
- •2.Емдеу сауықтыру ұйымдарындағы санитарлық - эпидемияға қарсы тәртіп
- •Науқастың төсеніштерін ауыстыру, сақтау
- •Мейірбикенің жалпы жұмыс орнындағы қауіпсіздіктің жалпы шаралары Мейірбике міндеттері:
- •Асептика және антисептика
- •Емделушілердің шалдығуы
- •Еңбектің қауіпсіздігін ұйымдастыру
- •Науқастың қаны мен басқа биологиялық сұйықтықтардың мейірбикенің киімі мен терісіне түсуі Мейірбикенің іс- әрекеттері:
- •Пациенттің биологиялық субстраттарының көздің кілегей қабығына түсуі
- •Пациенттің биологиялық субстраттарының мейірбикенің бет терісі мен ерніне түсуі
- •Биологиялық субстраттардың мейірбике мұрынының кілегей қабығына түсуі
- •Зарарлы болу қауіпі бар құрал-сайманмен саусақтарды жарақаттау
- •Зарарсыздандыру шараларын өткізуге арналған заттар және ол заттарға қойылатын талаптар:
- •3.Медициналық құралдарды тазарту кезеңдері. Емдеу бөлмелерін жинастыру түрлері. Мейірбикенің жұмыс орнын жұмысқа дайындау
- •Стерилизация (залалсыздандыру) . Стерилизация алдындағы тазарту
- •Залалсыздандыру алдындағы тазалау V кезеңнен тұрады:
- •Медициналық құрал- саймандарды залалсыздандыру алдындағы тазалығын тексеру (көзге көрінбейтін қанды жуғыш ерітінділерді, дәрі – дәрмектерді, тат басқанды) Азопирам сынамасы
- •Сынама жүргізу
- •Фенолфталеин сынамасы
- •Мейірбикенің сыртқы келбеті:
- •Ыстық, құрғақ ауамен залалсыздандыру
- •4.Қабылдау бөлімшесінің құрылымы және қызметтері Науқастарды қабылдау және санитарлық тазалықты ондеу.
- •1) Дезинсекция - науқасты қарағанда анықталған зиянды жәндіктерді (биттерді) кұрту;
- •2) Гигиеналық булау, душ немесе науқастың денесін сүрту;
- •3) Науқасқа таза ауруханалық киімдерді кигізу.
- •1) Жедел жәрдем көлігімен (сәтсіздік жағдайларда, мертігулерде, жедел ауруларда және созылмалы аурулар өршігенде);
- •2) Бөлімшелік дәрігердің жолдамасымен (үйде емдеу нәтижесіз болғанда) - жоспарлы жатқызу;
- •3) Басқа емдеу-профилактикалық мекемелерден ауыстыр ақылы (әкімшіліктің келісімімен);
- •4) «Өздігінен» (ауруханаға жақын жерде жағдайының нашарлауына байланысты науқастың өз бетімен келуі).
- •Қабылдау бөлімінің құрылысы:
- •Науқасты ауруханаға қабылдау
- •5.Науқастарды бөлімшеге тасымалдау
- •1. Қатаң төсектік (аурудың жедел сатысында біраз уакытқа тағайындалады, 1-3 күн), науқас
- •1. Анық сана - науқас сұрақтарға жылдам және нақты жауап береді.
- •1. Науқастың қолын шыбық артериясынан Рs анықтайтындай
- •2. Екінші қолын кеуде торына (кеуделік типті тыныс
- •3. Тыныс алу санын 1 минут ішінде есептеңіз.
- •Артериалды пульс
- •18 Жастан жоғары адамдардағы ақ деңгейінің жіктелуі (артериялық гипертензия бойынша воз, моаг, лчс VI және Ресейдің ұлттық ұсыныстарына сәйкес, 2001) мына кестеде берілген.
- •1 Дәреже 140-159 90-99
- •2 Дәреже 160-179 100-109
- •1. Пациентті ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.
- •0,5% Гидрокарбанат натрий немесе 0,5% перманганат калий, ауыз кергіш, тіл ұстағыш, астауша, пинцет, дәкелі салфетка, дәкелі немесе мақталы тампон, шпатель.
