Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жер кукыгы.docx
Скачиваний:
86
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
179.21 Кб
Скачать

1. Казақстаіідағы жер катынастарының даму кезендері.

Жалпы сипаттамасы

Жалпы Казакстандағы жер катынастарын реттеу тамыры терентарихи өткен шактан басталады. Адам коғамыныңдамуы кезеніндегі жер ресурстарын пайдалану сипаты белгілі бір аумак- тын табиғи жағдайымен және материалдыкөндірістіңбағытына байланысты болып келген. Жерді шаруашылык пайдалану мен айналымға тарту адам коғамының дамуындағы кұкыктык реттеу жолдарын іздеуге негіз болады.

Жер мәселелері эр кезенде Казакстан аумағында өмір сүрген мемлекеттердің барлығы үшін негізгі мәселеге айналып отырды. Тарихи деректерге сүйенетін болсак, Казакстан аумағын мекен- деген мемлекеттердін негізгі кәсібі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Соныңсалдарынан жайылым жерлерге мұктаж болған мал өсірушілер шалғай жерлерге көшіп- конып жүруге мәжбүр болды. Коғамдык катынастардың даму сатыларының қай-кайсысын алсакта, жер корларын пайдалану белгілі аумактағы климаттык жағдайларға және материалдык ендірістің бағытына байланысты болады. Казакстанныңтабиғи- климаттык жағдайы материалдык өндіріс жүйесінің негізгі ба- ғыттарының сипатын аныктады. Сондыктан мындаған жылдар бойы Казакстан аумағын мекендеген елдер үшін шаруашылык- тың негізгі саласы - көшпелі мал шаруашылығы болып санала- ды. Мал есіру үшін жайылым жер іздеу негізгі проблемалардың біріне айналып отырды. Сол кезендерде өмір сүрген коғамдар үшін жер катынастарын реттеу жүйесінің табиғи және объективті түрдегі кажеттілігі, жер бөліктерін маусымды түрде пайдалану біздің ойымызша негізгі фактор болып табылады.

Көшпенділер өміріндегі материалдык-өндіріс жүйесінін элементтері олардың еңбектерін біріктіруге әкеліп соктырды. Сонымен катар, ондай біріктірулер өндірістік топтар және кауым- дық кұрылымдар деңгейінде жүргізілді.

Жер — кез келген халык үшін негізгі табиғи байлык көзі бол- ғандыктан, оны пайдалануға байланысты мәселелер ерте кезден бйстап өзекті мәселелерге айналды. Жер кұкык қатынастарының дамуын Казакстаннын Ресей күрамына енгенге дейінгі жер каты­настары, Қазакстанның Ресей кұрамындаболған кезеңіндегі жер катынастары, Кеңес кезіндегі жер катынастары және егеменді Казакстандағы жер катынастары деп терт кезеңге бөліп карас- тырылады.

2. Қазақстанның Ресей күрамына енгенге дейінгі жер катынастары

Біріниіікезең - Казак хандығынын калыптасуымен байланыс­ты. Бұл кезеннін ерекшелігі арнайы жер зандарынын жок бо- луында. Бұл кезенде жер катынастары Адат ережелерімен реттеліп огырған. Сонымен катар, Шыңғыс ханнын отаршыла- рынын саясаты орын алды. Казакстанда осы кезенде жер жеке меншікке берілді ме әлде жок па? Бұл жөнінде екі түрлі көзкарас бар. Бірінішісі, жеке меншік болғанын мойындамайды. Бұл кезде жерге жеке меншік коғам меншігі, ал екіншісі, жеке меншік бол­ғанын дұрыс деп карайды.

Казак хандығы тұсындағы меншіктік катынастарға келетін болсак, азаматтардың сатуға, айырбастауға, сыйлауға және мұраға калдыруға болатын мүліктің барлығы жеке меншік затта- ры болып табылды.

Жерге жеке меншік XIX ғасырға дейін болмады, жер Адат нор­малары бойынша кауымның меншігі деп есептелді. Кауым ретінде негізінен рулыкбірлестіктанылды. Казак коғамыныңтарихына коз жүгіртсек, шын мәнінде мұнда жерге меншік болмағандығын, жер пайдалану рулык, кауымдык негізде жүзеге аскандығын кореміз. Сол себептен де, жер казак халкынын бөлінбейтін меншігі саналған. Ендеше, уакыт өте келе халкымыздың жерді о бастан коғамдык меншікте тұракты пайдаланып келгенінедау жок. Ата-баба дәстүрінде жерді сату деген болған емес. Бұл жеріміз иесіз болды деген түсінікті тудырмасы анык. Бағзы замандардан бері бабаларымыз токымдай жер үшін жан беруге дейін барып, үлан-ғайыр аумакты түтас корғап, ұрпактарына мұра етіп кал- дырған. Тарих койнауынан сыр шертетін Касым ханның(1511 — 1520) «Каска жолы», Есім ханнын (1598-1628) «Ескі жолы», Тәу- ке хан тұсындағы (1680-1718) «Жеті жарғы» әдет-ғүрып кұкыктык нормаларында жер жалпы халыктык пайдалану меншігінін объектісі ретінде танылып, коғамдык катынаста туындайтын әрбір жер дауы ел ішінде ерекше мүдделілікпен назарға ілігіп отырды.

Казақстанның Ресей күрамына енгенге дейін жерге белгілі бір ақы төлеу белгілері болған жок, дегенмен, жер айналымын реттеудің үлкен тарихы бар. Ол кезендегі жер айналысының негізгі эсер етуші факторы болып, қазактардың көшпенді өмір сүруі табылды. Казақтардың зандык көзкарастары бойынша жер­ге жеке меншік күкығы XIX ғасырға дейін болмады. Жер зандық түрғыдан рулар мен кауымдастыктардың ортак меншігі деп есеп- телген. Шын мәнінде жердің нағыз иегерлері болып билер және баска да феодалдар табылды, XVIII ғасырдың өзінде кыстаулар жеке феодалдардың жеке меншігінде болды.