Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКА лекция.doc
Скачиваний:
3506
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.77 Mб
Скачать

Пациенттің биологиялық субстраттарының көздің кілегей қабығына түсуі

Дайындау қажет: апатты жағдайдағы қобдиша, стерильді 2 астауша, корнцанг.

    1. Қобдишадан крафт пакеттегі тамызғышты, таңу материалдарын және

ундинканы алып астаушаға салу.

    1. Қобдишадан 0,05% калий перманганат ерітіндісін алу, ундинкаға

құйып, көзді жуу.

    1. Басты алға бүгіп, ундинканы бетке жанастырып, көзді бірнеше рет

ашып-жұму арқылы жуу.

    1. Ундинканы алып тастау, көзді стерильді салфеткамен көздің сыртқы

бұрышынан ішкі бұрышына қарай жуу.

Пациенттің биологиялық субстраттарының мейірбикенің бет терісі мен ерніне түсуі

Дайындау қажет: 2 стерильді астауша, стерильді корнцанг, апатты жағдайдағы қобдиша..

  1. Қобдишадан крафт пакеттегі таңу материалдарын алып астаушаға салу.

  2. Қобдишадан 70% спирт және 0,05% калий перманганат ерітіндісін алу.

  3. Мақта тампонымен спирт немесе калий перманганатқа малып бет терісі мен еріндегі биологиялық субстраттарды тазалау, мақта тампонын 2-ші астаушаға тастау.

  4. Мақта тампонымен өңдеуді қайталау.

  5. Ауыз қуысын 70% спирт немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісімен шаю.

Ескерту: қолданылған тампондарды 3% хлорамин ерітіндісімен 60 минут дезинфекциялау қажет.

Биологиялық субстраттардың мейірбике мұрынының кілегей қабығына түсуі

Дайындау қажет: 2 стерильді астауша, стерильді корнцанг, апат жағдайлардағы қобдиша.

Крафт пакеттегі тамызғыш және таңу материалдарын алып астаушаға салу.

  1. Қобдишадан 1% проторгол ерітіндісін алу.

  2. Астаушаны қолға ұстап тұру, тамызғышпен проторголды мұрынға тамыздыру қажет. Басты төмен түсіру (тамшылар астаушаға ағады).

  3. Проторголды қайталап тамыздыру, басты төмен түсіру.

  4. Стерильді мақта шаригімен мұрынды сүрту.

Ескерту: қолданылған астауша 3% хлораминмен 60 минут дезинфекцияланады.

Зарарлы болу қауіпі бар құрал-сайманмен саусақтарды жарақаттау

Дайындау қажет: апатты жағдайдағы қобдиша, стерильді бикс, 2 астауша, стерильді корнцанг.

  1. Қолғапты шешпей, жарақаттанған жерден қанды сығып шығару, қолғапты шешу, 3% хлорамин ерітіндісіне тастау.

  2. Қобдишадан крафт пакет ішіндегі таңу материалдарын алып астаушаға салу.

  3. Қобдишадан 70% этил спирті, 5% йод ерітіндісін алу.

  4. Жарақатты 70% спиртке малынған стерильді мақта шаригімен өңдеу, шарикті астаушаға тастау.

  5. Қанды тоқтатпай, қолды сабынмен жуу.

  6. Жарақатты стерильді мақта шаригімен құрғату, шарикті астушаға тастау.

  7. Жарақатты 70% спиртпен қайталап өңдеу, содан соң 5% йод ерітіндісімен өңдеп, қолданылған материалдарды астаушаға тастау.

  8. Жарақатқа бактерицидты пластырьді жабыстыру.

  9. Резеңке саусаққапты киіп, үстінен қолғапты кию.

Санитарлық - эпидемияға карсы тәртіптің мақсаты - ауруханалық (нозокомиялық) инфекциялардың алдын алу. Ауруханалық инфекция -стационардағы науқастарда немесе оларды күтіп және емдеп жүрген медицина қызметкерлерінде дамитын инфекциялық аурулар. Бұл асептика мен анитисептика ережелерін бұзу салдарынан, яғни әр-түрлі ауру қоздырғыштарна қарсы шаралардың ережелерін сақтамағанда дамиды. Мысалы, тұмау, вирусты В және С гепатиттері, т.б. нозокомиальды инфекциялар - бұрын соңды инфекцияланбаған адамдарға аурухана ішінде жұқтырылған инфекция, Мұндай аурухана ішілік инфекциялар өте тұрақты микроорганизмдермен шақырылады, себебі олар осы аурухана ішінде кең спектрлі антибактериялық дәрілер қолданылып жүрген ортада тіршілік етеді. Аурухана ішілік инфекциялардың ішінде ең жиі кездесетіні стафилококктар.

Санитарлық тәртіптің медицина қызметкерлеріне қоятын негізгі талаптарының бірі, ол медицина қызметкерлерінің дер кезінде және үнемі медициналық тексеруден етіп тұруы керек. Медициналық тексерілу кезінде міндетті түрде флюорографиядан етуі керек, микрореакциялық анализ тапсыруы керек, дәрігерді жалпы қарап тексеруі және асхана жұмысшылары бактериологиялық тексерілуден және т.б, өтуі керек. Медициналық тексерілуден өткендігі туралы белгі жеке санитарлық кітапшаға қойылады.

Санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіптің кез келген медициналық мекемелерде маңызы зор. Санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіптің ережелерін сақтау емдеуді және науқастарды күтуді ұйымдастырудың басты бір белігі. Емдік мекемелерде арнайы микроклимат жағдайын туғызу жарықтандырудың, жылу берудің, ауа тазартудың (тұракты ауа температура, ылғалдылығы) негізгі ережелерін сактаумен байланысты іске асырылады.

Санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіпті ұстану стационар немесе кез-келген медициналық мекеме аймағын үнемі тазалықта сақтауды қарастырады. Бөлімшелерден жиналған керексіз заттар тығыз жабылатын қақпағы бар металлдан жасалған ыдыстармен өз уақытында шығарылады.

Керекті санитарлық тәртіпті (стационар бөлмелерін ылғалды тазалау, ондағы тазалық тәртібін сактау, науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеу) сақтау орта және кіші медицина қызметкерлерінің міндетіне кіреді. Медициналық кызметкер жалпы тәртіпке сай таза халатпен, керек болса қалпақ пен маскамен жүруі керек. Арнайы киімдерді, төсектерді және т.б. орталықтандырылған жуғыштарда кір жуғыш заттармен жуылып бөлімшелерде үтіктеледі. Хирургиялық халаттар, маскалар және бахилалар жуылғаннан кейін автоклавта өңделеді.

Дезинфекция (зарарсыздандыру) - адамзатты және жануарларды коршаған ортадағы жұкпалы аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған шаралар. Дезинфекцияның мақсаты - инфекциялы аурулардың таралу жолдарын жою. Дезинфекциялық шаралардың турлері: дезинфекция, дезинсекция және дератизация. Дезинфекция аркылы қоршаған ортадағы және заттардағы патогенді микроорганизмдерді жояды. Дезинфекцияның алдын ала (дезинфекциялау) және ошақты түрлері бар. Алдын ала дезинфекциялау - патогенді қоздырғыштар бар болуы мумкін деген аймақты ғана (кұбырдағы және жүзуге арналған бассейндердегі суды хлорлау, адамдар көп жиналатын жерлерді және т.б. дезинфекциялау) зарарсыздандыру. Ошақты дезинфекция (күнделікті және қорытынды) инфекциялық ауру ошағында, яғни инфекциялы ауруы бар науқас болған жерде мысалы: пәтерде немесе инфекциялық бөлімшеде жүргізіледі. Инфекциялы ауруы бар науқастың төсегінің қасында науқас адамнан бөлінген патогенді микроорганизмдерді жою ушін күнделікті дезинфекциялау жұмысы өткізіледі. Науқастың төсек орнын, киім кешегін, науқасты күту кезінде қолданған заттарды, науқастан бөлінген заттарды, және т. б. күнделікті дезинфекциялап отырады. Мысалы, дизентерия кезінде ауру қоздырғыштары науқастың нәжісімен көп бөлініп коршаған ортадағы әр түрлі заттарға таралады, іш сүзегі кезінде қоздырғыштар нәжіс және зәрмен бөлініп жатады. Сондықтан науқастың нәжісі мен зәрі және оларды қоршаган заттар бірінші орында зарарсыздандырылуы кажет. Қорытынды заласыздандыру ошақтағы жұқпалы ауру коздырғышының көзі жойылғаннан кейін (жұкпалы аурулар бөлімшесіндегі науқас ауруханадан шыкканнан кейін немесе науқас өлгеннен кейін) сол жерде сақталып қалуы мумкін ауру қоздырғыштарын жою үшін жүргізіледі. Сонымен белімшелерде күнделікті және қорытынды зарарсыздандыру жүргізіледі. Бөлімшенің мейірбикесі зарарсыздандырудың негізгі әдістері мен тәсілдерін жақсы білуі керек және оны өзінің жұмысында үнемі қолданып кіші медицина қызметкерлерін үйретіп отыруы керек.

