Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жер кукыгы.docx
Скачиваний:
86
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
179.21 Кб
Скачать

5. Жерді ерекше шарттармен пайдалану аймактары және ол жерлердің қүкықтык жағдайы

Түргын халыктын кауіпсіздігін камтамасыз ету және өнер- кәсіп, көлік объектілері мен өзге де объектілерді пайдалану үшін кажетті жағдайлар жасау максатында аймактар белгіленеді, ай- мактарды белгілеу максаттарына сай келмейтін кызмет түрле- ріне олардын шегінде шек койылады немесе тыйым салынады.

Жерді ерекше шарттармен пайдалану аймактарына:

  1. өнеркәсіп орындарынын санитарлык-корғау аймактары;

  2. темір жол мен автомобиль жолдарына бөлініп берілген бел­деуге іргелес жаткан, сел-көшкін каупі бар және орманды корғау аймактары;

  3. бас саға күрылыстарын корғау аймактары;

  4. әуе айлақ манындагы белдеулер;

  5. магистральды күбыр жолдарының, байланыс, радио және электр желілерінін күзет аймактары;

  6. су күзету аймактары мен белдеулері;

  7. әскери полигондардын аумағы жатады.

Ерекше шарттармен пайдаланылатын аймактарға енгізілген жер сол жерлерде арнаулы белгілермен көрсетіледі. Бас саға күрылыстарын күзету аймағының бірінші белдеуін коспағанда, аталған жерлер жер учаскелерінін меншік иелері мен жер пайда- ланушылардан алынып койылмайды.

Аталған аймактардың шекарасы мен олардағы жерді пайдала­ну режимін нормаларға және жобалау-техникалық күжаттамаға сәйкес меншікке немесе жер пайдалануға жерді беру туралы шешім кабылдаған орган айкындайды.

13-т а қ ы р ы п ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚ ЖЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

/. Ерекше қоргалатын табиги аумақ жерлерінің түсінігі. Пайда­лану ерекшеліктері.

            1. 2. Қорық жерлерінің қүқықтық жагдайының ерекшеліктері, улттық дендрологиялык және зоологняіық парктердің қуқықтық жагдайының ерекшеліктері.

              Ботаникалық бақтарга және табиги ескерткіштерге берілген жерлердін, қуқықтық жагдайы.

            2. Сауықтыру және рекреациялық мақсаттагы жерлердін, тусінігі. Осы жерлерді пайдаланудың тәртібі және жагдайы.

            3. Тарихи-мәденимақсаттагы жерлердін, тусінігі, қурамы, олар­дың қуқықтық жагдайы.

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумак жерлерінің түсінігі.

Пайдалану ерекшеліктері

Ерекше корғалатын табиғи аумак жерлерінің кұкыктык жағ- дайы Казакстан Республикасының 2006 жылы 7 шілдеде кабыл- данган Ерекше корғалатын табиғи аумактар туралы Заңмен және Жер кодексімен реттеледі. Ерекше корғалатын табиғи аумактар- дыңжеріне биосфералык, мемлекеттік ұлтгык табиғи парктердін, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік табиғи парктердің, мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік корык аймактарының, мемлекеттік табиғи корыкшалардың, мемлекеттік зоологиялык парктердің, мемлекеттік ботаникалык бактардың, мемлекеттік дендрологиялык парктердің, мемлекеттік табиғи корык-сепортерлердің жерін косканда, мемлекеттік та­биғи қорыктардыңжері жатады.

Ерекше корғалатын табиғи аумак жерлерінің өзіне тән бірнеше белгілері бар:

  • Бұл жерлер ерекше корғалатын табиғи, ғылыми, тарихи-мәде- ни, рекреациялык, сауыктыру немесе өзге кұндылығы болуы кажет;

  • Ерекше корғалатын табиғи аумактардың жерлері, сондай-ак мемлекеттік табиғи-корык корының объектілері орналасқан өзге де санатгардағы жерлердін жер учаскелері мемлекет меншігінде болады және жекешелендіруге жатпайды;

  • Ерекше корғалатын табиғи аумактардың жерін алып коюға, сондай-ак оларды баска санатгардағы жерлерге ауыстыруға жол берілмейді. Яғни шаруашылык айналымнан толығымен немесе ішінара алынып тасталған;

  • Ерекше корғалатын табиғи аумактардың жерлерінде олар- дын нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін кез келген кызметке тыйым салынады. Бұл жерлерде корғаудың ерекше режимі белгіленген;

  • Ерекше корғалатын табиғи аумактардың табиғи кешендері толык немесе ішінара, мерзімсіз немесе белгілі бір мерзімге ша-

руашылык пайдаланудан алып койылады және олардын ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялык ма­ңызы ескеріле отырып, толем шартымен пайдаланылады.

