Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дріс кешені.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
196.61 Кб
Скачать

3.Шетелдiк консулдарды қабылдау және отандық консулдарды

тағайындау мәселесi жөнiндегi ҚР Сыртқы iстер

министрлiгiнiң өкiлдiгi.

ҚР Сыртқы iстер министрлiгi тұсында шетелдiғк мекемелердi бақылау және қадағалау кеомитетi болады. Консулдық қызметтiң негiзгi ҚР Конституциясы мен заңнамалары арқылы жүзеге асырылады. Әрбiр консулдық қызмет өзiнiң атқарған қызметтерi туралы министрлiктiң алдында есеп беруге тиiстi.

4.Келген мемлекет аумағындағы консулдық корпустың құқытық

жағдайы және құрлымы.

Келген мемлекет консулдық мекеменiң қызметшiлерiн, баспан, мүлкiн қорғау және қаупсiздiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi болады. КЕлген мемлекетте консулдық жергiлiктi заң талаптарын сақтауға мiндеттi болады.

Әдебиеттер:

1 Консульский устав РК; от 27.09.1994 г.,78с.

2 Гражданский кодекс РК от 27.12.1994 г.,317с.

3 Гражданско-процессуальный кодекс РК от 1997 г., 351с.

4 Уголовный кодекс РК от 01.01.1998 г.,257с.

5 Уголовно-процессуальный кодекс РК от 01.01.1998 г., 378 с.

6 Кодекс о браке и семье от 17.04.1997 г., 251с.

7 Закон РК «О гражданстве» от 20.12.1991 г., 7с.

Бақылау сұрақтары:

1.Консулдық қызметi қатынасы қаклай орнатылады?

2. Консулдық қатынастың қандай түрлерi болады?

3. ҚР Сыртық iстер минстрлiгiнiң әрекетi, маңыздылығы неде?

4.Келген мемлекет консулдар қызметiне қандай жағдай жасайды?

12 ДӘРIС

Тақырып: Консулдық өкiлдiк қызметiнiң құқықтық нұсқамасы

Сабақтың мақсаты: Консулдық өкiлдiк қызметiнiң құқықтық

нұсқамасымен оқып танысу.

Жоспар:

1.Консулдық өкiлдiктiң жалпы сипаттамасы

2.Косулдық қатынасты орнату,жүзеге асыру және оның функциялары

3.Консулдық лауазымды тұлғаларының дипломатиялық актiлерiн жасауы

1. Консулдық өкiлдiктiң жалпы сипаттамасы

Консулдық өкiлдiк дегенiмiз-ол, ҚР шетелдегi өкiлдiк мекеме болып табылады.Жалпы сипаттамасы: 1.Консулдық мекемелер мемлекет аралық қарым-қатынасты нығайтуды жүзеге асырады; 2.Консулдық қызметшңлер ҚР Конституциясы мен заңнамаларды басшылыққа алып жұмыс iстейдi; 3.Колнсулдық мекемелер ҚР Сыртқы iстер министiрлiгiне тiкелей бағынады; 5.Консул өзiнiң қызметiн жарғы бойынша жұмыс iстейдi; 6.Консулдық қызмет дипломатиялық қызметтiң бiр түрi болып табылады.

2. Косулдық қатынасты орнату, жүзеге асыру және

оның функциялары

Консулдық қызмет-ол екi немесе бiрнеше мемлекеттер өзар келiсу арқылы орнатылады.(1-бап.Консул жарғысынан). Жарғының 5-шi тарауында консулдық атқаратын функциясы көрсетiлген, атап айтқанда:

-ҚР азаматтырының әскери есепке алу функциясы;

-ҚР Мемлекет органдарының және лауазымды тұлғалардың, соттардың қылмыстық iс жөнiнде нақты тапсырмасын орындау функциясы;

-нотариат қызметiн көрсету функциясы;

-Паспорт пен виза мәселесiн шешу функциясы;

-азаматтық мәселесiн шешу функциясы;

-Азаматтардың хал-жай актiлерiн тiркеу мәселесiн шешу функциясы.