Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКА лекция.doc
Скачиваний:
3506
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.77 Mб
Скачать

1. Қолғапты кию

2. Науқастың қол ұшын сұйық сабын қосылған жылы суы бар ыдысқа 2-3 минутқа салу

3. Судан V-саусақты шығарып, құрғатып, тырнақ 1-2мм қалдырып абайлап қысқартылады

4. Кезекпен саусақтарды судан алып, сүлгімен сүрту және абайлап тырнағын алу.

5. Басқа ыдысқа жылы су және сабын қосып науқастың аяқ басын 3-5 минутқа салу.

6. Аяқ басын судан алып құрғату,сүлгі үстіне қою.

7. Ұқыптылықпен тырнақтарды қысқарту

8. Қолғапты шешу, қолды жуу.

10.Науқастарды куту; физиологиялық қажеттіліктерді атқаруға комектесу

Науқастың физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін

көмек көрсету

Қажеттіліктер

Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы медбикелік іс-шаралар

Тыныс алу - Кереуеттің бас жағын көтеру;

- науқасты “Фаулер”қалпында жатқызу;

- науқасты жөтелу техникасына үйрету;

- науқасты тыныс алу жаттығуларына үйрету;

- тұншығу кезінде өзіндік көмек тәсілдеріне үйрету;

- ингаляторды қолдану ережелерін үйрету;

Тамақтану - Науқасқа тамақтану кезінде көмек беру;

- науқасты адекватты тамақтануға үйрету;

- диета сақтау бойынша науқасқа және оның туыс-тарына ұсыныс беру;

Су ішу - Науқасқа су ішу кезінде көмектесу;

- қажет сұйықтықтың керекті мөлшерімен қамтама-сыз ету;

Бөліп шығару - Науқасты жеке дәрет ыдысы мен зәр қабылдағыш-пен қамтамасыз ету;

- науқасқа және оның туыстарына памперс, зәр қабылдағыш, нәжіс қабылдағышты қолдануды үйрету;

- науқастың әжетханаға жетуіне көмектесу;

- дефекация мен зәр шығару кезінде науқасқа қауіпсіздікті және оқшаулануды қамтамасыз ету.

Ұйықтау

- Ұйықтау үшін жайлы жағдай жасау;

- ұйқы бұзылуының себептерін анықтау;

- ұйқыны реттейтін дағдыларды (бал қосылған жылы сүт, ұйқы алдында серуендеу) үйрету;

- науқасты күн тәртібін құрастыруға (дем алу және жұмыс істеу режимін сақтау) үйрету; үйрету.

Қозғалу - Қимыл-әрекеттер шектелуінің адамның тәуелділік жағдайына қаншалықты әсер ететінін анықтау;

- науқас пен оның туыстарын төсекте қозғалуға,емдік дене шынықтыру әдістеріне үйрету;

- науқастың қозғалуына рұқсат етілген жағдайда төсектен тұру, балдақпен, таяқпен жүру әдістерін

Клизмалар

Клизма деп диагностикалық және емдік мақсатта тоқ ішектің төменгі бөлігіне әр түрлі сұйықтықтарды енгізуді айтамыз.

Мақсаттарына қарай клизмалар екі топқа бөлінеді:

- тазалау және босату клизмасы;

- дәрілік және қоректік клизмалар.

Тазалау клизмасы кезінде жіберілген сұйықтық механикалық, температуралық және химиялық әсер етеді, перистальтиканы күшейтеді, нәжіс массаларының бөлінуін жеңілдетеді.

Жіберілген сұйықтықтың мөлшері неғұрлым көп болса, клизманың механикалық әсері де күшті болады. Механикалық әсерден басқа перистальтиканы жіберілген судың температурасы да күшейтеді. Атониялық іш қатуда сұйықтық температурасы +12С˚ болуы керек, спастикалық іш қатуда ішектің бұлшық еттерінің босаңсуы үшін жылы немесе ыстық клизмалар қолданылады, судың температурасы +37˚-40˚-42˚С.

Тазалау клизмасы

Мақсаты: ішектерді нәжіс массасынан, газдардан тазалау.

Көрсетпелер:

Іш қатқанда;

Уланғанда;

Операция, босану алдында;

Науқастың ас қорыту мүшелерін, зәр шығару жүйесін ренгенологиялық

зерттеуге дайындау;

Тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеуге дайындау;

Дәрілік және қоректік клизма жасар алдында;

Қарсы көрсетпелері:

Тік ішектің және анус аймағының іріңді қабынуы

Ас қорыту жолдарынан қан кету;

Тік ішектің қатерлі ісіктері;

Жедел аппендицит және перитонит

Ішектерге операция жасағанда алғашқы күндері

Жедел жүрек қан-тамыр жетіспеушілігі

Қажетті заттар: Бір рет қолданылатын Эсмарх кружкасы, оны ілетін штатив,

залалсыздандырылған вазелин майы, клеенка, дәрет ыдысы

(егер процедура палатада орындалатын болса), 1,5-2л жылы

су, латекс қолғаптар, медициналық халат, клеенкалы

алжапқыш.

Міндетті шарттар:

Жіберілетін судың температурасы іш қату түріне байланысты:

- атониялық іш қатуда- 12˚-20˚С;

- спастикалық іш қатуда- 37˚-40˚-42˚С;

- іш қатуда- 20˚-25˚С.

Іс -әрекеттер: