Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жер кукыгы.docx
Скачиваний:
86
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
179.21 Кб
Скачать

Ерекше бел і м

10-т а к ы р ы п АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДӀҢ ҚҮҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

/. Ауыл шаруашылыгымақсатындагыжерлердің қүқықтық жаг- дайының түсінігі және қүрамы.

    1. Ауылшаруашылықмақсатына арналган жерлергеменшік қүқыгы және өзге қүқықтар, ауыл шаруашылық мақсатындагы жерлерді пай­далану субъектілері.

    2. Арнайы жер қорының түсінігі және қүрамы.

    3. Ауыл шаруашылыгы мақсатындагы жер учаскелерін бір санат- тан келесі түріне ауыстыру тәртібі.

    4. Шарттьіжер үлесі. Жалпы сипаттамасы.

    5. Ауылшаруашылык, мақсатындагы жерлерді ауылшаруашылык, емесмақсаттарга пайдаланумен және оларды альт қоюмен келтірген шыгынды өтеу тәртібі.

1. Ауыл шаруашылығы максатындағы жерлердін қүқықтық жағдайының түсінігі және қүрамы

Статистикалык мөліметтер бойынша Қазакстан Республика­сынын жер аумағы 272490,2 мың гектарды кұрайды. Осылардың ішінде ауыл шаруашылык жерлері — 222513,6 мың гектарды қүрай- ды. Соңғысының ішіне сәйкесінше ауыл шаруашылық максатын­дағы жерлер де кіреді, оның жалпы көлемі 90910,35 мың гектар. Ал жер аумағының қалған бөлігін ауыл шаруашылыкөндірісінін максатында пайдаланылатын жердің баска да санаттары күрайды.

Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамы- туды мемлекеттік реттеу азық-түлік қауіпсіздігін, агроөнер­кәсіптік кешен өнімі нарыктарыныңтүрақтылығын камтамасыз етуге, кәсіпкерліктің тиімді жүйесін күруға, отандык өнімнің бәсекелестік артыкшылығын колдауға, сондай-ақ, өсімдік шаруа- шылыгын, мал шаруашылығын, балык шаруашылығын, ауыл шаруашылығы шикізатын кайта өндеуді және тамақ өнеркәсібін 13-ю 193 дамыту үшін жағдай жасау аркылы ауыл халқының тұрмыс деңгейін көтеруге, ветеринариялык-санитариялыкжөне фитоса- нитариялық кауіпсіздікті, техникалык жарақтандыру мен баска да ілеспе кызмет салаларын камтамасыз етуге, ауылдык аумак- тардың әлеуметтік және инженерлік инфракұрылымын дамытуға бағытталған.

Ауыл шаруашылыгымақсатындагы жерлер дегеніміз — ауыл шар- уашылығының кажеттері үшін берілген немесе осы максаттарға арналған жерлер болып табылады Ауыл шаруашылык максатын­дағы жерлер өз кезегінде 3 топка бөлінеді:

  • ауылшаруашылык алкаптары;

  • ауылшаруашылык мұктаждарын камтамасыз етуге арналған кұрылыстар, өзге объектілер су айдындары орналаскан жерлер;

  • өзге алкаптар; кұмдар, такырлар т.б. Ауылшаруашылык алкаптары бірнеше түрге бөлінеді: егістік,

жайылым, шабындыктар, көп жылдык екпелер, т.б. Суландыру

деңгейіне байланысты суарылатын алкаптар (суландыру деңгейі табиғи түрде 75 пайызды кұрайды) және суарылмайтын алкаптар болып бөлінеді.

Ауылшаруашылык алкаптарына жер заңнамасында берілген түсініктерге токталып кетейік. Казакстан Республикасынын Жер кодексінін 97-бабынын 4-бөлімінде осы түсініктер бекітілген.

Егістік — жүйелі түрде өнделетін және көпжылдык шөптердін егістігін коса алғанда, ауыл шаруашылығы дакылдарынын егісті- гіне пайдаланылатын жер учаскелері, сондай-аксүрі жер. Алдын. ала егілетін дакылдардын егістігі орналаскан (үш жылдан аспай- тын уакытаралығында), түбегейлі жаксарту максатында жырты- лған шабындыктар мен жайылымдардын жер учаскелері, сондай- ак баска бактардың егіске пайдаланылатын катар аралығы егіс- тікке жатпайды.

Тыңайган жер - бүрын егістік күрамында болған және күзден бастап бір жылдан аса ауыл шаруашылығы дакылдарын егуге пай- даланылмайтын және пар айдауға әзірленбеген жер учаскесі.

Көпжылдық екпелер - жеміс-жидек, техникалык және дәрі- дәрмек өнімдерінін түсімін алуға, сондай-ак аумакты сәндеп безендіруге арналып колдан отырғызылған көпжылдык ағаш, бүта екпелеріне пайдаланылатын жер учаскелері.

Табиги шабындықтар мен жайылымдар — шөп егу аркылы жа- ңадан отайған шабындык және жайылым учаскелері.

Суландырылган жайылымдар - тиісті мал басын сапасы ойда- ғыдай сумен камтамасыз ете алатын су көздері (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару және суландыру каналдары, күбырлы немесе шегінді күдыктар) бар жайылымдар.

Ауыл шаруашылығы максатындағы жерлерді мемлекеттік-рет- теу алдына келесідей міндеттерді кояды:

  • жерлердін бүзылуына, деградацияға ұшырауына және ша­руашылык кызметгің баска да жағымсыз салдарының орын алуы- на тосқауыл болу, экологиялык кауіпсіз өндіріс технологияла- рын пайдалана отырып, мелиоративті және баска да іс-шаралар- ды ұйымдастыру;

  • бұзылуға және деградацияға ұшыраған жерлердін жаксар- уын және калпына келуін камтамасыз ету;

  • жерді дүрыс пайдаланудын экологиялык нормативтерін тәжірибеге ендіру;

  • мемлекеттік органдардын, жеке, заңды тұлғалардын және лауазымды адамдардын Казакстан Республикасы Жер зандары- ныңсакталуын, Қазакстан Республикасы зандарының бүзылу- ын аныктау және жою, азаматтар мен занды тұлғалардың бұзыл- ған кұкыктарын калпына келтіру, жер учаскелерін пайдалану ережелерінін сакталуын, жер кадастры мен жерге орналастыру ісінін дұрыс жүргізілуін және жерді ұтымды пайдалану мен корғау жоніндегі іс-шаралардын орындалуын камтамасыз ету;

  • колданыстағы жер пайдалануды калыптастыру және ретке келтіру жөніндегі шаруашылыкаралык жерге орналастыру жо- баларын жасау, белгілі бір жерде жер учаскелерін бөліп беру мен шекарасын белгілеу, жер учаскесіне меншік кұкығына және жер пайдалану кұкығына күжаттар жасауды ұйымдастыру;

—жерді тұгендеу ісін жүргізу, пайдаланылмай жаткан, ұтым­ды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы максатында пайда­ланылмай отырған жерді аныктау;

  • ауыл шаруашылык жері нің табиғи және шаруашылык жағ­дайы, жер учаскелерінің орналаскан жері, нысаналы пайдаланы- луы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалык сипаггамасы ту­ралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлык кұны туралы мәліметгердің жүйесін калыптастырады;

  • ауыл шаруашылығы жері саласында орын алып жаткан өзгерістерді уактылы аныктау, оларды бағалау, одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде үсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру және де көптеген баска да салалык міндеттерді өз алдына міндет ретінде кояды.