- •1. Құлақтың ішін дәкеден жасалған таяқшамен, оны айналдыра отырып тазалаңыз.
- •1. Қолғапты кию
- •1.Науқасты процедура мақсатымен, жүргізу кезеңдерімен таныстыру,
- •12Литр бөлме температурасындағы су,сиымдылығы 1литр
- •100Мл 10%-NaCl-ерітіндісі немесе 20-30% 50мл магний
- •1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.
- •1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.
- •1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.
- •1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру және келісімін алу.
- •1. Науқасты шалқасынан, тізесін бүгіп, шат аралы-
- •1. Қолдарыңызды жуып, кептіріп, колғап киіңіз.
- •1. Қолдарыңызды жуып, кептіріп, колғап киіңіз.
- •Ойылып қалуға әкелетін факторлар: қысым мен үйкелу
- •Ойылудың даму кезеңдері
- •Трофикалық бұзылыстар деңгейіне қарай ойылудың жіктелуі
- •13.Науқасты бақылау. Дене қызуын өлшеу. Жеке бекет.
- •1) Тұрақты (febris continua) - қызудың ұзақ уақыт көтерілуі гс-тан аспайтын тәуліктік тербелумен;
- •1. Терморегуляция
- •2. Дене қызуын өлшеу
- •1. Термометрдің бүтіндігіне көзіңізді жеткізіңіз!
- •1. Емделушіні жылыту;
- •14.Сау адамның тамақтану тәртібі. Науқастарды тамақтандыру
- •2. Гастростоманың немесе еюностоманың көмегімен. Көрсеткіштері: көмекей, жұтқыншақ, өңеш зақымданғанда немесе зілді күйгенде, өңешке жасалған операциядан кейін.
- •4. Қоректік клизма. Клизма көмегімен қоректендіруші ертінділерді енгізу. Қазіргі кезде өз маңызын жоғалтқан. Су, физиологиялық және т.Б. Ерітінділерді енгізуді емдік клизма деп атаған жөн.
- •15.Ауыр халдегі науқастарды тамақтандыру
- •Зонд көмегімен тамақтандыру
- •Науқасты асқазан тесігі (гастростома) арқылы қоректендіру
- •Пациентті асқазан тесігі /гастростома / арқылы тамақтандыру
- •Ректальды немесе тамақты тік ішекке клизма арқылы жіберу
- •Парентеральды немесе қоректік заттарды қан тамыры арқылы жіберу
- •1. «Қауіп келтірме». Әрбір ем барлық іс-әрекеттер, дәрігердің нұсқаулары аурудың жағдайын жеңілдетуге бағытталып, оған пайда әкелу керек – бұл басты этикалық принцип.
- •2. Ең жоғарғы байлық – адам өмірі.
- •3. Дәрігер әрбір науқастың жеке өмірін сыйлау керек, моральға жатпайтын қылықтардан аулақ болу керек.
- •4. Дәрігер кәсіби этикасын, өзінің мамандығын сыйлауға тиіс.
- •1. Жеке адамды құрметтеу.
- •1.Мейірбикелік үрдіс
- •Бағалау
- •Медбикелік диагноз (диагностика)
- •Мейірбикелік көмекті жоспарлау
- •Жоспарлауды жүзеге асыру
- •Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау
- •Топтары. Жаздырып алу, тарату, сақтау, қолдану түрлері
- •«В » тізіміне кіретін кейбір (әсері күшті дәрілер) дәрілік заттар:
- •3.Дәрілік заттарды энтеральді және ингаляциялық жолдармен енгізу
- •Пероральды қабылдаудың кемшіліктері:
- •Ингаляциялық енгізу жолдарының тиімділігі:
- •Ингаляциялық енгізу жолдарының кемшіліктері:
- •4.Ем шаралар бөлмесі мейірбикесінің жұмыс тәртібі
- •3% Хлорамин ерітіндісіне- 60 мин экспозиция;
- •1. Жұмыс кезінде мүмкіндігінше бір рет қолданатын саймандарды қолдану.
- •1. Әсерінің жылдамдығы.
- •2. Мөлшерлеудің дәлдігі, өйткені асқазан сөлінің және ас қорыту ферменттерінің дәрілік заттарға әсері болмайды.
- •3.Бауырдың кедергілік ролі болмайды.
- •1) Крафт-пакетті ашыңыз және оның ішкі (залалсыздандырылған) жағын шприцті жинау үшін қолданыңыз;
- •1 .Инъекция жасайтын жерді спиртке батырылған екі домалақтанған мақтамен алдымен үлкен аймақты сонан соң инекция жасайтын аймақты сүрту қажет.
- •Егу бөлмесін жинау
- •Жеке қауіпсіздік барьерлері
- •Егу жасауға дайындалу
- •Дәріні ампуладан, флаконнан алу алгоритмі. Антибиотиктерді еріту. Инсулин дозасын есептеу
- •Антибиотиктерді еріту
- •1:1 Тәсіл мен антибиотикті еріту:
- •5. Тері ішіне, тері астына егу алгоритмдері
- •1) Спиртке матырылған мақтамен алдымен жоғарғы сыртқы квадранттың үлкен бөлігін, содан кейін инъекция жасайтын жерді өңдейді;
- •Көк тамырға дәрі дәрмектерді тамшылатып жіберу ерекшеліктері, системаны құрастыру
- •I. Көк тамырлық инъекция жасаудың реті.
- •II. Көк тамырға құюды жургізудің реті.
- •1. Науқасқа жасалатын іс-шараны хабарлаңыз;
- •1.Дәріні енгізуді тоқтату,
- •Кальций хлоридін қолдану ерекшеліктері
- •Инсулинді енгізу ерекшелігі
- •7.Инъекциядан кейін байқалатын асқынулар
- •7.Науқас жағдайын сараптау
- •1. Анық сана - науқас сұрақтарға жылдам және нақты жауап береді.
- •8.Зертханалық зерттеу әдістері
- •10.Эндоскопиялық зерттеу әдістері
- •12 .Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларының клиникалық белгілері .Гипертониялық криз,журек аймағында ауыруы.
- •1 .Науқасты отырғызып, клеенкалы алғышты кигізу;
- •III. Мейірбикелік іс-әрекеттер сипаты:
- •I. Мейірбикелік диагноз: Қыжылдау
- •I. Мейірбикелік диагноз: Тәбеттің болмауы
- •I. Мейірбикелік диагноз: Асқазан - ішектен қан кету
- •1. Егер олар ішке қабылданған болса, онда асқазанды шаю жүргізіледі.
- •16.Жүрек пен өкпе қызметін қарапайым түрде қалыпқа келтіру
- •17.Халі нашар және жанталас үстіндегі науқастардың күтімі.
- •1. Преагония
- •2. Агония
- •3. Биологиялық өлім
«В » тізіміне кіретін кейбір (әсері күшті дәрілер) дәрілік заттар:
никотин қышқылы 11. нитроглицерин
адонизид 12. лобелин
амилнитрит 13. люминал
инсулин 14. эфедрин
мезатон 15. кордиамин
фталазол 16. кофеин
преднизолон 17. хлоралгидрат
эуфиллин 18. аминазин
дибазол
викасол
Бөлімшелерде дәрілерді сақтауға қойылатын жалпы талаптар
Мейірбике бөлмесінде дәрі дәрмектерді сақтауға арналған кілтпен жабылатын шкафтар болуы керек.
Дәрілік заттар шкафы ішіндегі сөрелерде дәрілер топтарға бөлініп орналасады (стерильды, ішке, сыртқа). Әр сөреде тиісті нұсқаулар («сыртқы қолдануға арналған», «ішкі қолдануға арналған» және т.б.) болуы керек.
Парентеральды және энтералды енгізулерге арналған дәрілік заттарды сөрелерге тағайындау бойынша (антибиотиктер, витаминдер, гипотензивті дәрілер т.б.) орналастырған жөн.
Артына үлкенірек, ал алдына кішірек ыдыс пен қорапшадағы дәрілерді қойған жөн. Бұл кез-келген этикетканы оқып және қажетті дәріні тез алуға мүмкіншілік береді.
Емделуші күтіміне арналған және дезинфекциялаушы заттарды дәрі дәрмектермен бірге сақтауға қатаң тыйым салынады.
«А» тізіміне кіретін дәрілік заттар сейфте сақталады.
Күннің әсерінен ыдырайтын дәрілерді күннің сәулесі түспейтін жерлерде (оларды әдейі қоңыр флаконда шығарады) сақтайды.
Иісі аңқыған дәрілерді (иодофарм, лизол және басқалар) басқа дәрілерге иісі тарамау үшін бөлек сақтайды.
Тез бұзылатын препараттарды (тұнбалар, қайнатпалар, микстуралар) және майлар, вакциналар, сарысу, ректалдық, балауыздарды және т.б. тоңазытқышта сақтайды.
Спиртті сығындылар, тұнбалар, тығыз тығындалған флакондарда сақталады, өйткені спирттің булануына байланысты уақыт өткен сайын олар қоюланып дозасының ұлғаюын туғызуы мүмкін.
Дәріханада даярланған металдық қақпақпен жабылған флакондағы стерильді ерітінділердің сақтау мерзімі 10 тәулік, ал қағазбен оралғандар 3 тәулік бойы сақталады. Тұнбалар, қайнатпалар мен микстураларды сақтау мерзімі 3 тәуліктен аспауы керек. Сол уақыт ішінде пайдаланбаса да, жарамсыздық белгілері болмаса да оларды төгіп тастау керек.
Жарамсыздық белгілеріне жатады:
Залалсыз ерітінділерде түсінің, мөлдірлігінің өзгеруі, үлпектердің болуы;
Тұнбалар, қайнатпаларда лайлану, түсінің өзгеруі, жағымсыз иістің пайда болуы;
Ұнтақтар, таблеткалардың түсінің өзгеруі.
Мейірбикенің құқығы жоқ :
Дәрілердің формасы мен қорапшаларын өзгертуге;
Түрлі қорапшалардағы бірдей дәрілерді бір қорапшаға біріктіруге;
Дәрілердің этикеткасын ауыстыруға және жөндеуге;
Дәрілерді этикеткасыз сақтауға.Науқастарға дәрілерді тарату
Мейірбике дәрілерді дәрігердің тағайындауымен таратады. Дәрілерді тағайындауға, тоқтатуға немесе басқасымен ауыстыруға мейірбикенің құқығы жоқ. Тек қана кейбір жағдайларда, мысалы - шұғыл көмек қажет болғанда немесе дәріге жоғары сезімталдық байқалғанда өздігінен дәрі беруге немесе дәріні тоқтатуға болады. Бұл жағдай жылдам дәрігерге хабарланады.
Көп жағдайда науқастар өздеріне белгіленген дәрілерді қабылдаудан бас тартады, дәрі ешбір жақсы өзгеріс әкелмейді деп дәрілерді лақтырады. Осы кезде мейірбике сабырлық сақтап, емделу барысында дәрі-дәрмектерді белгілеген уақытта арнайы тәртіппен қабылдау қажеттігін, қатаң сақтау керектігін байыппен түсіндіру керек. Мейірбике дәрілерді тарату кезінде науқастардың дәріні қабылдағандығын мұқият қадағалауы керек. Науқастар тарапынан оларға белгіленген дәрілік препараттар жөнінен көптеген сұрақтар туындайды, бұл жағдайда мейірбике өз деңгейінде толық жауап беруге (дәрінің көмегі, ерекшелігі) тиіс. Кейбір жағдайда науқастар дәрілік заттарды тік ішек арқылы енгізуді ұят деп ойлайды, сондықтан олар келіспейді. Мейірбике науқасқа бұл емнің дәрігердің тағайындауымен жүргізілетіндігін түсіндіре отырып, емді жеке бөлмеде, ешқандай ыңғайсыздық туғызбайтын жағдайда өткізу керек.
Емделушілерге дәрілерді тарату алдында жылжымалы үстел үстіне дәрілері бар ыдыстарды (қатты және сұйық), пипеткалар (әрбір флаконға бөлек), мензуркалар, су құйылған графин, қайшылар, белгілеу қағаздарын қойыңыз.
