінде дәрігерге жеткізу керек.

Анафилактикалық шоктың белгілері:

  • Терінің жалпы қызаруы

  • Бөртпелер

  • Жөтел ұстамасы

  • Мазасыздық

  • Ентігу

  • Құсу

  • Артериялық қысымның төмендеуі

  • Жүрек соғуы

Анафилактикалық шок - дәрілік затты енгізгеннен кейін бірнеше секунд немесе минуттан соң дамиды. Жиі жедел тыныс жетіспеушілігі, жедел жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі өлімге алып келеді.

Есте сақтаңыз!

Іс- әрекеттер: Шоктың белгілері көрінген жағдайда:

  • Емделушіні жатқызу, дәрігерге айту.

  • Егу жасаған жерінен жоғары резеңке бұрауды байлау және мұзды қою.

  • Тері астына 0,5 мл 0,1% адреналин ерітіндісін енгізу және сол мөлшерде егу жасаған жеріне енгізу.

  • Емделушіге маска арқылы ылғалданған оттегіні беру

  • Дәрігердің нұсқауымен жүрек-тамыр және тыныс алу дәрілерді енгізуге дайындау: кордиамин, кофеин, мезатон, эуфиллин.

  • Полиглюкинді тамшылап енгізу үшін тамшылау жүйесін құрастыру.

Анафилактикалық шок кезіндегі көмек

Көрсетпелері: аллергеннің ағзаға енуін тоқтату, өмірлік маңызды мүшелердің қызметін қалпына келтіру.

Міндетті шарттар: тәулік бойы пациентті бақылау (рецидив қаупі);

Мейірбикелік көмек жоспары:

1. Пациент жағдайының ауырлығын бағалау және дәрігерді шақыруды қамтамасыз ету.

2. Аллергеннің енуін тоқтату (инені күре тамырда қалдыру, егер аллерген күре тамырға егілген болса).

3. Науқасты жатқызу және тілді фиксациялау: басын бір шетке бұру, төменгі жақты алдына тартып, тіс протездерін алып тастау, төсектің аяқ жағын көтеру.

4. Дәрігердің тағайындауы бойынша: 0,5мл 1% адреналин ерітіндісін 5 мл физ.ерітіндісімен күре тамырға жіберу.

5. Иньекция орнына мұзды қою

6. Таза ауамен қамтамасыз ету. Ылғалды оттегі беру

7. Қажет заттарды құрал-саймандарды дайындау:

- күре тамырға егу үшін жүйені, шприцтерді;

- өкпенің жасанды вентиляциясы аппаратын, кеңірдек интубациясына қажет заттарды;

-дәрілік препараттарды.

8. Дәрігердің тағайындауы бойынша:

- тері астына 0,5-1мл 0,1% адреналин ерітіндісін аллерген енгізген жерге егу және тамшылап жіберу.

9. Кортикостероидтарды парентеральды жіберу:

30-60 мг (150 мл-ге дейін) преднизалон немесе 150-300мг гидрокортизон 10-15 мл 5% глюкоза ерітіндісімен қоса.

10. Антигистаминдер (десенсибилизациялаушы) заттарды егу;

1% супрастин 2,0-4,0 мл;

0,25 % пипольфен 2,0-4,0 мл;

1% димедрол 2,0-5мл парентеральды

11. Көрсетпелеріне қарай тағайындалады:

жүрек гликозидтері: строфантин 0,05%-0,5 мл 10 мл физиологиялық ерітіндімен қоса күре тамырға; 0,06 %-1мл коргликон 10мл физиологиялық ерітіндімен күре тамырға өте жай;

зәр айдайтын дәрілер: лазикс (фуросемид) 40-60 мл күре тамырға

12. 2,4% эуфиллин 10,0 күре тамырға 10 мл физиологиялық ерітіндімен қоса

13. Кордиамин 2,0; кофеин 2,0

14. Реанимациялық шараларды жүргізу (жүректің жабық массажы, жасанды дем алдыру)

15. Жандандыру бөлімшесіне жатқызылады.

Липодистрофия - жиі инсулин енгізгенде пайда болады. Инъекция орнында тері асты май қабатының атрофиясы немесе гипертрофиясы байқалады.

Иненің сынуы - ескі инелерді қолданғанда, бұлшық етке инъекция жасау кезінде жамбас бұлшық еттерінің бірден жиырылуында егу жасағанда инені канюлясына дейін енгізгенде болуы мүмкін.

