Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКА лекция.doc
Скачиваний:
3506
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.77 Mб
Скачать

1. Емделушіні жылыту;

2. жылы көрпемен жабу;

3. аяғына жылытқыш қою;

4. ыстық, тәтті шай беру.

II кезең: дене қызуының тұрақты болуы.

Науқастың шағымдары: бас ауруы, сүйек сырқырауы, сусау, ауыз құрғауы.

Тері жамылғылары: беті қызарады, тері ыстық, ауыз қуысының кілегей қабаты құрғайды, еріні қызарады.

Ес жағдайы: елес, сандырақ пайда болу мүмкін.

Жылу өндіру және жылу бөлу қатынасы: тепе-теңдік қалыпты болады.

Науқасты күту алгоритмі:

1. жеке пост ұйымдастыру;

2. науқасты салқындату:

а) маңдайына компресс немесе мұзды мұйық қою;

ә) теріні сірке қосылған суық сумен сүрту;

б) суық сумен ылғалдалған жамылғышпен орау;

3. дәрумендірілген салқын сусынды ішкізу;

4. ауыз қуысының кілегей қабатын жуу;

5. ерінді вазелинмен майлау;

6. физиологиялық бөлінулер кезінде күтім жасау;

7. науқасты тамақтандыру;

ІІІ кезең: дене қызуының төмендеуі - кризис.

Науқастың шағымы: әлсіздік, бас айналу.

Тері жамылғылары: терісі бозғылт, суық, жабысқақ термен қапталған.

Естің жағдайы: санасы бұзылады, кейде есін жоғалтады.

Жылу өндіру және жылу бөлу қатынасы: жылу өндіру жылу беруге қарағанда азаяды.

Науқасты күту алгоритмі:

1. төсектің аяқ жағын жоғарылатып, жастықты алып тастау;

2. дереу дәрігерді шақырту;

3. кофе немесе ыстық шай беру;

4. науқасты қымтап жабу;

5. 10% сульфокафокаин және 10% кофеин бензоат-натрий ерітіндісін тері астына 1 мл егуге даярлау;

6. науқастың киімін ауыстыру;

ІІІ кезең: температураның төмендеуі - лизис.

Науқастың шағымы: әлсіздік, бас айналу.

Тері жамылғылары: дымқыл.

Естің жағдайы: есі сақталған.

Жылу өндіру және жылу бөлу қатынасы: жылу өндіру жылу беруге қарағанда азаяды.

Науқасты күту алгоритмі:

1. тыныштық;

2. төсекті және іш киімін ауыстыру;

3. дәрумендірілген сусын;

Дене қызуының шектен тыс көтерілуі (гипертермия) әсіресе жас нәрестелерде жиі ұшырасады. Қызуы 39-40-41ӘС - ға дейін көтерілсе шектен тыс көтерілуі дейміз. Бұл сәбилердің миындағы дене қызуын реттеу орталығының әлі жөнді пісіп жетілмеуіне байланысты. Шұғыл ем қолданбаса ауыр асқынуларға апарып соғуы ықтимал. Қызуы шектен тыс көтерілген сәбидің сіркесі су көтермейді, қатты мазасызданып, тамақ іщуден бас тартады, шөлдеп, еріндері көберсіп, бет-әлпеті жиі өзгеріп, жүрегі қатты соғады. Бірте – бірте тынысы жиілеп, тілі күрмеліп, буын-буыны былқ-сылқ етіп босап, есі кіресілі-шығасылы боп шоши береді, сандырықтап, қол-аяғын ербеңдетіп дөңбекши береді.

Қызуы шектен тыс көтерілгенде мынандай көмектер көрсетеді:

1) Баланы шешіндіріп тек іш киімімен қалдырады;

2) Еңбегіне төбесіне және мойын, қолтық, шаптағы, артериясына мұз қояды;

3) Бүкіл денесін камфорлы спиртпен немесе қарапайым спиртке жартылай су қосып сүртіп шағады;

4) Желдеткіш арқылы денесіне салқын жел үрлейді;

5) Салқын физиологиялық ертіндімен асқазанын жуады немесе клизма жасайды;

6) Венасына салқын физиологиялық ерітінді тамызады.

Сонымен қатар дене қызуын реттейтін дәрілер (аналгин, аминазин, аспизол, аспирин) беріледі, оны дәрігер рұқсатымен береді.

Құсу. Науқас балалардың құсу себебі әртүрлі. Жаңа туған нәрестелердің асқазан ішек жолдарында іштен туған кемістік кеселдері ішегі түйіліп, соқыр ішегі қабынып, құрсақ ағзалары ми қабығы жарақаттанып немесе іріңдесе құсады. Кей кездерде операциялардан кейін де құсады. Құсықтың қауіпті жағы бар. Егер құсықпен тыныс жолы бітеліп қалса бала табан астында өліп кетеді. Лоқсыған кезде баланың шыңғырып жалауының пайдасы бар, себебі құсық тыныс жолына түспейді. Бала лоқсыған кезде дереу қырына жатқызып, басын сәл төмен түсіріп, астына шара қою қажет. Құсып болған соң естияр балаларға ауыздарын суық сумен шайдырады, ал сәбилердегі құсықтар қалдығын электр сорғышпен сорғызып, дәкемен ептеп сүртеді.

Мейіркеш баланың қай мезгілде, неліктен құсқанының, оның құрамында не бар екенін (запыран, тамақ, жалқық, қан, нәжіс) жазып алып, емдеуші дәрігеріне көрсеткені абзал.

