Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жер кукыгы.docx
Скачиваний:
86
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
179.21 Кб
Скачать

2. Жер қүкық қатынастарынын шетелдік субъектілерінің күқықтық жағдайы

Шетелдік жер пайдаланушыларды мұкият галдап қарасты- райык.

• Шетелдік занды түлғалар.

Занды тұлғанын белгілі бір мемлекетке тиесілілігі жеке тұлға- ларының мемлекеттік кұкыктың институты ретінде накты мемлекеттін жеке түлғаларынын катынастарына ғана қолданы- латын азаматгығынан ажыратылады.

Жеке тұлға, жұмыс орны мен болу орны қандай болғандығы- на карамастан, тәртіп бойынша, бір ғана мемлекетпен байланыс- ты. Ол бір мезгілде екі жерде болуы мүмкін емес.

Занды түлға болса халыкаралык күкык субъектіліктің күшіне байланысты бірнеше елдермен байланыста болуы мүмкін.

Халыкаралык жеке күкыктың теориясында «занды тұлға­нын мәртебесі» және «занды түлғаның ұлттылығы» деген ұғым- дар бар және аталған ұғымдар мүлдем үксас емес түсініктер.

Занды тұлғанын жеке мәртебесі накты ұйымның занды тұлға катарына жататындығы, оның күкық кабілеттігінің көлемі және органдарымен мәміле жасасу тәртібі, әрекег ететіндігі қандай жағдайда пайда болады және тоқтатылады және кандай заңға сәйкес, кызметін тоқтатады деген сұрактарға жауап береді. Сон- дыктан жеке мәртебесі накты занды тұлғаның құқык'гык жағда- йын сипаттайды, бірак оның кызметі барысында туындайтын күкыктыксұрақтардың барлығын қамтымайды.

Өз кезегінде «занды тұлғаның ұлттылығы» деген ұғым ұлттық және өзге шетелдік занды тұлғаларды ажырату үшін және мүлдем баска сұрақтарды шешу үшін колданылады. Занды тұлғаның үлттылығы тұрғысынан белгілі бір мемлекеттін аумағында ша­руашылык қызметті жүзеге асыруға жіберуге болатындығы, салык салу режимі, валюталыкоперацияларды жүзеге асыру шарттары аныкталады.

Яғни, занды түлғаның ұлттылығы дегеніміз — занды тұлға- нын белгілі бір мемлекетке тиесілі екендігін аныктайтын ұғым. Әлемде занды тұлғанын үлтгылығын анықтаудың үш критериі бар:

инкорпорация қагидасы — қүрылған орны, жарғысы мен ережесін бекіткен орын — (АҚШ, Англияда);

орналаскан жері, ягни, басқармасының орналасқанжері, әкімшілік орталыгы - (еуропа континенталдыкелдерінде, Францияда, Ав- стрияда, Швейцарияда);

қызмет ету орны — (мысалы, Италияда).

  • Шетелдік азаматтар.

Кдзакстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 «Шетелдік азаматтардың күкыктык жағдайы» туралы Заңына сәйкес, Қазакстан Республикасындағы шетел азаматтары болып, Қазакстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, шетелдік мемлекетке тиесілі екенін дәлелдейтін кұжаты бар тұлға- лартанылады.

  • Шетелдік мемлекеттер.

Мемлекет сапасы халыкаралык кұкык субъектісі ретінде тану туралы және халыкаралык кұкыктар мен міндеттер жүйесіне тиесілі екендігі туралы сұрактарды шешуде маңызды. Халыкара­лык кұкык тұрғысынан, ол үшін үш элемент кажетті және жеткі- лікті: мемлекеттік аумак, мемлекеттік халыкжәне мемлекеттік билік.

Мемлекеттік аумак, - әлемнін шектеулі бөлігі, билік етудің айрыкша шегі.

Мемлекеттік халык ретінде, кұкыктык катынастык мүшелік- пен байланысты мемлекеттік тиесілі отырыкшы, үзак мерзімге есептелген адамдардың одағы танылады.

Мемлекеттік билік ұзак мерзімге болжанған тиімді, әрекст кабілетті Үкіметпен жүзеге асырылатын үйымдастырушылық билікті талап етеді. мемлекеттік билік егемендікке мұктаж. Ӏшкі катынастар бойынша, белгілі бір аумактагы барлыксаяси күштер- ге билік жүргізетінін білдіреді. Бүл биліктін күралы ретінде тұракты түрдегі, тиімді билік етуге орнатылган монополия таны­лады. Тек мемлекеттік билік кана үстемдікке ие, яғни коғамда бірыңғай кұкыктыктәртіпті орнатуға, мемлекеттік ұйымдар мен коғамдыкбірлестіктердің кұкыккабілетін аныктауға, азаматтар мен лауазымды тұлғаларға күкыктар мен міндеттер беруге құзыретгі егеменді белгіге ие.

Әрбір шетелдік мемлекет халыкаралык кұкык кабілеттікке ие және келесі белгілер тән:

  • егемендік;

  • дербес шарттыктәжірибе;

  • дипломатиялык және консулдык өкілеттіктермен өзара ал- масу;

  • халыкаралык ұйымдардың кызметіне катысу.

Халыкаралык үйымдар.

Халыкаралык үйымдар - халыкаралык катынастардын белгілі бір сүрактары бойынша өзара әріптестік үшін егеменді мемлекеттердін келісім негізінде күрылған ерікті бірлестігі. Ха­лыкаралык үйымдар мемлекетгер және халыкарлык үйымдар ара- сындағы немесе халыкаралык үйымдар арасындағы шарттар күкыгы туралы Вена Конвенииясының 3-бабына сәйкес, дербес субъектілер болып табылады. Олар мемлекеттермен күралады және егемеңдікке ие.

Халыкаралык үйымдардын белгілері ретінде:

  • халыкаралык кұрылтай шартының болуы;

  • белгілі бір мақсаттарының болуы;

  • сәйкес, үйымдастырушылык күрылымының болуы: түрак- ты органдардың жүйесі және штаб-пәтер;

  • мүше-мемлекетгер күкыктары мен міндеттерінен өзгеше дер­бес күкыктары мен міндеттерінінболуы;

  • халыкаралык күкык нормалары мен кағидаларына сәйкес күрылуы;

  • үш немесе одан да көп мемлекеттердін мүшелігі.

Халыкаралык ұйымдар - Халыкаралык валюталык кор, Қайта

күру және даму халыкаралык банкі, Халыкаралык каржылык Корпорациясы, Халыкаралык даму Ассоциациясы, Әлемдік сау- да үйымы және баскалар.