Зарарсыздандырудың 3 негізгі түрі бар: механикалық, физикалық және химиялық. Механикалық зарарсыздандыру түріне бөлмелерді жуып-тазалау, сыпырып, қағу кіреді. Ауа мен суды бөгде заттар мен микробтардан тазалау үшін сүзгіштен өткізу әдістері қолданылады. Механикалық зарарсыздандыру микробтардан толық арылу үшін жеткіліксіз, сондықтан оны физикалық және химиялық арарсыздандырумен ұштастыру керек. Зарарсыздандырудың физиқалық түрі - қайнату, бумен, ыстық ауамен және ультракүлгін сәулелермен өңдеу болып табылады. Төсек орынды (2 сағат бойы сабынды-содалы ерітіндіде қайнатады), ыдыс-аяқты (15 минут бойы 2% содалы ерітіндіде қайнатады), ішуге алналған суды, ойыншықтарды, тамақ қалдықтарын кайнатады. Буауалы қосынды пароформалинді зарарсыздандырғыш камерадағы негізгі әсер етуші зат болып табылады; зарарсыздандырғыш камерада науқастың заттары мен төсегі зарарсыздандырылады. Ультракүлгін сәулемен (БУВ-15 немесе БУВ-ЗО шамы) емдеу және басқа мекемелердегі ауа зарарсыздандырылады. Зарарсыздандырудың химиялық әдісінде жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын өлтіретін химиялық заттар қолданылады. Хлор әгі - хлор иісі бар ақ ұнтақ-түйіршікті зат, оның әсер етуші бөлшегі отгегі және хлор. Зауыттан дайындалып шығарылғанда оның құрамындағы белсенді хлор 32 немесе 36 % болады, бірнеше уақыт бойы сақталғаннан кейін ол біртіндеп азаяды. Белсенді хлор мөлшері 15 %-тен кемігенде оны зарарсыздандыру мақсатында қолдануға рұксат етілмейді. Құрғақ хлор әгімен нәжісті, зәрді, қақырықты зарарсыздандырады. Мысалы, ішек жұкпалы аурулары кезінде (дизентерия, іш сүзегі) нәжіс пен зәрдің 1 литріне 200 г құрғақ хлор әгін косады. Хлор әгінің жарықтандырылған ерітінділерін бөлмелерді, ыдыс-аяқ пен т.б. заттарды зарарсыздандыруға қолданады, тек маталардан және темірден жасалған заттарға колданбайды. 10 % хлор әкті сұйықтықты 24 сағат бойы тұндырып кояды, оның бетіндегі сұйықтықты қою-кошқыл түсті ыдысқа қу-йып алады. Негізгі жарықтандырылған ерітіндіні (10 %) 5 тәулікке дейін сақтап қояды. Ол сұйықтықтан бірнеше есе аз концентрациялы жарықтандырылған ерітінділер дайындауға болады. Мысалы, ішек жұқпалы ауруы кезінде бөлмелердің ішін, есіктерін 0,2% жарықтандырылған хлор әгінің ерітіндісімен шаяды. Хлорамин - ақ немесе боздау түсті жартылай суда ерітілетін хлор иісі бар ұнтақ. Құрамында 24 - 28 % белсенді хлоры бар. 0,1- 10 % судағы ерітіндісі түрінде қолданылады. Хлорамин ерітіндісі сақтағанда хлор әгінің ерітіндісінен тұрақтылау және маталарды көп тоздырмайды. Ауруханалардың бөлмелерін, ыдыс-аяқты, төсекті зарарсыздандыру үшін хлорамин кеңінен қолданылады. Киімді 0,2 - 0,5 % хлорамин ертіндісіне салып қойып, содан соң жуып -шаю арқылы немесе қайнату арқылы зарарсыздандырады. Кальций гинохлоридінің үштен екі бөлікті негіз тұзы (дветретиосновная соль гипохлорида кальция - ДТСГК)- ақ кристалды ұнтақ, кұрамында 48 - 52 % белсенді хлор бар, хлор әгімен салыстырғанда сақтауға тұрақты, 0,1 - 10 % ерітінді түрінде қолданылады. Сутегі асқын тотығы - түссіз мөлдір сұйықтық айқын бактерицидтік және спорацидтік әсері бар. 27,5 - 40 % ерітінді түрінде шығарылады, 3 - 6 % түріндегі ерітінділері қолданылады. Сутегі аскын тотығы жарақаттарды жууға, киімді, ыдыстар мен бөлмелерді зарарсыздандыруға қолданылады. Зарарсыздандыру үшін 70 % этил спиртін қолдануға болады. Себебі бұдан жоғары концентрациясындағы ерітінділерінің бактерия мембранасына ену қасиеті төмен. Этил спирті инъекция жасау кезінде теріні өңдеуге, медициналық кұрал - саймандарды стерильдеуге және т.б. қолданылады. Дезинсекция – жәндіктерге қарсы күреске бағытталған шара. Алдын алу және толығымен жою түрлері бар

Дезинфекциялаушы заттар ретінде әдетте хлор қосындылары (хлорамин, кальций, иатрий, литий гипохлориді және т.б.) қолданылады. Хлордың микробқа қарсы қасиеті хлордың суда ерігенінде бөлінетін хлорлы қышқылдың әсеріне байланысты.

Құрамында хлоры бар дезинфекциялаушы заттарды дайындау ережесі:

1.Хлор әгінің ерітіндісін дайындау: 10 л суға 1 кг хлор әгін араластырып еріту (1 шелек хлорлы су, хлор әгін ағаш саппен еріту керек).

2.Осы сұйықтықты 1 тәулікке дейін тұндырады.

3. Дайын болған сұйықтықты қоңыр түсті шыны ыдысқа құйып, тығынмен жақсылап жабу керек (осылайша 10 % хлорлы су дайындалады, оны қараңғы жерде 5-6 тәулікке дейін сақтауға болады).

