Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКА лекция.doc
Скачиваний:
3506
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.77 Mб
Скачать

1 .Науқасты отырғызып, клеенкалы алғышты кигізу;

2. Аяғының арасына леген немесе шелек қою;

3. Құсу кезінде науқастың маңдайына алақанды койып басын ұстау;

4. Құсып болғаннан соң, аузын шайғызып, бетін орамалмен сүрту;

5. Дәрігер келгенше құсықты шелек ішінде қалдыру.

Белгісіз умен уланғанда құсықты таза, кұрғақ ыдысқа жинап, қақпағын мықтап жауып, жолдамасын толтырып, зертханаға жіберу керек. Құсып жатқан науқасты тыныштандыру керек. Егер науқас соншалық әлсіз болса, отыруға шамасы келмесе, немесе ес-түссіз жағдайда болса, онда мейірбике мынадай қимыл әрекеттерді жасауы тиіс:

1. Науқасты бір бүйіріне жатқызу (егер науқастың қалпын өзгерту мүмкін емес болса, құсық аспирациясын - тыныс алу жолдарына түсуін болдырмау үшін басын бір жаққа бұрады).

2. Мойын мен кеудесін орамалмен жабу;

3. Аузына бүйрек тәрізді лоток қою;

4. Әр бір кұсудан кейін ауыз қуысын сумен немесе 2% натрий гидрокарбонат ерітіндісімен тазалап тұру (керек жағдайда алдын-ала ауыз қуысынан кұсық массасын алмұрт тәрізді баллонмен сорып алған жөн).

Мейірбике әрдайым науқастын жанында болып, оның жағдайын қадағалап, құсық аспирациясын болдырмауы керек. Егер кұсықта алқызыл қан (өңештен қан кету) болса немесе кофе түсі сияқты (асказанан кан кету) болса, келесі кимыл әрекетті орындауы керек, себебі бұл шұғыл іс әрекетті талап ететін жағдай :

1. Науқасты жатқызып, төсегінің аяқ жағын көтеру;

2. Дәрігер шақыру;

3. Төс етегі аймағына мұзды қабық қою.

Науқасты тыныштандыру, дәрігер келгенше жалғыз қалдырып кетуге болмайды. Бірінші тәулікте тамақтандыруға, сұйықтық беруге болмайды. Сонан соң суық жартылай сұйық тамақ рұқсат етіледі.

Адам қажеттіліктерінің арасында ішу, жеу, бөлу секілді қажеттіліктер күнделікті қандағы қоректік заттардың тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ететіндіктен негізгі орын алады. Тағам адамның іс-әрекет етуіне керекті энергияның көзі болып қана қоймай, сонымен қатар оның әрмен қарай өсіп-даму материалы болып келеді. Аштық сезімі, тәбет адамның тамақты іздеуіне, қабылдауына себепші болады. Ағзаның сыртқы ортамен тағам аркылы байланысы маңызды байланыс болып саналады.

Қанға керекті қоректік заттар сіңгеннен кейін әр түрлі заттардың ыдырауынан түзілген қалдық заттардан тазартылады. Бұл бөлу мүшелерінің жұмысы арқылы жүреді, мысалы: адамда тәулігіне орташа есеппен 150-250 г нәжіс массасы түзіліп шығарылады. Бөліп шығару процесі бір тұтас биологиялық процесс болып, онда ас қорыту жолдарымен қатар бүйрек, өкпе, тер бездері катысады. Ас қорыту күрделі өңдеуді кажет ететін ұзақ жол болғандықтан, адамның тамақтану және бөлу қызметтерінің қажеттіліктерінің қанағаттандырылуының бұзылуы кең таралған және бұл 100 адамның ішінде 15-20-адамда кездеседі. Көбіне бұл аурулар созылмалы ағымда болып, қозу және ремиссия кезеңдерімен өтетіндіктен, емделушілер бірнеше рет медициналық және мейірбикелік көмектерді қажет етеді. Дәл осы санаттағы емделушілердің сауығуына тек қана дәрілердің ғана емес, сонымен қатар мейірбикенің құзыреттілігіндегі дұрыс ұйымдастырылған күтім, тамақтану тәртібі маңызды рөл атқарады. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Жұтқыншақ, өңеш, асқазан, он екі елі ішек, ащы ішек, тоқ ішек, тік ішекпен аяқталады.