Майлы эмболия – майлы ерітінділерді тері астына, бұлшық етке енгізгенде қан тамырына ине тиген кезде болуы мүмкін, немесе дәріні қателесіп күре тамырға енгізгенде байқалады. Артериядағы майлы эмболия тамырдың бітелуіне, айналадағы ұлпалар қоректенуі бұзылуына, олардың некрозына әкеледі. Некроздың белгілері – инъекция орнында күшейетін ауырсыну, ісіну, қызару немесе терінің көгеруі, жергілікті және жалпы қызба. Егер майлы эмбол венада болса, қанмен өкпе тамырларына барады. Өкпе тамырлары эмболиясының белгілері: бірден байқалатын тұншығу, жөтел, дененің жоғарғы бөлігінің көгеруі (цианоз), кеудесінде қысылу сезімі.

Ауа эмболиясы - майлы эмболия сияқты өмірге қауіпті асқынуларға жатады, күре тамырға дәріні енгізгенде немесе тамшылап жібергенде шприцте немесе жүйеде ауаның қалып кетуінен болады. Ауа эмболиясының белгілері майлы эмболияға ұқсас, бірақ олар жылдам дамиды (1 минут ішінде), өйткені шынтақ венасы ірі болып өкпе тамырларына анатомиялық жақын орналасқан.

Дәрілерді қателесіп жіберуді де инъекциялардың асқынуы деп қарастыру қажет. Бұндай жағдайларда инъекция орнына 0,9 % натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін (50-80 мл) жіберу керек. Бұл қателесіп жіберілген дәрінің концентрациясы төмендететіп, ұлпаларды тітіркендіруді төмендетеді. Осы мақсатпен инъекция орнына мұзды мұйық қоюға болады. Қателесіп жіберілген дәрінің антогонистін егуді тек дәрігер тағайындайды. Егер дәрі қателесіп тері астына жіберілсе, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін жіберуден алдын инъекция орнына жоғарыға бұрау салу қажет (дәрілік заттың қанға сорылуы баяулайды).

Жүйке бағанасының зақымдалуы - күре тамырға және бұлшық етке инъекция жасағанда механикалық (инъекция орнын дұрыс таңдамағанда) немесе химиялық дәрілік зат депосі жүйкеге жақын болса ( тамыр ішіне инъекция жасағанда дәрінің бір бөлігі тері астына кетуі мүмкін), және жүйкені қоректендіретін қан тамыр бітелгенде байқалады. Асқыну ауырлығы әртүрлі болып – невриттен (жүйкенің қабынуы) параличке (қызметтің жоғалуы) дейін болуы мүмкін.

Тромбофлебит күре тамырдың тромб түзілуімен байқалатын қабынуы. Жиі өткір болмаған инелерді қолданғанда немесе бір тамырға жиі венепункция жасағаннан байқалады. Оның белгілері: күре тамыр бойымен ауырсыну, тері гиперемиясы және инфильтраттардың пайда болуы. Дене қызуы субфебрилді болуы мүмкін.

Некроз (тіндердің өлі еттенуі) - венепункцияны дұрыс жасамағанда немесе қатты тітіркендіргіш заттарды көп мөлшерде тері астына енгізгенде дамиды. Жиі кальций хлоридінің 10 % ерітіндісін дұрыс енгізбегенде байқалады. Егер ерітінді тері астына енгізілсе, дәрілерді қателесіп жібергендегі іс-шараларды жүргізуге болады, тек мұзды мұйықты қоюға болмайды (10% кальций хлорид ерітіндісі жергілікті тітіркендіргіштік әсерімен қауіпті).

Гематома (тері астына қан кету) – венепункцияны дұрыс жасамағанда байқалады: тері астында қызыл дақ пайда болады, өйткені ине күре тамырдың екі қабырғасында тесіп, қан тері астына жиналады. Бұл жағдайда венепункцияны тоқтатып, инъекция орнын спиртке малынған мақтамен бір неше минут басып тұру қажет. Тағайындалған инъекцияны пациенттің басқа тамырына жүргізеді, гематома орнына жергілікті жартылай спиртті компресс қойылады.

Сепсис (жалпы инфекциялық ауру) тамыр ішілік инъекция кезінде асептика ережелерін бұзғанда, және стерильді болмаған ерітінділерді қолданғанда дамиды. Инъекциядан кейінгі асқынуларға вирусты гепатит В,С және ЖИТС жатады. Вирусты гепатитте инкубациялық кезең 2-6 айға созылады, ЖИТС-да 6-12 аптадан бірнеше айларға созылады.

Аллергиялық реакцияларесекжем, жедел конъюктивит, Квинке ісігі түрінде байқалады. Аллергиялық реакциялардың ең ауыр түрі- анафилактикалық шок