4. Хлор әгінің жұмысшы ерітіндісін дайындау:

0,1 % - 100 мл 10% хлорлы әк ерітіндісін 9,9 л суға арластыру керек; 0,2 % - 2000 мл 10% хлорлы әк ерітіндісін 9,8 л суғаараластыру керек ; 0,5 % - 500 мл 10% хлорлы әк ерітіндісін 9,5 л суға арластыру керек;

1 % - 1 л 10% хлорлы әк ерітіндісін 9 л суға арластыру керек;

2 % - 2 л 10% хлорлы әк ерітіндісін 8 л суға арластыру керек: Дезинфекциялаушы заттармен жұмыс атқару кезінде: дайындау, арластыру, қолдану кездерінде сақтанудың барлық шараларын пайдалану керек: барлық жұмыстарды халат, ірзеңке қолғап, қорғаушы көзілдіріктер, алжапқыш, респираторлар киіп жасау керек.

Қазіргі кезде жаңадан ашылған Аналит, Дезэффект, Лизоформин, Септокаль, Микроцид, Гигасепт және т.б. сиякты дезинфекциялық заттар қолданылады. Осы заттардың әрқайсын дайындауға арналған араластыру және қолдану ережелері бар.

Ауруханалардағы бөлмелер міндетті түрде ылғалмен тазаланады. Тазалауға арналған құрал саймандар - еден жуғыш таяқ, шелек, сүрткіш және т.б. белгіленуі керек (мыс, палатаға арналған, тамақ тарататын бөлмеге арналған. Дәретханаға арналған, дәрі егу бөлмесіне арналған, т.б.). Күнделікті және негізгі тазалау түрлері бар. Күнделікті тазалық күнде 2 реттен кем емес және қажет кезінде атқарылады. Негізгі тазалау: еденді , қабырғалар мен төбені жуу аптасына 1 рет жүргізіледі. Ылғалды тазалау үшін 0, 5 % хлорлы әк ерітіндісі немесе 1 % хлорамин колданады. Осы ерітінділер әр науқастан кейін кушетканы, кленкадан жасалған жапқыштарды, төсек орындарын сүрту үшін де қолданылады. Кушеткадағы төсек әр науқастан кейін ауыстырылып отыруы керек.

Бөлмелердің ауасын тазалау тәулігіне 3-4 реттен кем болмау керек, ал дезинфекциялық заттармен ылғалды тазалау 2 реттен кем болмауы керек.

Дәрі егу, операциялық, манипуляциялық және т.б арнайы белмелерді ылғалды тазалаудан кейін кварцілеу өткізіледі.

Тері және шырыш жабындыларымен және т.б - мен, науқастың қанымен немесе басқа биологиялық сұйықтықтарымен жанасқан барлық медициналық кұралдар стерильденеді. Белок, май,және басқа механикалық кірлерден, дәрілік заттардан тазалау үшін медициналық құралдар стерилизацияға дейін өңдеуден өткізіледі. Стерилизацияға дейінгі өңдеу үшін жуғыш заттар қолдануға болады.

Дезинфекциялау тәртібі міндет жүктелген мекемелердің орналастырған тәртібі бойынша арнайы нұсқауларға жүгініп жүргізіледі. Іріңді ауруларда, туберкулез, вирусты гепатиттер кезінде химиялық дезинфекция жүргізу әдістерінің ерекшеліктері бар. Химиялық әдіспен өңделгеннен кейін дезинфекциялаушы заттың иісі толығымен кеткенге дейін ағып жаткан су астында жуылу керек. Термометрді дезинфекциялаушы сұйықтықта (1% хлорамин ерітіндісі, 3% аскын су тотығының ерітіндісі «Дезоксон-1») ұстап, сосын сумен шайып құрғақ жерде сақтайды. Қолды шаруа сабынымен жуу керек, инфекциялы науқасты карағаннан кейін 0,2 % хлорамин ерітіндісімен немесе «Дезоксон-1» ертіндісімен 2 минут бойы өңделеді.

Дәрі егу белмесінде көк тамырға дәрі енгізуге арналған шприцтср мек жүйелерді жинап стерилизацияға дейінгі дайындық жүргізеді, егер қолданған құралдар тек бір реттік қана болса оларды жоюға дайындайды. Көп реттік қолдануға арналған құралдар бір ыдысқа салынып дезинфекциялаушы сұйықтықпен жуылады. Әрі қарай оларды дезинфекциялы сұйықтығы (0,5 % хлорамин ерітіндісі, 0,5 % хлорлы әктас ерітіндісіне 30-60 минутка дейін немесе 2,5 % Дезэффект ерітіндісіне 1 сағатка, 2,5 % Лизоформин ерітіндісіне 1 сағатқа дейін) бар баска ыдысқа немесе кез келген басқа дезинфекциялаушы ерітіділерге жалпы нұсқауларға сай салынады. Жууға арналған дезинфекциялық сұйықтықтар ластануға байланысты немесе қолдану туралы нұсқауға байланысты ауыстырылады. Дезэффект және Лизоформин сияқты ерітінділерді 14 күнге дейін пайдалануға болады, бірақ тым ластанып кеткен жағдайда ауыстыру керек. Және осы жаңа сұйықтықтарды қолдану арнайы жуғыш дезинфекциялы заттарды дайындауды керек етпейді.

Көп реттік қолдануға арналған құралдармен жұмыс істегенде келесі ережелерді білу керек. Вирусты гепатитпен ауырған науқастар үшін дәрі егу бөлмесінде бөлек шприцтер мен инелер қолданылады, ол кұралдарға стерилизацияға дейінгі өңдеуді басқа науқастарға қолданған құралдардан бөлек өткізіледі.

