Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жер кукыгы.docx
Скачиваний:
86
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
179.21 Кб
Скачать

6. Жерге ақы төлеу. Жер салығы бойынша жеңілдіктер

Жерге акы төлеу дегеніміз - жер учаскесін пайдаланудың экономикалык нәтижесіне байланысты болмайтын, белгілі бір аймақта орналаскан, белгілі бір сападағы және шаруашылык құндылығы бар жер учаскесінің бірлік алаңы үшін белгіленген сома. Жерге акы төлеу жер меншік иелері мен жер пайдаланушы- лардың жерді пайдаланғаны үшін, жер учаскесін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке сатып алғаны үшін немесе жер пайда­лану күкығын алғаны үшін жер зандарымен, салык зандарымен немесе өзге де зандармен белгіленген бекітілген мөлшердегі со- маны төлеу жөніндегі әрекеті болса, жер төлемдері жерді ұтым­ды пайдалану мен корғауға бағытталған накты жер учаскесі үшін белгіленген сома болып табылады. Әрине жер төлемдерінің мөлшеріне жер учаскесінің орналаскан жері, сумен камтамасыз етілуі, топырағының кұнарлылық сапасы т.б. факторлар әсерін тигізіп отырады.

Сонымен катар, жер төлемдерін екі түрлі мағынада карасты- руға болады: экологиялык мағынада және экономикалык мағы­нада. Экологиялык мағынадағы жер төлемдерінің катарына жерді корғау және сапасын жақсартқаны үшін төленетін төлем, жерді ластағаны үшін төленетін төлем жаткызылған болса, экономика­лык мағынадағы жер төлемдерінің катарына жер салығы, жердің нарыктык күны, жер ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем, жерді мемлекеттік меншіктен жеке меншікке немесе пай­далану күкығына алғаны (сатып алғаны) үшін төленетін төлем т.б. жаткызылған.

Жер учаскесінің экономикалык кұндылығы келесідей негізгі үш белгісі аркылы белгіленеді:

    1. Жер учаскесінін негізгі максаты, яғни, бүл жер учаскесі қолданылатын максатты санаты; Жердің негізгі мақсатта пайда­лану белгісі жер учаскесін бағалаудағы баска екі белгіні сипат- тап ашуға мүмкіндік береді: мысалы, ауылшаруашылык мақса- тындағы жерлер үшін бүл жерлердің мәнді белгілері болып, оның кұнарлылығы, топырағының физикалык-химиялық қүрамы, өзге де минералды және органикалык күрамдарының бар болуы та- нылса, ал, өнеркәсіп, көлік жөне өзге де мақсаттағы жерлер үшін маңызды белгілері болып оның бедері, пайдалы казбаларының бар болуы, гидрологиялык және геологиялык касиеттерінің бар болуы танылады;

    2. Жердің сапасы, яғни, жер учаскесінің белгілі бір шаруа­шылык мүқтаждыктарын канағаттандыра алу деңгейі; Жердің сапасы жердің белгілі бір табиғи қасиетгеріне деген сүраныс деңгейімен анықталады;

    3. Жер учаскесінің экономикалык шаруашылык кеңістікте накты орналасуы, яғни оның бағасын мына кағидадан анықтауға болады: жер пайдалану шығындарыныңтөмендігі және жердің экономикалык тиімділігінін жоғарлығы.

7. Жер дауларын шешу

Жер даулары дегеніміз - жер катынастары екі немесе бірнеше субъектілер белгілі бір жер күкықтары мен занды мүдделерін иеленуге камтамасыз етуге және жүзеге асыруға байланысты келіспеушілік жер дауларын меншік кұкығынын және жер пай­далану күкығының, жерге өзге де күкыктардын өзгеруі токтаты- луы және жүзеге асыру бойынша туындайды. Жер дауының субъектілері жер учаскесінің меншік иелері, жер пайдаланушы- лар, жерге баска да күкыктардың (сервитут, кепіл) иеленушілері сонымен катар жеке тұлғалар мен жеке жер катынастарын мемлекеттік баскару органдары және баска да мемлекеттік орган­дар болады. Сонымен катар жер дауы жер катынастарын реттеуші мемлекеттік органдар арасында да пайда болуы мүмкін. Жер дау­ларын жіктеу әртүрлі негіздерге байланысты жүзеге асырылады:

  • Карастыру тәртібі бойынша;

  • Сипаты бойынша;

  • Даудың субъектісі бойынша;

  • Пәні бойынша.

  1. Карастыру тәртібі мен сипаты бойынша:

  • соттәртібімен карастырылатын жер даулары;

  • сотка дейін каралуды талап ететін жер даулары;

  • сотта каралуды талап етпейтін жер даулары.

