Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дріс кешені.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
196.61 Кб
Скачать

ДӘРIСТЕР ТЕЗИСI

1 ДӘРIС

Тақырып: Дипломатиялық құқықтың ұғымы, жүйесi және шығу көзi

Сабақтың мақсаты: Дипломатиялық құқықтың ұғымы, жүйесi

және шығу көзiмен оқып танысу

Жоспар:

1. Дипломатияның ұғымы және сыртқы саясатпен өз ара қатынастығы

2. Дипломатияның негiзгi нысандары: екi жақты және көпжақты

дипломатиялар

3. Елшiлiктiң құқықтары және халықаралық ұйымдар

1. Дипломатияның ұғымы және сыртқы саясатпен өз ара қатынастығы

Дипломатиялық құқық дегенiмiз-ол, дипломатиялық саласындағы дипломатиялық қызметке қатысты тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерiн анықтайтын құқықтық жиынтық нормасын айтады. Дипломатиялық құықтың маңызы мынадан тұрады: 1.Мiндеттi түрде мемлекеттiң сыртқы iстерiмен байланысты болады; 2.Мемлекет аралық қарым-қатынасты ретейтiн болады;

3.Мемлекеттiң сыртқы және iшкi саясаты туралы шет елдерге түсiндiру және таныстыру, сонымен қатар экономика саласындағы қарым-қатынастарды шешу жұмыстарын жүргiзу үшiн ұйымдастыру дайындығын жасайды; 4.Мемлекеттiк деңгейде мемлекет арасында өткiзiлетiн келiсiм-шарттарды, келiссөздердi өткiзу рәсiмiн дайындық мәселесiн ұйымдастырда.5.Дипломатиялық қызметтiң жұмыс бойынша мемлекет аралық қарым-қатынас анықталатын болады. Дипломатия дегенiмiз-ол, мемлекеттiң сыртқы саясатының мақсаты мен мiндетiн жүзеге асыратын мемлекеттiң қызметiн айтады. Сыртқы саясат дегенiмiз-ол, белгiлi бiр мемлекеттiң өз халықының iшкi қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн және оны халықаралық аренаде көрсете бiлуiн айтады. Сыртқы саясаттың мақсаты: 1.Өз халқынынң мұң-мұқтажын ескеру; 2.Өз халықының қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн жаслатын iс-шараларды ойдағыдай жүзеге асыру; 3.Мемлекет арасындағы тиiмдiлiк пен тең деңгейде қарым-қатынасты нығайту; 4.Тек дипломатияқ жолмен ғана халықаралық дау-жанжалды шешу; 5.Ұлттық қаупсiздiктi қамтамасыз ету. Дипломатияның негiзгi мiндетi-ол, өз мемлекетiнiң сыртқы саясатын, барлық қолжетерелiк әдiс-тәсiлдерi арқылы қамтамасыз ету жасалатын iс-шараларын айтады.

2. Дипломатияның негiзгi нысандары: екi жақты және көпжақты дипломатиялар

Дипломатиялық нысан дегенiмiз-ол, димлматиялық қызметiң нақты белгiленгiен бiр түрiн анықтайтын ныандық жұмысын айтады. Сол себепетен дипломаьтиялық қызме,ттiң қалыптасыу рәсiмi әр –түрлерден тұрады. Дипалматияның нысандары мынадан тұрады:

1.Екi жақты дипломатия; 2.Көп жақты дипломатия.

Екi жақты дипломатия дегенiмiз- ол, екi мемлекет арасында дипломатиялық қызметтiң және ресми түрде орнатылуы мен сенiм граматасын тапсыру арқылы жасалатын мемлекеттер арасындағы ресми қызметтi айтады.

Көп жақты дипломатия дегенiмiз-ол, бiрнеше мемлекеттердiң бiрiгуi нәтижесiнде және әр-алуан мәселенi шешу, мақсатты көздеу үшiн жасалатын мемлекеттердiң ресми iс-шараларын айтады. Белгiлi бiр мақсата жету үшiн бiрнеше мемлекеттер бiрiгiп өздерiнiнң көздеген ортақ мақсатына жету болады. Мысалы, (ЕЭС) Еуропа экономикалық одағына кiретiн мемлекеттер немесе Каспилiк құбыр жүйесiнiң консорцумы.