Бұрындары тіпті қазіргі кезде де көк тамырға дәрі енгізуге арналған кұралдарды бөлек ыдыста стерилизацияға дейінгі өңдеуден өткізеді. Кез келген стерилизациялау әдістеріне дейін стерилизация алдындағы тазалау өткізіледі. Ол кезде осы қолданған кұралдар белокты, майлы кірлерден, дәрілік заттардан тазаланады.

1 кезең. Инъекциядан кейін дереу 1 минут бойы шприц пен ине суық сумен шайылады (құбырдан ағып жатқан сумен). Майлы ерітінділерді инъекциялағаннан кейін шприцті сабынмен және тікенекті жуғышпен тазалайды. Сосын ине кигізетін жерді саусақпен жауып тұрып шприцке су құяды, цилиндрге итергішті енгізіп, итергішпен қысым беріп инені жуады. Әрі қарай 5 г «Биолот» ұнтағын 995 мл суға ерітіп жуғыш сұйықтық дайындалады. Ол 40 - 45°С - дейі жылытылады. Егер «Биолот» ұнтағы болмаса 20 мл 33 % сутегінің аскын тотығы (пергидроль) + 5 г жуғыш ұнтақ («Прогресоч «Айна», «Астра», «Лотос») + 975 мл судак тұратык сұйықтық дайындалады. Бұл сұйықтықты 50 - 55°С температураға дейін қыздыру керек.

2 кезен. Шприцтер мен инелерді бөлшектенген түрінде жылы жуғыш ерітіндіге 15 минутқа дейін салып кояды. «Биолот» ұнтағынан дайындалған ерітінді қызғыш түске еніп кеткен болса, оны қолдануға болмайды себебі онын тазалағыш әсері төмен болады. Сутегі асқын тотығынан және синтетикалық жуғыш заттардан тұратын ерітінділердің түсі өзгермеген болса бір тәулік бойына пайдалануға болады. Бұл сұйықтықтарды 6 ретке дейін жылытуға болады (ол кезде сутегі асқын тотығының концентрациясы көп өзгермейді).

3кезең. 15 минуттан кейін шприцтер мен итергіштерді осы суда тікенекті жуғышпен жуалы, ал инелерді мандренмен тазалайды.

4кезең. Шприцтермен инелерді жуғыш ерітіндіде механиқалық өңдегеннен кейін кұбырдан ағып жатқан салқын судың астында жуады. Бұл әтаптын ұзақтығы колданған жуғыш ерітіндінің құрамына байланысты. Жуғыш ерітіндіде «Биолот» ұнтағы болса - 6 минут, «Прогресс» ұнтағы болса -5-6 минут, «Астра», «Лотос» және т.б. - 10 минут. Көп реттік қолдануға арналған кұралдарды стерильдеуге дейінгі тазалау кезінде кезге көрінбейтін қан қалдықтарын тексеру үшін бензидин, амидопирин немесе ортотолуидин сынамалары (орталық стерильдеу белімінде күнделікті, дәрі егу бөлмесінде аптасына 1 рет) өткізіледі. Бұл сынамалар көзге көрінбейтін қан қалдықтарын анықтайды, яғни шприцтер мен инелерді стерильдеу алдындағы тазалау сапасын көрсетеді. Бензидин сынағын өткізу ушін алдын ала, 2 сағат бұрын реактив дайындайды: стерильді мензуркаға бірнеше бензидин кристалдарын салады, 50 % 2 мл сірке кышкылын жэне 3 % 2 мл сутегі асқын тотығын кұяды. Амидопирин немесе ортотолуидин сынамасы үшін реактивті аурухананың дәріханасы дайындайды. Сынама өткізу. Тамшылатқышпен шприцтің инесі мен цилиндрге реактивті тамызады және оны инеден өткізеді. Егер шприцте немесе инеде стерильдеуге дейінгі тазалаудан кейін қан сақталып қалса, реактив дереу ашық-жасыл түске енеді (сынақ оң). 2 минуттан кейін реактив түсінің өзгеруі оң сынақ болып есептелмейді. Оң амидопирин немесе ортотолуидин сынамаларында реактив көкшіл - жасыл түске енеді. Егер сынақ оң болса стерильдеуге дейінгі тазалаудың 2, 3 және 4 кезеңдерін кайталау керек. Сынақ теріс болған кезде 5 кезеңге көшеді. Фенолфталеин сынағының көмегімен шприцтер жуғыш ерітінділерден калай тазаланғандығын анықтауға болады: жуылған шприцтің бөліктерін 1 % фенолфталеин ерітіндісіне малынған мақтамен сүртеді. Жуғыш заттың қалдықтары бар болса 30 секунд ішінде ол көк-күлгін түске енеді. Егер сынақ оң болса стерильдеуге дейінгі тазалаудың 4 кезеңін кайталау керек. Жуғыш зат ретінде «Биолот» немесе «Прогресс» ұнтағы қолданылған болса фенолфталеин сынағы өткізілмейді.