Дәрігердің нұсқауына сәйкес дәріні емделушілердің төсектері алдына
таратыңыз.
Емделушіге дәріні бере отырып, дәрінің ерекшеліктері туралы
ескертіңіз: ащы дәм, жаман иіс, қабылдаған соң зәр иісі, нәжіс түсінің
өзгеруі.
Емделуші Сіздің көзіңізше дәріні қабылдауы керек
Дәрілерді осы тәртіппен тарату өте ұтымды болады, себебі:
Медбике емделушінің дәріні қабылдауын бақылайды;
Медбике белгіленген дәрі туралы емделуші сұрақтарына жауап бере
алады;
Дәрілерді таратқанда қателіктер жіберілмейді.
Дәрілерді таратқан кезде есте сақтау керек:
Дәрілерді тарату кезінде көбінесе дәрілерді тамақтанудан 15-30 минут бұрын береді, себебі дәрілер тамақпен араласып сорылуын баяулатады.
Ас қорыту жолдарының кілегей қабатын тітіркендіретін (темір препараттары, ацетилсалицил қышқылы, кальций хлориді ерітіндісі және т.б. дәрілерді) ас ішіп болған соң 15-30 минуттан кейін қабылдайды.
Ас қорыту процесін жақсартатын ферментті препараттарды (фестал, панзинорм, асқазан сөлі және т.б.) емделушіге аспен бірге береді.
«Ашқарынға» белгіленген дәрілер емделушілерге таңғы астан 20-60 минут бұрын беріледі.
Ұйықтатын дәрілер ұйқыдан 30 минут бұрын қабылданады.
Нитроглицерин, валидол (қажет болса) емделушінің тумбочкасында үнемі болады.
Тұнбалар, қайнатпалар, ерітінділер, микстуралар әдетте ас қасықпен (15 мл) белгіленеді. Ал ауруханада мөлшерленген мензурка қолданған ыңғайлы.
Спирттік тұнбалар, сығындылар мен кейбір ерітінділер (мысалы, 0,1% атропин ерітіндісі, сасық шөп тұнбасы) тамшы ретінде белгіленеді. Дәрі толтырылған флаконның тамызғышы болмаса, пипетканы қолданады. Әрбір дәріге арналған бөлек тамызғыш болуы керек.
Құрамында темірі бар пилюля, драже, капсула және таблеткалар өзгермеген күйінде қолданылады.
Көптеген емдеу бөлімшелерінде медбикелер уақытты үнемдеу мақсатында ұяшықтарға бөлінген астаушаға дәрілерді алдын ала салып қояды. Әр ұяшықта емделушінің аты-жөні, палата нөмірі көрсетілген. Медбике осы астаушамен дәрілерді емделушілерге палаталар бойынша таратады.
Осы тәртіппен таратудың кемшіліктері:
Дәріні қабылдағанда бақылаудың болмауы емделуші дәрі қабылдауды ұмытып кетеді, дәріні лақтырып кетеді немесе кешіктіріп қабылдайды.
Дәрілерді таратудың жекешелендірілген кестесімен қабылдаудың тәртібі сақталынбайды («астан бұрын», «астан кейін», «аспен бірге»).
Тарату кезінде қателер болуы мүмкін (медбикенің мұқиятсыздығынан дәрілік заттар басқа ұяшыққа салынуы мүмкін немесе емделуші қателесіп, оған белгіленбеген дәрілерді алуы мүмкін).
Астаушаның ішінде дәріханалық қорапшасыз жатқан дәрілік препараттар. Емделушіге белгіленген препараттар жөнінде сұрақтарға жауап беру қиын, өйткені олар астауша ішінде дәріхананың қорапшасынсыз жатады.
1. Дәрі –дәрмекті сырқатқа енгізудің әртүрлі тиімді әдістері.
Хирургиялық кеселдері бар балаларды емдеудің негізгі жолы операция жасау болғанымен және сауықтыру мақсатында берілген дәрі-дәрмектердің атқаратын ролі өте күшті. Операция қаншалықты шебер жасалғанмен операциядан кейін сырқат дәрі-дәрмексіз қалса, созылмалы қабынуы асқына береді. Егер операция арқылы бүйрек кеселін кесіп алып тастағанда, одан несеп бөлінуін қалпына келтіргенмен, бүйректің созылмалы қабынуы сақталып қала береді. Оны тек операциядан кейін 2-3 айға дейін үздіксіз жүргізілетін ем-дом көмегімен ғана емдеп шығаруға болады. Операциядан кейін жөндеп емделмесе, онда бүйректің созылмалы қабынуы біртіндеп өрши береді.
Дәрілер әсері. Кейбір дәрілер кеселдің туу себебіне қарсы әсер ету үшін қолданылады. Мұны этиологиялық емдеу дейді. Бала ішегінде өмір сүретін аскорида, острица деп аталатын құрттардың көзін жою үшін, пиперазин дәрісін береді. Сол сияқты баланың бойында әртүрлі қабынулар мен іріңді құбылыстарды тудыратын микробтарды өлтіру үшін пенициллин, стрептомицин, эритромицин, тетрациклин, ампицилин деп аталатын антибиотиктерді пайдаланады.
Кеселдің одан әрі дамуын емдеуге арналған патогенетикалық дәрі-дәрмектер болады. Мысалы, жаңа туған нәрестелердің асқазанының ұлтабарға өтер жері тырысып (пилороспазм), уақытша тамақ жүрмей, құса беретін кеселі болады. Мұндайда тырысуды кетіру үшін атропин, аминозин деп аталатын дәрілерді беріп емдеуге болады.
Денедегі кейбір ағзалардың органикалық немесе функционалдық жетіспеушілігінің салдарынан туындайтын кеселдерді емдеуге арналған орнын басу емі болады. Оған ұйқы безіндегі аралдық клеткалардың бөліп шығаратын, денедегі көмір сутегі алмасуын реттеп тұратын, инсулин деп аталатын уыттың жетспеушілігі салдарынан дамитын, сусамыр (қант диабеті) деген кеселді емдеу үшін жасайды, инсулин қолданылады.
Баланың бойындағы кеселдің салдарынан пайда болатын нышандарын болдырмауды симптоматикалық емдеу дейді. Егер баланың жілік майы өткір қабынса, оның жұрегі де, өкпесі де бүйректері де, бауыры да осыған байланысты қабынуы ықтимал. Осы қабынулардың салдарынан баланың бойында қосымша дерт нышандары пайда болады, соны тудырып тұрған ағзаларды өздеріне тиісті дәрі-дәрмектермен емдеу қажет.
Берілетін дәрілер мөлшері. Әрбір сырқатқа оның жасына, салмағына, кеселінің күрделігіне қарай әртүрлі мөлшерде дәрілер беріледі. Қандай дәріні қанша мөлшерде беру керек екенін емдеуші дәрігері ауру тарихына жазып кеткенімен оны науқастарға тарататын мейірбикештер де қай дәрінің қалай әсер ететінін білуге міндетті.
Әр дәрінің сырқат жасына, салмағына қарай емдік мөлшері болады. Дәл осы мөлшер ғана науқасқа ең қолайлы емдік әсерін тигізеді: белгіленген дәрілердің бір рет ішетін және бір тәулікте ішетін мөлшері болады. Әдетте бір тәулікте ішетін дәрінің мөлшерін 3 уақытқа яғни азанға, түске, кешке бірдей етіп бөледі.
Берілген дәрінің мөлшері шектен тыс көбейіп кетсе, онда бала уланып қалады, кейде өліп кетуі де ықтимал. Сондықтан берілетін дәрінің мөлшерін еш уақытта асыруға болмайды. Егер мейірбикеш байқамай дәріні шектен тыс көп мөлшерде ішкізіп қойса, құйса, онда оны қорқып жасырмай, тез арада емдеуші дәрігерге хабарлау қажет. Неғұрлым тез қарсы әрекет жасап, емдеуге кіріссе, соғұрлым дәріге уланған сырқат өмірін аман сақтап қалуға мүмкіндік туады.