Мемлекеттік табиғи корыктарды, мемлекеттік ұлттык табиғи парктерді, мемлекеттік табиғи резерваттарды, мемлекеттік өңірлік табиғи парктерді. мемлекеттік зоолоғиялық парктерді, мемлекеттік ботаникалык бактарды, мемлекеттік дендрология­лык парктер мен мемлекеттік табиғат ескерткіштерін кұру кезінде жер учаскелері баска санаттардағы жерлер кұрамынан бөлініп, оларды осы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдала- нушыларынан алып кою жолымен ерекше корғалатын табиги аумактар жерлерінің санатына ауыстырылады.

Жерді ерекше корғалатын табиғи аумактарға жаткызу мүдделі орталык аткарушы органдардың үсынымы бойынша мемлекеттік экологиялык сараптаманың және ерекше корғалатын табиғи аумактар саласындағы уәкілетті органның табиғи-ғылыми және техникалык-экономикалык негіздемелеріне он қорытынды бол- ған кезде жүргізіледі.

Жерді республикалык маңызы бар ерекше корғалатын табиғи аумактарға жаткызу жөніндегі жерге орналастыру жобасы қор- шаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен, орталык аткарушы органмен келісіледі және оны облыстың (республи­калык маңызы бар каланың, астананың) жер қатынастары жөніндегі уөкілетгі органы бекітеді.

Жерді республикалык маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумактарға жатқызу туралы бекітілген жерге орналастыру жо- басы және облыстык аткарушы органның осы мәселе бойынша шешімі негізінде ерекше корғалатын табиғи аумактар саласын- дағы уәкілетті орган облыстын (республикалык манызы бар кала- ның, астананын) жер катынастары жөніндегі уәкілетті органы- мен бірлесіп Казакстан Республикасы Үкіметінің осы мәселе бойынша шешімінің жобасын дайындайды.

Ерекше корғалатын табиғи аумактарда орналаскан үй-жайлар (күрылыстар және ғимараттар), тарихи-мәдени және баска да жылжымайтын мүлік объектілері табиғат корғау мекемелеріне жедел баскару кұкығымен беріледі. Соның ішінде мемлекеттік кәсіпорындар тұракты пайдаланылған ал баска тұлғаларға тек кана уакытша пайдалануға келесі мақсаттар үшін бүл:

            1. Ғылыми;

            2. Мәдени-ағартушылык;

            3. Оку;

            4. Туристік жөне рекреациялык;

            5. Шектеулі шаруашылык максатына.

Ерекше корғалатын табиғи аумактык жерлерінде үш режим колданылады:

              1. Корықгык режим;

              2. Заказник режимі;

              3. Шаруашылык кызмет режимі.

Корык режиміиде кез келғен кызметке, сондай-ак коршаған органы жай күйіне зиянды ыкпал жасайтын барлык кызмет түрлеріне тыйым салынады.

Заказник режимі шаруашылық және өзге де кызметті белгілі бір маусымда, белгілі бір мерзімде, белгілі бір арнаулы жерде ғана коршаған ортаға зиян келтірмейтін қызметтерге рұқсат етілген. Мысалы, ағаш кесуге, аң және балықаулауға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға рұқсат етіледі тек кана белгілі бір мау­сымда, мерзімде.

Шаруашылық қызмет режимі, табиғи кешенмен шектеулі түрде пайдалануға, сонымен катар, жер меншік иелері мен жер пайда- ланушылардың табиғи кешендерге және мемлекеттік табиғи қорық қорына зиян тигізбейтін әдістермен тәсілдерді колдана отырып, шаруашылык қызметтін әдеттегеі түрлерімен айналы­суға мүмкіндік береді.