5кезен. Дистилдендірілген суы бар ыдыста шприцтер мен инелерді құбырдан аққан судың кұрамындағы тұзды қоспалардан (стерилизация кезінде олар цилиндрлер мен итергіштердің қабырғасына, инелердің өзегіне отырып қалады да шприцтермен инелердің өткізгіштігін бұзады ) тазалау үшін 1 минуттай жуады.

6кезен. Дезинфекциялы қайнатқыштың торына (стерилизатор) цилиндрлер мен итергіштерді, ал инелерді кіші койғышқа орналастырып 75-85 С ыстық ауамен дымқылдығы толық жоғалғанға дейін кептіреді. Осыдан кейін шприцтер мен инелерді пергамент кабықшаға немесе ылғал өткізбеітін қапшық қағазға (крафт-пакет) орайды.

Қапшықтың ішіне шприцтін цилиндрі мен итергішін (қапшықтың ашылатын жағына цилиндрдің үлкен саңылауы жағын және итергіштің қолмен ұстайтын жағын қаратып) және екі инені (біреуі дәріні алу үшін, екіншісі инъекция жасау үшін) орналастырады. Инелерді қапшыққа салмас бұрын әл осындай крафт қағазға түйреп ұнтақ тәріздендірш орайды. Ораманың бос жағын екі рет бұрап желімдейді. Қапшықтың сыртына шприцтін сиымдылығьш және стерилизацияланған күнді белгілеп кояды.Ашық ыдыста дайындау әдісі ыңғайсыздау. Ол үшін шприцтердің цилиндрлері мен итергіштерін эмалданған табақшаға, ал инелерді қақпағы жоқ кіші қондырғыға орналастырады. Булы стерилизаторда стерильдеу үшін жұмсақ, екі қабатталған шүберекке орауға болады.

Науқастың қанымен жанасумен өткізілетін барлық медициналық іс-шаралар (көк тамырдан анализге кан алу, көк тамырға инъекция жасау, инфузиялар), және науқастың қанымен жанасқан кұралдармен, шприцтер, инелермен жұмыс істегенде, инвазиялық емес зерттеулер жургізгенде мейірбике қолына міндетті түрде ірзеңке қолғап киюі керек. Бұл ережелерді орындау қан арқылы берілетін аурулардың (ВИЧ-инфекция, В, С вирусты гепатиттер және т.б.) алдын алуға арналған негізгі шаралар болып табылады.

Қазіргі кезде барлық жерде бір реттік қолдануға арналған құралдар (шприцтер, инелер, көк тамырға дәрі тамшылатып енгізуге арңалған жүйелер және т.б.) кеңінен қолданылады.

Бір реттік колдануға арналған кұралдарды қолданғаннан кейін оларды жарамсыз етіп тастаудан бұрын міндетті түрде зарарсыздандыру керек екенін ұмытпау керек (жуу, сосын 30 - 60 минутқа зарарсыздаидырі міп суға салып кою). Бір реттік құралдар зарарсыздандырылғаннан кейін түрлеріне қарай бөлініп, орталықтанған жоятын жерге жіберіледі.

Дезинфекция: түрлері, әдістері. Қолданылатын заттар

Дезинфекция

Дезинфекция (зарарсыздандыру) – қоршаған ортадағы инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен химиялық заттармен жоюға болады.

Дезинфекцияның мақсаты: емдеу сауықтыру мекемелерінің палаталарынан сыртқы ортаның объектілерінен инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын кетіру және жою.

Зарарсыздандырудың екі түрі бар: алдын - алу және ошақты.

Алдын - алу (профилактикалық) зарарсыздандыру емдеу сауықтыру мекемесінде АІИ алдын алу үшін жүргізіледі.

Ошақты зарарсыздандыру инфекция ошағын алғашқы 6-12 сағат ішінде қоздырғыштардан тазалау үшін жүргізіледі.

Ошақты дезинфекцияның үш түрге бөлінеді: күнделікті, қорытынды, соңғы.

Күнделікті –үйде немесе емдеу сауықтыру мекемелерінде бірнеше рет ылғалды зарарсыздандыру ерітіндісімен жууды айтамыз. Эпидемиялық ошақта күніне бір рет жасалынып отырады. Мысалы: палатада күніне 2 рет, процедуралық бөлмеде 3 рет, асханада әр тамақтан кейін, әжетханада ластанған сайын, манипуляциялық бөлмеде әр бір манипуляциядан кейін зарарсыздандыру жүргізіліп отырады.

Қорытынды – науқас емделіп жақсы болып ауруханадан шыққан соң, науқасты бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырғаннан кейін немесе қайтыс болғаннан соң бір рет өткізілетін шара. Зарарсыздандыру мақсаты эпидемиялық ошақты инфекциядан толық бір жолата тазарту. Ол 1 рет жасалынады, қалалық жерде 5-6 сағат ішінде, ауылдық жерде 12 сағат ішінде келесі жағдайларда жүргізілу керек.

  1. науқасты ауруханаға жатқызғанда үйінде жасау керек;

  2. науқас жазылып шыққаннан кейін аурухана палатасына жасау керек;

  3. науқас басқа бөлімшеге ауыстырылғанда палатаға жасалуы керек;

  4. науқас қайтыс болғанда үйінде немесе палатада жасалуы керек.

Соңғы – терапия бағыттағы бөлімшелерде айына бір рет, ал хирургиялық бағыттағы бөлімдерде және байлап таңу бөлмесінде, босану залдарында, жаңа туылған балалар, шала туылған балалар, операция бөлімшесінде аптасына бір рет жалпы жинастыру жүргізіледі. Мейірбике орамалды байлап, халат немесе алжапқышты кию керек. Бөлмеде барлық заттарды ортаға жинап, есік, терезелерді, қабырғаларды 2% сабын ұнтағы, содалы ерітіндімен жуу қажет. Ол үшін 200гр сабын, 200гр кальциленген сода, 9 л 600мл су. Таза сумен шаямыз 1% гипохлорид ерітіндісіне шүберекті малып алып, әрбір затты сүртеміз, заттарды орнына қоямыз. Ультракүлгін сәулесін 2 сағат қоямыз. 2 сағаттан соң сөндіріп 30 минуттан соң жұмысқа кірісеміз.

Зарарсыздандырудың әдістері: механикалық, физикалық, химиялық, аралас.

Механикалық – жуу, шансорғышпен өңдеу, желдету, кір жуу, ылғалды жинау, қолды жуу.

Физикалық - қайнату, ыстық құрғақ ауа, сулы бумен әсер, ультракүлгін сәулемен әсер ету т.б.

Физикалық әдіске жататындары:

  • күн сәулесін қолдану;

  • ультракүлгін сәулелерді қолдану;

  • қалдықтарды өртеу;

  • қайнату, пастеризация (6-7 күн аралығында 60˚С температурада бірнеше рет пастерилизациялау, экспозия – 1 сағат);

  • дистелденген суда қайнату – 30 минут, ас содасы қосылған жағдайда 15 минут қайнату. Қайтадан заттарды органикалық қалдықтардан тазалау қажет. Тазалау жеке ыдыста эпидемияға қарсы шараларды сақтаған жағдайда жүргізіледі, ағынды суды зарарсыздап, канализацияға құйылады.

  • Зарарсыздаудың ауалы әдісі (ыстық ауалы шкафта 120˚С температурада, 45 минут). Бұл әдіспен шыныдан, металл, резина, латекстен, термотөзімді полимерлі металдардан жасалған заттар органикалық заттармен ластанбаған жағдайда зарарсызданады;

  • Булы әдіс – жоғарыда көрсетілген заттар алдын ала тазартуды қажет етпеген жағдайда қолданылады. Зарарсызаушы агент: 0,5 атм қысымды су буы. Зарарсыздау режимі: 110˚С температурада, экспозия- 20 мин, стерилизациялық ыдыстарда – бикстерде және дезкамера, автоклавта сирек қолданылады.

Физикалық әдіс – қызметкерле үшін зиянды, бірақ өте сенімді әдіс.

Химиялық әдіс - химиялық заттарды қолдану (сутегінің асқын тотығы, формалин, септокол, лизоформин, эрасан, гипохлорид кальций. ЕПҰ-да зарарсыздаудың химиялық түрінің толық батыру әдісі жиі қолданылады. Науқаспен қарым-қатынаста болмайтын заттар, оның бөліктері үшін дәке, бөз шүберекті дезинфекциялық ерітіндіге малып, 2 рет сүрту әдісі қолданылады.

ЕПҰ-да дезинфекция үшін тек ғана денсаулықсақтау министрлігі, сан-эпид бақылаудың рұқсат етілген ерітінділері қолданылады. Сүрту үшін дезинфекциялық ерітінділерді: сайдекс, формалин, глутарал, дезоксон-1 және тағы басқа адам ағзасына жоғары токсикалық әсерінен қолдануға болмайды.

Зарарсыздандырудың химиялық әдісіне жататындары:

  • суландыру;

  • сүрту:

  • толық батыру;

  • шашырату.

Дезинфекцияның комбинацияланған (аралас) әдістері

Аралас әдіс - бірнеше тәсілдерді қосып пайдалану арқылы жүзеге асырылады және арнайы зарарсыздаушы камераларда жүргізіледі.

Булы-ауалы 110˚С температурада ылғалды ауамен, 0,5 атм қысым, экспозиция – 20 минут.

Параформалинді – 0,5 атм режимі, температура 90˚С, экспозия -30 минут

Камералы дезинфекцияда заттар ыстық ауамен белгілі температурада жоғары қысыммен, кейде будың әсерін күшейту үшін қосымша формальдегидті (формалин) камераға жіберу арқылы зарарсызданады.

Жуғыш ерітіндіні дайындау

1. 5 грамм Лотос ұнтағы.т.б.

2. 27,5% -17 мл сутегінің асқын тотығы.

3. 978 мл су.

Жуғыш ерітіндіні 20-25˚С жылытамыз.

Антисептикалық және дезинфекциялық заттар

Химиялық тобы

Препараттары

1. Құрамында галогені бар қосылыстар

Құрамында хлоры бар: хлорамин Б, хлоргексидин биглюконаты.