3. Елшiлiктiң құқықтары және халықаралық ұйымдар

Елшiлiктер дегенiмiз-ол, дипломатия қызметiн шет мемлекеттердгi сыртқы iстер мәселесiн шешетiн және реттейтiн мемлекеттi сол келген мемлекет алдына табыстырушы органды айтады. Елшiлiктер-ол, белгiлi бiр мемлекеттiң сол келген мемлекет алдынағы өзiн табыстырушы мемлекеттiң ресми өкiлi болып табылады.Мысалы ҚР елшiсi, бөтен мемлекетке келген кезде (мысалы АҚШ) сол АҚШ алдында ҚР табыстыратын болады. Елшiлiктер келген мемлекеттердегi ең бiрiншi жергiлiктi органдарымен ресми түрде байланыста болады. Оның iшiнде: сыртқы iстер министрлiгiмен, Ел басшысымен, Үкiметпен және басқа да ресми мемлекеттiк оргадарымен қарым-қатынас жасайды. Елшiлiктер дегенiмiз-ол, бiрiншi жоғарғы сыныптың өкiлдiктерiн айтады.Оларға Ватикан өкiлдiктерi- нунциатура теңестiрiледi; Миссиялар дегенiмiз-ол, екiншi сыныптың өкiлдерiн айтады. Оларға Ватиканның интернунциатурасы сәйкес келедi. Өкiлдiктiң дәрежесi туралы мәселелер мүдделi мемлекеттермен шешiледi. Бұл турал Вена Конвенциясынын 1961 ж. шыққан 2-бапта көрсетiлген. ҚР Президентi ҚР Конституциясының 44-баптың, 5)тармағына: ҚР дипломатиялық өкiлдiгiнiң басшысын тағайындайды және керi қайтарады.44-баптың,11-тармағында: шетелдердiң акредитацияланған дипломатиялық және басқа да өкiлдiктердiң сенiм және керi қайтару грамоталарын қабылдайды. Арнайы миссиялардың айырмашылығы сол- өйткенi оны басқарушысы тұлға мемлекет басшысы болуы мүмкiн. БҰҰ-ғы мамандандырылған органдармен дипломатиялық байланыс арқылы қарырм-қатынастар жүргiзiлетiн болады. Мысалы, ХВҚ (МВФ) дипломатиялық қатынас арқылы екi елдiң кездесуiн немесе халықаралық ұйым мен белгiлi бiр мемлекеттiң кездесуiн ұйымдастыру жұмысын жүгiзедi.

Арнайы миссиялар дегенiмiз –ол, шетелдегi белгiлi бiр мәселенi шешу жөнiндегi уақытша органды айтады. Арнайы миссиалардың түрлерi мынадай болады:

1.Сауда миссиялары;

2.Қаржы мәселесi жөнiндегi миссиялары;

3.Денсаулық сақтау және қорғау жөнiндегi миссиялар;

4.Әскери жөнiндегi миссиялар;

5.Экономикалық қарым-қатынас жасау туралы миссиялар.

Әдебиеттер:

1 Ж.О.Құлжабаева. Халықаралық жария құқығы.,Алматы.2003.-213б.

2 Г.Б.Хан,Қ.А.Маханова,Л.Б.Нысанбеова,Г.М.Жарасбаева.Халықаралық

құқық.”Дәрiстекр курсы”.,Алдматы “ҚАЗ ГЗУ”.,2003.-123б.

3 Альтшулер А.Б.Международное валютное право. М.,1984.-254 с.

4 Арцибасов И.Н.,Егоров С.А.,Вооруженный конфликт:право,политика,

дипломатия. М: Международное отношения,1989.-245с.

5 Богуславский М.М.Международно-экономическое право.М.,Баскин

Ю.Фельдман Д.И. История международного права.М.1990. -207С.

Бақылау сұрақтары: