Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жер кукыгы.docx
Скачиваний:
86
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
179.21 Кб
Скачать

4. Кеңестік кезендегі жер қатынастары. «Жер туралы» декрет.

«Жерді социализациялау туралы» заң

Үшінші кезең. Социалистік кезең 1917-1990 жж. Бүл кезенде билік тек халыкка берілуі тиіс және жер тек халықгікі болуы тиіс және пайдалануы тегін болуы тиіс деген кағидалар катан ұсталды.

1917 жылы Лениннін «Жер туралы» декреті шығарылды. Жер туралы декрет келесіні жариялады:

«1) Жерге помещиктік меншік ешбір өтеусіз тегін түрде ауыстырылады.

2) помещиктердің жерлері, үлестік, шіркеулік, монастрьлык жерлер секілді, барлыкжанды және жансыз күралдарымен, усадь- балык құрылыстармен Болыстык Жер комитеттерінің, Шаруа- лық депутаттардың Уездік кеңестерінін кол астына Кұрылтай- шы жиналыс жер туралы мәселені шешкенге дейін өтеді.

5) Карапайым шаруалар мен карапайым казактардын жерлері тәркіленбейді.

Ары карай, Жер туралы Шаруалар бүйрығында, одан теренірек карастыргандай:

1) Жерге жеке меншік күкығы мәнгі жойылады; жерсатыл- майды, сатып алынбайды, жалға беру, кепілге койылмайды неме­се кез келген баска әдіспен окшауланбайды. Барлык жер... акысыз окшауланып, бүкіл халыктык игілікке айналады және онда еңбек ететін барлык адамдардың пайдалануына өтеді.

5) Жерді пайдалану кұкығын Ресей мемлекетінің жерді отба- сының көмегімен немесе серіктестік аркылы өз енбегімен өндеу- ге ниет білдірген барлык азаматтары (жынысына карамастан) өндеуге күші бар мерзімге ала алады. Жалдамалы еңбекке жол берілмейді.

7) Жер пайдалану теңестіруші болу керек, яғни жер еңбектік немесе тұтыну нормасы бойынша жергілікті жағдайларға карай енбекшілердің арасында бөлінеді».

1919 ж. Жерді социализациялау заңы шыкты. «Жердін социа- лизациялау туралы» Декрет, әрине, Жер туралы декретпен үндес болды. Онда және де жарияланғандай:

  1. бап. РСФСР шегіндегі жерге, койнауға, су, ормандарға және табиғаттың барлык жанды күштеріне кез келген меншік жойы­лады.

  2. бап. Жер ешбір (анык және жасырын) өтемақысыз еңбекші халыктын пайдалануына өтеді.

  3. бап. Осы занмен ерекше карастырылған жағдайларды кос- пағанда, жерді пайдалану күкығы оны өз енбегімен өндеушілерге ғана тиесілі.

  4. бап. Жерді пайдалану кұкығы жынысына, діни көзкараста- рына, ұлты, бодандығына карай шектелмейді.

5. Егемеиді Қазакстандагы жер қатынастары. Қазақстан Реснубликасының жер қатынасгарынын нарык талаптарына сай дамуы

Төртіниіікезең. Казакстан Республикасы өзінін мемлекеттік еғемендігін алғаннан бастап, оте кыска уакыт аралығында жер катынастары саласы көптеген өзгерістерге ұшырады, яғни, жаңа жер кұкыктык кұрылым пайда болды. Жерге тек кана мемлекеттік меншік кұкығы мен тегін жер пайдалану кұкығының орнына жерге мемлекеттік меншікпен катар, жеке меншік кұкығы да танылып, жерге акы төлеу енгізілді және өзге жер кұкыктык өзгерістері орын алды.

Казакстан Республикасы егемендігін алғаннан кейін мемле­кет аумағында біраз уакытка дейін КСРО кезінде кабылданған зандар әрекет етті. КазССР-нін 1990 жылы 16 карашада кабыл­данған Жер кодексі төмендегідей ережелерді дамытты:

Республика территөриясында 5 жылдан астам өмір сүрген азаматтарға, шаруа кожалыктары, бау-бакша және мал шаруа­шылығы, күрылыс және тұрғын үйге кызмет ету, саябак кұры- лыстары, ұлтгык әдет-ғұрып кәсіп ету және қолөнер үшін өмір бойы мұрагерлік кұкыкта иеленуге жер бөліктерін беру туралы;

азаматгарға берілетін жер бөліктеріне койылған шектерді алып тастау туралы;

жер пайдаланушылардың әрекеттеріне мемлекет, шаруашы- лыктык ұйым және баска да ұйымдар тарапынан араласуға ты- йымсалу туралы;

жер иелерімен жер пайдаланушылардың: жерде ерікті шаруа- шылык жүргізуіне; ауыл шаруашылығымен айналысудан өндірілген өнімдерге және оларды өткізуден түскен меншік кұкығын бекіту күкыктарын зандандыру туралы; жерді жалға беру туралы;

жер катынастарын реттеуге байланысты жергілікті жерлер- дегі өкілдер және аткарушы билік ұйымдарының биліктері тура­лы каралды;

жерге төленетін төлемақы белгіленді;

жер дауларын шешуде сот органдары билігінін рөлі күшей- тілді;

КазССР-нің Жер кодексінде алғаш рет «социалистік» немесе «бүкіл халыктык» меншік деген ұгымдар колданылудан шығарыл- ды. Дегенмен де, бүл Жер кодексі жер катынастарын әкімшілдік- әміршілдік жүйе шенберінде ғана реттеуге сәйкестендірді. Нак- тырак айтканда, әлеуметтік-экономикалык өзгерістер көрініс берген елдегі жер катынастарының нарыктык экономикаға өту жағдайына жер зандары жауап бере алмады. Кодекс тұтастай ал- ғанда жер қатынасына реформалык ешбір нарыктык бағдар жа- сауға лайық болмай шыкты.

Жер катынастарының ары карай дамуы «Жер туралы» Жар- лыкта көрініс тапты. Азаматтар мен мемлекеттік емес занды тұлға- лардың жеке меншігінде өзінің максатына сәйкес үйлер мен ғима- раттарды қамтуға арналған жерлерді коса алғанда, кұрылыс са- луға берілген (берілетін) немесе өндірістік және өндірістік емес, онын ішінде тұрғын үй-жайлар, үйлер, ғимараттар және олар- дың кешенді салынған жер учаскелері бола алатыны толык түрде зандастырды. Дегенмен, Президент Жарлығыныңережелерін тал- дау жерге жеке меншікті енгізу жеке максат көзделмейтіндігін көрсетеді.

Жалпы жер кұкык катынастарын реттеуге катысты КСРО- ның барлык нормативті актілерінде «жер — мемлекет байлығы, сол себептен де ол жеке айналымға түспейді. Жерді иелену тек кана пайдалану күкығының негізінде беріледі» деген мазмұндағы кұкыктык норма міндетгі түрде орын алған. Бұл әркашан да «бар­лык жер коры тұракты пайдалану кұкығымен бүкілхалыктык меншікте болады» дейтін мемлекеттік кағида үстемдігінің одан әрі іске асырылу күкыктык әдісімен астасып жататындығын көрсетеді.

Осылайша, кеңестік жер күкығындағы тұракты жер пайдала­ну құкығы - еліміз үшін Кдзакстандағы ауыл шаруашылык жерін пайдаланушылардын, яғни кеншарлар мен ұжымшарлардын ба- сымдығы негізінде жерге бірыңғай, бірден-бір мемлекеттік меншік жағдайында оны акысыз, әрі мерзімсіз пайдалануға алып, жерді мәнгілік тегін пайдаланыгт келгендігімен сипатталары сөзсіз.

Тәуелсіз Қазакстан мемлекеті меншік катынастарын рефор- малауда жерге шаруашылык жүргізудін тен және әртүрлі ны- сандарын таңдай отырып, ауылда көп салалы экономиканы калып- тастыру, шаруа кожалыктарын дамыту максаттарын жүзеге асы- рудың негізі ретінде мемлекеттік меншікті сактап, оны реформа- лаудын басты тетігі ретінде жерді пайдалану институтын кенінен колданды. Жер пайдалану институты жер учаскелерін шаруашы­лык айналымға тартумен катар, жерге жеке меншікті кіргізудін кажетті жағдайларын байыпты түрде калыптастыруға бағытталды.

3-т а қ ы р ы п ЖЕР ҚҮҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ

              1. Жер қуқыгының қайнар көздерінің тусінігі және белгілері.

              2. Жер қуқыгының қайнар көздері мен жер заңнамасының ара- қатынасы.

              3. Жер заңнамасының мақсатыменміндеттері.

              4. Жер қуқыгы қайнар көздерінің жіктелуі. (заң куші бойынша; әрекет етуі бойынша; қуқықтық қатынастарды реттеу шеңбері бойынша; актіні қабылдаган орган бойынша).