Йодты: йодтың спиртті ерітіндісі, люголь ерітіндісі, иодоповидон, йодинол, йоданат, йодопирон

  1. Тотықтырғыштар

Сутегі асқын тотығы ерітіндісі, калий перманганаты

3. Ауыр металл тұздары

Сынап: сынап дихлориді /сулема/, сынаптың сары тотығы.

Күміс: күміс нитраты, проторгол, колларгол.

Мырыш: мырыш сульфаты, мырыш тотығы,

Мыс: мыс сульфаты

Висмут: ксероформ, дерматол

4. Альдегидтер мен спирттер

Формальдегид, гексаметилентетрамин

Этил спирті

5.Фенол мен оның

туындылары

Таза фенол /карбол қышқылы/, ихтиол

6. Нитрофуран туындылары

Фурациллин

7. Бояғыштар

Бриллиантты жасыл, метилен көгі, этакридин лактаты.

8. Қышқылдар мен сілтілер

Қышқылдар : бор,салицил

Сілтілер: аммиак ерітіндісі

9. Детергенттер

Церигель, дегмицид, роккал, жасыл сабын

10. Табиғи препараттар

Тұнбалар, тұндырмалар және басқа да препараттар: календуланың, жапон сафо-расының, түймедақ гүлінің, шалфейдің, эвкалиптің, шайқурай, сарымсақ, пияз және т.б.

Антисептикалық өсімдік жинақтары: эктерицид, лизоцим, бализ-2

ЛИЗОФОРМИН ЕРІТІНДІСІН ДАЙЫНДАУ ҮШІН

0,5% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 40мл лизоформин;

1% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 80мл лизоформин;

2% лизоформин дайындау үшін 8л суға 160 мл лизофрмин;

3% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 240 мл лизоформин.

Лизоформин сұйық көгілдір түсті пластмасс ыдыста шығарылады. Суда жақсы ериді. Сулы ерітінділері көгілдір және мөлдір, хош иісті болады. Дайындалған ерітіндінің сақталу мерзімі 14 күннен артық болмауы керек. Түсі өзгергеніне қарай ауыстырылып отырады.

ХЛОРАМИН ЕРІТІНДІЛЕРІ

Тура пайдалану алдында қолданылады;

0,5% дайындау үшін 1 л суға 0,5г хлорамин;

1% дайындау үшін 1 л суға 10 г хлорамин;

2% дайындау үшін 1 л суға 20 г хлорамин;

3% дайындау үшін 1л суға 30 г хлорамин.

Зарарсыздандырушы негізгі заттардың сипаттамасы

Хлорамин Б – суда ериді, 50-60˚С жылытылған ерітіндісінің зарарсыздандыру әсері күшті. Медициналық заттарды зарарсыздандыру, ошақты және алдын алу зарарсыздау үшін (ішек таяқшалары, вирустар, туберкулез қоздырғышы, саңырауқұлақтар) қолданылады.

Кальцийдің нейтралды гипохлориді – ерітіндісі шамалы лайланған, оны дайындағаннан соң 30 минуттан кейін қолдануға болады.

Натрий гипохлориді – 0,5% жұмысты ерітіндісі 60 минут экспозициямен вирусты инфекцияларда шыны, пластмасса, силиконды резинадан жасалынған заттарды толық батыруда қолданылады. 0,25% ерітіндісі бактериалды инфекцияда (туберкулезден басқа) 15 минут экспозициямен толық батыруда қолданылады. Бөлмелерді зарарсыздандыру үшін 0,125% ерітіндісі жуушы ерітінді құрамында қолданады.

Хлориксидин биглюконат – 20% мөлдір, иісі жоқ ерітінді. Хирургиялық құрал-саймандарды, хирург, мейірбике, акушеркалардың қолдарын өңдеу үшін қолданылады.

Сүтегінің асқын тотығы- 3-4% ерітінді 80-180 минут экспозициямен жуғыш ерітінді құрамында құрал-саймандарды тазалау үшін қолданылады.

Деохлор таблеткалары таблетка түрінде шығарылады, әсер ететін заттар ретінде натрий тұзды дихлоризоциануриялық қышқылдар және 1,5 г (44,2%) белсенді хлор кіреді. Деохлор таблеткалары суда жақсы ериді. Сулы ерітінділері түссіз және мөлдір, хлор иісі болады. Сақтау мерзімі шығарылған күннен бастап 3 жылды құрайды. Дайындалған ерітіндінің сақтау мерзімі 3 күннен артық болмауы керек. Деохлор таблеткалары ерітіндісі бөлме ішіндегі заттардың үстін, санитарлық техникалық құралдарды, киімдерді, ыдыстарды, ойыншықтарды, науқас күтіміне арналған заттарды дезинфекциялауға арналған.

Зарарсыздандырушы заттардың жарамдылығын бақылау түрлері

  1. Визуальды (көзбен) бақылау – дезинфекциялық станция қызметкері (лаборант, дәрігер) жүргізеді.

  2. Бактериологиялық бақылау – дезинфекциялық станция лаборанты жүргізеді (құрал-саймандардан 1% мөлшерде жағынды алынады).

  3. Химиялық бақылау – құрғақ зат және дезинфекциялық ерітінді сынамалары алынып, дезинфекциялық лабораторияға жіберіледі.