Ас қорыту жүйесі ауруларына тән симптомдар

Ауырсыну орналасуы бойынша:

1. Асты жұтынған кезде төс сүйегінің артындағы ауру - өңеш дерттеріне тән;

2. Эпигастрий тұсындағы ауру – асқазан дертіне тән;

3. Пилородуоденалдық аймақтағы аурулар – 12 елі ішек дерттеріне тән;

4. Кіндік тұсындағы аурулар – көбінесе аш ішектің дерттерінде кездеседі;

5. Мықын аймағында немесе іштің екі бүйіріндегі ауру – тоқ ішектің

зақымдануында кездеседі;

6. Дефекация кезінде ауырсыну – тік ішектің немесе анустың

зақымдануында кездеседі.

Тәбеттің бұзылуы: тәбеттің төмендеуімен, жоғарлауымен, жойылуымен сипатталады.

Кекіру – асқазандағы ауаның немесе оның ішіндегі астың өңешке түсуі.

Қыжылдау – төс сүйегінің артында пайда болатын өте күшті күйдіру сезімдері.

  1. астың мінезіне байланысты- қышқыл, тәтті, ащы, сұйық;

  2. ас қабылдаған соң аш қарынға, еңкейгенде, жатқанда, күшенгенде пайда болады.

Жүректің айнуы- құсу алдында пайда болады, астың мінезіне байланысты болады; құсып болған соң жеңілдік әкеледі немесе әкелмейді.

Құсу: асқазанның ішіндегі заттардың ауыз кейде мұрын арқылы сыртқа шығуы. Астың мінезіне және мөлшеріне байланысты болып келеді, құрамы – асқазандағы ас, кілегей, қан аралас, «кофе тұнбасы», запыран (өт құсу) т.б.

Іштің толып, басылып тұрған сезімдері: метеоризмде, ішектердің эвакуациясы бұзылғанда; түйілу кезінде пайда болады.

Диспепсия – ас қорытылудың бұзылу

АС ҚОРЫТУ МҮШЕЛЕРІ ҚЫЗМЕТІНІҢ БҰЗЫЛЫСЫ КЕЗІНДЕГІ МЕЙІРБИКЕЛІК ПРОЦЕСС

Ас қорыту мүшелері қызметінің бұзылуларында науқастарда келесі шағымдар байқалады:

  • іштің ауырсынуы;

  • асқазан диспепсиясы:

- қыжыл;

- дисфагия;

- кекіру;

- тәбеттің бүзылуы;

-жүрек айну және құсу; - ішек диспепсиясы (бұзылыстары):

- іш өту;

- іш қату;

- метеоризм;

- нәжісті ұстамау.

  • асқазан- ішектерден қан кеткенде:

- кенеттен болған әлсіздік, бас айналу, тершеңдік; - "кофе тұнбасы" тәрізді құсық;

- нәжістің қара түсті (мелена) болуы.

Ас қорыту бұзылыстарында науқастардың тәбетінің жоғары немесе төмен болуы туралы, соңғы күндері салмағының өзгеруі, күнделікті тамақтану тәртібі мен рационы туралы, көбінесе қандай тамақты: ащы, майлы, етті, сүтті тағамдар қалайтыны туралы сұрастыру керек. Сонымен қатар тамақтанудағы кандай да бір шектеулер бар-жоқтығын, жидек, шоколад сияқты тағамдарды қолданғанда бөрт- пелер мен қышыну, өзін жайсыз сезіну сезімдері болған болмағаны туралы сұрастырудың маңызы зор. Науқас тәулігіне орташа есеппен қанша сұйықтық мөлшерін қабылдайтынын, көбіне не ішетіні: кофе, шай, минералды су туралы мәлімет алу қажет. Ас қорыту мүшелері қызметі бұзылғанда ішек диспепсиясы (ішек қызметінің бұзылулары) байқалады, сондықтан науқастан дәретке отыра алмайтын кездері болғаны туралы, дефекацияның ауырлығы және жиілігі, бөлінген нәжістің мөлшері, түсінің өзгерулері және ондағы патологиялық қоспалар (шырыш, қан, ірің) туралы сұрастыру керек.

Ас қорту мүшелерінің бұзылулары әр түрлі тітіркендіргіш дәрілердің әсерінен болуы мүмкін. Сондықтан науқастан кейбір дәрілерді (ацетилсалицил қышқылы, резерпин, кальций хлориді, преднизолон, темір препараттары) қабылдағаны туралы сұрастыру өте маңызды. Ас қорытудың бұзылуларына алып келетін қауіп факторлары:

  • дұрыс тамақтанбау, темекі шегу, ішімдік;

  • улану, ішек инфекциялары;

  • тағам заттарына аллергия;

  • тұқым қуалаушылық.

Науқасты жалпы қараған кезде оның сыртқы келбетіне баға беру керек:

  • есі;

  • төсектегі қалпы;

  • шырышты қабат пен тері жамылғыларының түсі мен ылғал- дылығы;

  • ауыз қуысын қарау;

  • ауыздан жағымсыз иіс;

  • тіл (құрғақ, таңдақпен жабылған, жарылған);

  • алмалы-салмалы протездер мен бүлінген тістердің көрінісі;

  • жұтыну (ауырсыну, қиындықпен);

  • дене қызуы;

  • тыныс алудың ритмі, жиілігі, тереңдігі;

  • АҚ, РS және оларға сипаттама;

  • іші (көлемі жағынан үлғайған, үрленген, керілген, ұстап көрген

кезде ауырсынулар);

  • перианалдық аймақ (қабынған терісі, геморроидалды түйіндердің

ұлғаюы);

  • нәжіс сипаттамасын көзбен бағалау (формасы, мөлшері, иісі, түсі,

қоспалары);

  • құсықтың сипаттамасына (мөлшері, құрамы, қоспалары) көзбен

баға беру.

Мейірбикелік мәселелер:

  1. Төсектік тәртіпті сақтау қажеттілігіне байланысты өзіндік күтімнің тапшылығы (жеткіліксіздігі).

  2. Гиподинамия және тәбеттің төмендеуіне байланысты іш қатудың пайда болу қауіпі.

  3. Ұйқының бұзылуы.

  4. Қозғалмау фактісіне психологиялык бейімделудің қиын- дығы.

Осы уакыттағы нақты мәселе: іш қатудың пайда болу қаупі.

Қысқа мерзімді мақсат:

а) емделуші 2 күннен кейін ішек жұмысының реттелу маңыздылығын

түсінгенін көрсетеді;

б) науқас аптаның соңына дейін ішектің жұмысын реттеу жөнінде өз білімін

көрсетеді.

Ұзақ мерзімді мақсат: емделушіде күнде немесе күн сайын таңертең дәрет болады.

Мейірбикенің жоспары:

  1. Күнде 5 минут емделушімен оның мәселесі жайлы әңгімелеседі.

  2. Емделуші іш қатуға бейім болғанда белгіленген №3 диетаны сақтауын қадағалайды.

  3. Тәулігіне 1,5-2литр сұйықты пайдалануын қадағалайды. Мейірбике күнде таңертең аш қарынға 1 стақан су ішуді ұсынады.

  4. Емделушінің туысқандары әкелетін жемістердің (қарбыз, алхоры, кызылша салаттары) сипаттамасы жөнінде әңгіме жүргізеді.

  5. Күнде таңертең емделушінің ішін 5 минуттай уқалайды.

  6. Емделушіні белгілі бір уақыт аралығындағы дефекацияға шартты рефлекс қалыптастыруға үйретеді.

  7. Дәрігердің нұсқауы бойынша клизма қоюды және іш айдайтын дәрілерді беруді жүргізеді.

  8. Дәреттің жиілігін күнде байқап, температуралық параққа белгілеп отырады.

Мейірбике жоспарланған күтімді емделушімен байланыстыра білу керек. Мейірбике күтілген мақсаттарына жетуі үшін емделушіні түсініп және қолдауы болу керек, ол үшін емделуші мен мейірбике көмек жоспарының әрбір бөлімін бірге қарастырулары керек.Ас қорыту мүшелерімен қамтамасыз етілетін жеу, ішу, бөліп шығару қажеттіліктерінің бұзылуындағы мейірбикелік

іс-әрекеттің стандарты

  1. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: дәретке отырудың бұзылуы: іш өту (диарея)

II. МАҚСАТ Қысқа мерзімді мақсаттар: дәреттің жиілігі және оның консистенциясы қалпына келеді (индивидуалды

уақыт)

Ұзақ мерзімді - емделуші диетаның ерекшеліктері туралы білімін және перианалды аймақтағы теріні күту ережелерін көрсетеді.