Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКА лекция.doc
Скачиваний:
3506
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.77 Mб
Скачать

Науқастың төсеніштерін ауыстыру, сақтау

ЕПҰ-ның соматикалық бөлімшелерінде науқастардың киімі мен төсеніштері аптасына 1 рет ауыстырылады. Бөлінділермен ластанған төсеніштер мен киімдер қажеттілігіне қарай, жиі ауыстырылуы керек. Бұл шараларды жүргізу кезінде жалпы қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:

  • биологиялық сұйықтықтар мен ластанған киім, төсеніштерді ауыстырғанда қолғап кию қажет;

  • төсеніштерді сілкілеуге болмайды (қоршаған орта ластануын болдырмау мақсатында);

  • лас киімдерді клеенкалы немесе полиэтилен қаптарға салу қажет;

  • бөлімшеде лас киім, төсеніштерді ажыратуға болмайды;

  • лас киімдерді, төсеніштерді еденге тастауға және басқа заттардың (орындық, үстел т.б.) үстіне қоюға болмайды;

  • лас киімдер бөлімшеде уақытша (12 сағатқа дейін) арнайы бөлмеде жабық ыдыстарда (металл, пластмасса немесе дезинфекцияға жарайтын басқа ыдыстарда) сақталады;

  • лас киіммен жұмыс істейтін персонал санитарлы киіммен қамтамасыз етілуі керек;

  • таза және лас киімдерді бір ыдыста тасымалдауға болмайды;

Бөлмелер мен құрал-жабдықтардың деконтаминациясы

Деконтаминация - зарарсыздандыру және қорғау мақсатында микроағзаларды кетіру немесе жою процесі. Ол ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуда маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Оған тазалау, дезинфекция және залалсыздау жатады.

Қоршаған орта мен құрал-жабдықтардың ластану қауіпі деңгейіне қарай деконтаминацияның әртүрлі деңгейлері ажыратылады.

Қауіптің төмен деңгейіне - қалыпты тері мен байланыста болған заттар немесе науқаспен тікелей жанаспайтын заттар (қабырғалар, еден, жиһаздар) жатады. Контаминация үшін оларды тазалау жеткілікті.

Қауіптің орташа деңгейі - теріде, ағзаның басқа стерильді аймақтарында инвазивты процедуралар үшін қолданылмайтын, бірақ шырышты қабықтар немесе басқа жерлермен жанасатын вирулентті микроағзалармен немесе қатынас жолмен жұғатын микроағзалармен зарарланған құрал-жабдықтар (гастроэнтерологиялық, гинекологиялық жабдықтар, термометрлер т.б.). Контаминация үшін оларды тазалау, соңынан дезинфекциялау қажет.

Қауіптің жоғары деңгейі - инвазивты процедураларда қолданылатын құрал-жабдықтар. Контаминация үшін оларды тазалау, дезинфекциялау, залалсыздау қажет.

АІИ алдын алу үшін ЕПҰ-да келесі іс-шаралар кешені жүргізіледі:

  1. Санитарлы-гигиеналық режим сақталады.

  2. Науқастарды стационарға қабылдау тәртібі (науқастарды педикулезге қарау және педикулез анықталған жағдайда тазалау, дене қызуын анықтау, мұрын мен жұтқыншақтан стафилококкты анықтау мақсатында жағынды алу) сақталады.

  3. Тазалауға қажет құрал-жабдықтарды, заттарды тазалау, қолдану және дезинфекциялауды денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары және Сан Норма мен Ережелеріне сай жүргізіледі.

  4. Жұмыс киімдерін сақтау тәртіптері сақталады.

  5. Бөлімшеде пациенттерді санитарлы өңдеу мен киім-төсеніштерін ауыстыру аптасына бір рет және қажеттілігіне қарай ауыстырылады.

  6. Лас киімдерді, төсеніштерді және науқастың жеке киімдерін сақтау тәртіптері сақталады.

  7. Медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекциялау, залалсыздау алдындағы тазалау және залалсыздау ҚР ДС министрлігінің бұйрықтарына сәйкес жүргізіледі.

  8. Жұқпалы ауруларға күдік болған науқастарды (ішек жұқпасына, іш сүзегі, күл ауруына, вирусты гепатиттерге күдіктену) анықтау, қатынаста болған науқастарды бақылау мерзімдері сақталады.

  9. Тамақтану тәртібі: тамақты тарату бөлмесі, буфеттің жабдықталуы, дайын тамақты тарату уақыты, тамақ қалдықтарын жинау және жою тәртібі, ыдыс-аяқтарды өңдеу, жинау заттарын өңдеу және сақтау тәртібі, әкелген тамақты сақтау ережелері сақталады.

  10. Карантинды және аса қауіпті жұқпалы аурулар анықталған жағдайда бөлімшелерде жедел көмек көрсету, аса қауіпті инфекциялар кезіндегі арнайы хабарлау схемасы көрсетілген жаднамалар дайындалған.

  11. ЕПҰ-да қалдықтарды жинау, сақтау, жою ережелері сақталады.