Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жер кукыгы.docx
Скачиваний:
86
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
179.21 Кб
Скачать

1. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу қүқықтық механизмінің түсінігі

Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу дегеніміз — Казак­стан Республикасы аумағының жертұтастығын және кол сүғыл- маушылығын жерді табиғат байлығы ретінде сактау, оны нысана­лы пайдаланудыңжер меншік иелері мен жер пайдаланушылар- дың күкықтары мен занды мүдцелерін жер қатынастары сала- сындағы зандылыкты камтамасыз етуге бағытталған биліктік-ат- карушылык қызмет түрі болып табылады. Бүл кызметтің келесідей ерекшеліктері бар:

Бүл кызмет мемлекеттарапынан жүзеге асырылады. Мемле- кет атынан құзыретті мемлекеттік органдар кызмет жасауға құкылы;

Бүл кызмет әркашанда билікті, себебі жер ерекше объект, ол жердін аумағы табиғат байлығы, меншік объектісі және кез кел- ген кызметтің аумактык негізі;

Мемлекет билігін тек заң ғана шектей алады;

Нарыктык жағдайда мемлекет экономикалык ынталандыру әдістерін көбірек колданады.

Жер қатынастарын м&шекеттікреттеудің нысандары

            1. заң шығарушылык, жер катынастарын ретгеуді жүзеге асы- ратын зандарды кабылдау кызметі;

            2. заң орындаушылық, заң орындалуын камтамасыз ету кыз­меті;

            3. күкык қорғау кызметі, яғни кінәлі түлғаны жауапкерші- лікке тарту.

Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің әдістері дегеніміз — жер қатынастарын мемлекеттік реттеуде колданылатын амал- тәсілдердің жиынтығы. Олар екі топка бөлінеді: әкімшілік және экономикалык. Экономикалык әдістердің өзі өз кезегінде келесі шараларды камтиды:

  • жерді корғау шараларын жоспарлау және каржыландыру;

  • жерді ластағаны және пайдаланғаны үшін акы төлеу;

  • жер меншік иелерінің мүдделерін сактандыру (2004 жылы 9 желтоқсанда өсімдік шаруашылығын міндетті сактандыру ту­ралы заң кабылданды);

• жерді ұтымды нысаналы пайдаланғаны үшін экономикалык ынталандыру.

Жерді ластағаны және пайдаланганы үшін ақы төлеу. Жерді қорғау үшін ақы төлеу жер төлемдеріиің экологиялык кұкыктық көрінісі болып танылады. Жердің қоршаған ортаның ажырамас бөлігі болып табылатын табиғи объект екендігін нақты анықтай- ды. Себебі, жоғарыда карастырылған жер төлемдерініңтүрлері экономикалык сипаттағы, жердің кез келген еңбек процесінің аумактық негізі, ендіріс қүралы жөне азаматтык айналымның объектісі екендігін айқындайды. Жерді корғау үшін төленетін төлемдердің өзі бірнеше түрлерге бөлінеді. Олар: жерді ластаға­ны үшін ақы төлеу, яғни жерге эмиссияға ақы төлеу; жерді та­биғи ресурс ретінде молыктырғаны үшін акы төлеу; жерге келтірілген зиянның орнын толтыру т.б.

Жерді ластағаны үшін (эмиссия) үшін төлемақы. Жерді ласта­ғаны үшін төлемакы жерге өндіріс жөне тұтыну калдыктарын орналастырғаны үшін үйымдар мен азаматгардан алынады. Қазақ- стан Республикасының Экологиялык кодексіне сәйкес, корша- ған ортаға эмиссиялар үшін акы төлеу мәселесі аныкталған. Жердің қоршаған ортаның бір бөлігі екенін ескере отырып, эко­логиялык кодекс нормаларының жерді ластағаны үшін акы төлеу қатынастарын реттеуге таралатыны анық. Жерді ластағаны үшін акы төлеу дегеніміз — арнайы уәкілетті органдармен берілген рұксат шегінде ластағыш заттардың шығарындылары, төгінділері, коршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналасты- ру, зиянды физикалық эсер ету үшін төленетін есептеу әдістемесін колдана отырып аныкталатын төлемақы. Жерді ластау коршаған ортаны қорғау министрлігімен және оның аумактык органдары- мен берілетін экологиялык рүксатгар негізінде жүзеге асырылады.

Жер меншік иелерінің мүдделерін сактандыру. Сақтандыру- дың бүл түрі Казакстан Республикасының 2005 жылғы 13 жел- токсанда кабылданған «Міндетті экологиялык сактандыру тура­лы» Занына және Казакстан Республикасының Экологиялык кодексінің «экологиялык сактандыру» деп аталатын 107-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Онда экологиялык сактандыру кор­шаған ортага, баска адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіру салдарынан шарттан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілік тәуекелі туындаған кездегі жеке және занды түлғалардың мүліктік қүқыктарын (сак- тандырылғандарын) корғауға байланысты катынастар кешені бо­лып табылады деп айтылған. Шаруашылык және өзге де кызметтің экологиялык жағынан кауіпті түрлерімен айналыса- тын занды түлғалар мен азаматтар міндетті түрде экологиялык сакгандыруғатиіс. Міндетті сактандыру шарты сақтандырудың осы түріне лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкін.

Жерді үтымды нысаналы пайдаланганы үшін экономикалық ынталандыру. Жерді үтымды пайдалану және корғауды камтама­сыз ету үшін экономикалык ынталандырудың маңызы зор болуы керек, онсыз жоспарлар мен бағдарламалардың орындалуы мүмкін емес.

«Ынталандыру» термині (латынның хіітиіш деген сөзінен) сөзбе-сөз аударғанда — жануарларды айдайтын үшкір басты та- якты білдіреді. Баска сөзбен айтсак, ынталандыру — белгілі бір әрекетті жасауға ниетті тудыратын кұбылыс. Экономикалык ынталандырудың мәні жер пайдалануда жерді ұтымды пайдала­нуға оның ішінде корғауға деген тікелей мүддені туғызуда.

Соңғы жылдары ынталандыруға көп көңіл бөлінеді, өйткені тек жазалау санкциялармен ғана жер пайдалануды баскару мүмкін емес. Казакстан Республикасының коршаған орта бойынша іс әрекеттерінің Үлттык жоспарында және 2005-2007 жылдарға арналған ауылшаруашылык максатындағы жерлерді ұтымды пай­далану бағдарламасында мынадай міндет койылған - жерлерді немесе өзгетабиғи ресурстарды үтымды пайдалануды экономи­калык жағынан ынталандырудың ғылыми негіздерін әзірлеу. Со- нымен катар, табиғатты корғау кызметін ынталандырудың жал- пы кағидаларын әзірлеудің халыкаралык маңызы бар, өйткені ол 1992 жылғы 8 ақпандағы ТМД мемлекеттерінің көпжақты келі- сімінен туындайды.