Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жер кукыгы.docx
Скачиваний:
86
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
179.21 Кб
Скачать

3. Жер мониторингінін түсінігі, қүрылысы, мазмүны

Жер мониторингісі — жер корын мемлекеттік басқарудың негізгі бастаушы элементі. Жер мониторингісі болып жаткан өзгерістерді уақытылы аныктау оларды бағалау одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен онын зардаптарын жою жөнінде үсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер корының сапалык және мөлшерлік жай-күйін базалықжедел мерзімді байқау жүйесін білдіреді. Жер монито­рингісі максаттары, міндеттері, күрылымы онын жүзеге асыры- лу тәртібі Казакстан Республикасы Жер кодексімен және 19 кыр- күйек 2003 жылғы Казакстан Республикасы Үкіметінің «Казак­стан Республикасында жер мониторингін жүргізу және онын деректерін пайдалану туралы» каулысымен реттеледі.

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жер мониторингісін жүр­гізу бюджеттік каражат есебінен қаржыландырылады. Мемлеке- таралыкжәнехалыкаралык жер мониторингісін каржыландыру Казакстан Республикасының баска мемлекетпен жасаған шарт- тармен келісімдерге сәйкес жүргізіледі.

Жер мониторингісі міндеттері:

  • жер жай-күйінің өзгерістерін уакытылы аныктау, оларды бағалау, болжам жасау және кері әсері бар процестерді болдыр- маумен зардаптарын жою жөнінде үсыныстар әзірлеу;

  • мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді, жерге орналастыру- ды, жерді пайдалану мен корғауды бакылауды және жер ресурс­тарын мемлекеттік баскарудың өзге де функцияларын ақпарат- пен камтамасыз ету.

Жер мониторингісі:

жүйелі байкауларды, іздестірулерді, суретке тусірулерді, тексерулерді (кайта тексерулерді және түзетулерді) орындау;

жердің жай-күйін талдау мен бағалауды жүргізу;

жердің кұнарлылығына ангропогенді эсер етуді реттеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

белгілі бір уақыт кезеңінде жердің сапалык жай-күйін бол- жауды әзірлеу;

жер туралы деректер банкін ұйымдастыру жөніндегі жұмыс­тарды камтиды.

Жер мониторингісін жүргізу барысында жердің сапалык жағ- дайына эсер ететін келесідей проңестер аныкталады:

Эволюциялык (дамудың табиғи тарихи процестерімен байла­нысты);

Кезендік (күндік, мезгілдік және баска да сипаттағы өзге- рістер);

Антропогендік (адам кызметімен);

Төтенше жағдайлар (экологиялык апаттар);

Жер мониторингісі акпараттык кайнар көзіне бакылаудын, зерттеудін, инвентаризациялаудың нәтижелері, архивтік мәлі­меттер және жер сапалык жай-күйі туралы баска да мәліметтер жатады. Жер мониторингісі объектісі — меншік нысанына, ве- домстволык бағыныштылығына қарамастан барлык Казакстан Республикасы жері танылады.

Мониторинг жердің нысаналы максатының ерекшелігі ескеріле отырып жүргізіледі және жердің санаттарына сәйкес келетін мынадай косымша жүйелерге бөлінеді:

  • ауыл шаруашылығы максатындағы жердің мониторингі;

  • елді мекендер (қалалар, кенттер мен ауылдык елді мекендер) жерінін мониторингі;

  • өнеркәсіп, көлік, байланыс, корғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы максатына арналмаған жердін мониторингі;

  • ерекше корғалатын табиғи аумактағы жердін, сауыктыру максатындағы. рекреациялық және тарихи-мәдени максаттағы жерлердің мониторингі;

  • орман коры жерінің мониторингі;

  • су коры жерінің мониторингі;

  • босалкы жердің мониторингі.

Жер мониторингі бойынша алынған акпаратты облыстың (рес­публикалык маңызы бар каланың, астананың) жер ресурстарын баскару жөніндегі тиісті аумактык органдары корытады әрі тал- дайды, ол мүрағаттар мен автоматтандырылған акпараттык жүйеніндеректер банкінде жинакталады және сақталады.

Базалык күжаттарда өңірлік объектінің немесе жер учаске­сінің бастапкы жай-күйі тіркеледі. Базалық күжаттарға жердің жай-күйінің бастапкы такырыптык карталары, картографиялык материалдар және жердің сапалык жай-күйі туралы жиналған мәліметгер жатады. Бірізділендірілген нысандар, оларда жердің жай-күйінің тіркелген өзгерісі көрсетілген кестелер есептік қүжаттар болып табылады.

Жердін мониторингі жөніндегі қужаттама мынадай талаптар­ға сәйкес келуі:

белгіленген үлгідегі бланкілерде атқарылуы; картографиялык материалдар жер ресурстарын баскару жөніндегі орталык уәкілетті орган белгілеген техникалыкталап­тарға сәйкес әзірленуі;

мемлекеттік қүпияға жатқызылған жер учаскелерінің жос- парларында (сызбаларында) камтылған мәліметтер олардың кү- пиялылығын камтамасыз ететін белгіленген ережелерге сәйкес пайдаланылуы және сақталуы тиіс.