Қан кету әртүрлі жағдайларда болады. Ағып жатқан қанды дер кезінде тоқтатпаса қансырауға әкеп соғады. Яғни бала қансырау талмасына түсуі мүмкін. Егер өткір қан кетудің салдарынан жалпы қанның 30%-ін жоғалтатын болса, онда баланың қаны азайып, ауруға (анемия) ұшырайды. Соның салдарынан миына оттегі жетіспей тіпті өліп кетуі мүмкін.

Қан кету үдей түскен жағдайда қанның құрамы сілтіленеді (ацидозға ұшырайды), ұзақ қан тамырларындағы қан айналысы (микроциркуляциясы) бұзылады, қызыл қан түйіршіктері (эритроциттер) капиллярлардың қуысында түйдектеліп (агрегацияланнып) қалады. Несеп бөлінуі басында рефлекторлы түрде азайып кетеді (олигурияға ұшырайды), ал декомпенсация сатысында, бүйректің қан айналысының бұзылуына байланысты несеп мүлдем бөлінбей қалады (анурияға ұшырайды).

Кеселдің клиникалық нышандары. Көзге бірден түсетін объективті нышандары: терісі суланып, өңі бозарып, еріндері қуқыл тартып, көздері шұңірейіп, жақтары суланып, тамыры жиі әрі әлсіз соғады, тыныс алуы жиілейді, жағдайы өте ауырланып Чейн-Стокстың тыныс алуы байқалады. Субъективті нышандары: басы айналады, әлсіздік пайда болады, аузы кебеді, шөлдейді, лоқсиды, көзінің алды қарауытады, әлсірей береді.

Мүмкіндігінше тез емдесе қансырау асқынбайды. Бала қанды өте көп – жоғалтқан жағдайда, оның қанының тобын, резусын анықтағанша венасына дәрілік сұйықтарды құя беру қажет. Себебі баланың организміне эритроциттерден гөрі, плазманың жоғалуы салдарынан АҚҚ азаюы өте зиянды әсер етеді. Сондықтан венасына альбумин, протеин, полигалюкин тәрізді сұйықтарды құйған тиімді.

Қанның сыртқа ағуы. Артериядан аққан қан алқызыл, вена қанының түрі шие түстес қызыл қошқыл болады. Қан қолқадан, сан және қолтық асты артериясынан, венасынан ақса бала бірнеше минуттің ішінде өліп кетеді. Егер мойындағы немесе кеудедегі вена зақымданса, ол эмболия тәрізді ауыр асқынуларға әкеп соғуы ықтимал.

Қанның ішке ағуы. Іште орналасқан ірі қан тамырларының жарақаттануы салдарынан болатын бұл кеселді анықтау өте қиын. Оның нышандары: егер қан асқазан-ішек жолдарынынң қуысына ағатын болса, онда қан ауыз бен тік ішек арқылы ағып шығады. Бірақ қанның қайсы ағзадан ағып жатқанын дәл табу бастапқыда оғңайға түспейді, себебі ауыздан шыққан қанның көзі өкпеде, кеңірдекте, жұтқыншақта, көмекейде, өңеште, асқазанда, ұлтабарда орналасуы кәдік. Сондықтан аққан қанның түр-түсін, сапасын білу диагнозды дәл қоюға көмектеседі: көбіктеніп шыққан алқызыл қан-өкпеден; “кофенің қоюы” тәрізді болса-асқазаннан немесе ұлтабардан; Нәжісі қара май тәрізді (мелена) болса, онда қан асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігінен; егер нәжісі алқызыл қан аралас түсетін болса, онда қан тік ішектен, ирек ішектен, тоқ ішектен, бүйеннен (инвагинация-бір ішектің екінші ішектің қуысына кіріп кетуі); несебі қан аралас болса онда бүйрегі, несеп бөлгіш қуығы, үрпісі жарақаттанған болып табылады.

Қанның қай жерден ағып жатқанын дәл табу үшін сыртқатты арнайы зерттеулерден өткізу қажет. Көмекейі мен жұтқыншағынан қан ақса ларингоскопия өңешіне эзафагоскопия, асқазанына – гастроскопия, ұлтабарына – дуоденоскопия, кеңірдегі мен өкпесіне – бронхоскопия, тік ішегіне ректороманоскопия, тоқ ішегіне – колоноскопия, қуығына – цистоскопия жасайды. Ультрадыбыспен, рентгенмен, радиоизотоптармен тексерудің де маңызы зор.

Егер бас сүйектің ішіне, кеуде қуысына, құрсақ қуысына, жүрек қабына, буындарға қан ағатын болса, оны анықтау өте қиын болғанымен әрқайсысының өздеріне тән нышандары болады.

Аққан қанды уақытша торқтатудың тәсілдері. Сыртқа ағып жатқан қанды тоқтатудың ең тиімді тәсілі бұрау салу. Бұрауды көбінесе аяқ-қолдардан аққан қандарды тоқтатуға пайдаланады. Мойыннан аққан қанды сау жағының басы мен иығының арасына тіреп қойған Крамер темір торлы жақтауы арқылы салынған бұраумен, жақтау жоқ болған жағдайда, қарама-қарсы жақтың қолын басына қою арқылы таңады. Бұрауды салған соң уақытын көрсетіп жазып қояды. Бұрауды аяққа 2 сағаттан, қолға 1,5 сағаттан артық уақытқа салуға болмайды. Себебі бұрау шектен тыс көп уақытқа салынатын болса, қан айналысы бұзылып, аяқ-қолы іріп-шіріп өліп қалуы мүмкін.