    1. Субъектісі бойынша:

    • азаматгар арасындағы жер даулары;

    • азаматтар мен занды тұлғалардың арасындағы жер даула-

    ры;

    • азаматтар, занды тұлғалар, мемлекеттік өкілетті органдар арасындағы жердаулары.

    1. Объектісі бойынша:

  • жер учаскелерімен байланысты жердаулары;

  • жер учаскесіне кұкыкпен байланысты жер учаскелері;

  • жерге баска да кұкыктармен байланысты жер даулары.

    1. Жер дауыныңсипатына байланысты:

    • жер учаскелерін берумен байланысты жердаулары;

    • жер учаскесін беру процесінде пайда болатын жердаулары.

    Соттардың жер зандарын колдануынын кейбір мәселелері

    туралы Казакстан Республикасы Жоғарғы Сотынын 2007 жылғы 16 шілдедегі № 6 нормативтік каулысына байланысты соттар төмендегідей талаптардан тұратын дауларды қарайды:

    • жер учаскелерін беру және оларды алып кою туралы (Жер кодексінін 2,3,4,5,9-тараулары);

    • жер учаскелерін алып коюға байланысты шығындарды өтеу туралы (Жер кодексінін 2 және 20-тараулары);

    • меншік күкығы және жер пайдалануды даулау туралы (Жер кодексінін 3 және 4-тараулары):

    • Әкімдердің жер учаскелерін беру тәртібіне шағымдану ту­ралы (Жер кодексінін 43^7-баптары);

    • кепіл шартына шағымдану туралы (Жер кодексінін 8-та- рауы);

    • Жер кодексінін 92,93,94-багігарына сәйкес, жер учаскелерін алып кою туралы;

    • сервитут белгілеу немесе токтату туралы (Жер кодексінін 7-тарауы);

    • жер учаскесіне'меншік күкығын немесе жер пайдалануын куәландыратын мемлекеттік актілерді тіркеуден және беруден бас тарту және тағы баскалары туралы талаптар.

    Казакстан Республикасы Азаматтык кодексінін 117-бабынын 1-тармағына сәйкес, жер учаскелері жылжымайтын мүлікке жа­тады. Осыған байланысты жер учаскелеріне күкык туралы талап арыздар Казакстан Республикасы Азаматтык іс жүргізу кодек­сінін 33-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, олардың орналаскан орны бойынша сотка берілуі тиіс. Соттар істі сот талкылауына әзірлеген кезде тараптардың өзара катынасының сипатын, дау- лы күкықтык катынастың туындау себебін және уакытын анык- тауы, тараптардың жер учаскесіне кұкығын белгілейтін және күкыкты куәландыратын кұжаттар беруін талап етуі керек.

    Олардың негізінде азаматтар жөне занды тұлғалардың жер учаскесіне тиісті кұкыктары (жеке меншік құқығы, жер пайда­лану кұкығы, сервитуттар және жер учаскесіне өзге дазаттык кұкыктар) туындайтын кұжаттар жер учаскесіне кұкык белгі­лейтін кұжаттар болып табылады. Оларға, атап айтканда, әкімдердін жер учаскесіне кұкык беру туралы кұкыктык актілері, сатып алу-сату шарттары (айырбастау, сыйға тарту немесе жер учаскесін иеліктен шығару туралы өзге де мәмілелер) және жер учаскесіне жеке меншік кұкығын, жер пайдалану кұкығын және жерге өзге заттык кұкыктарды тану туралы сот шешімдері жат- кызылуы мүмкін.

    Кұкық белгілейтін күжаттардын негізінде жер учаскелерінін меншік иелеріне және жер пайдаланушыларға жер катынастары жөніндегі уәкілетті орган берген жер учаскесінің ұқсастырыл- ған сипаттамаларын көрсететін құжаттар жер учаскесіне кұкыкты куәландыратын кұжаттар болып табылады. Құкыкты куәландыратын кұжаттарға жер учаскесіне жеке меншік құкығы актісі, тұракты жер пайдалану қүкығы актісі және уакытша (өтеулі, өтеусіз) жер пайдалану құкығы актісі жатады. Кұкыкты куәландыратын құжатгарды жер қатынастары жөніндегі уәкілетгі орган ғана береді.

    9-т а қ ы р ы п ЖЕР ҚҮҚЫҚ БҮЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

    1.Жер қүқық бүзушышқтарының түсінігі, түрлері жәнеқурамы.

    2. Жер қүқық бүзушылықтар үшінжауапкершіліктің түсінігі. Жер заңдарын бүзганы үшінзаңды жауапкершіліктің түрлері.