Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дріс кешені.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
196.61 Кб
Скачать

1. Диплоатиялық құқық қандай мәселенi реттейдi?

2. Сыртқы саясаттың маңызы неден тұрады?

3. Дипломатия дегенiмiз не және оның қандай түрлерi болады?

4. Елшiлiк пен мисииялардың ұғымы қандай?

5. Елшiлiк пен миссияның арасындағы айырмашылық неден тұрады?

2 ДӘРIС

Тақырып: Дипломатия құқығының тарихы

Сабақтың мақсаты: Дипломатия құқығының тарихымен танысу

Жоспар:

1. Батыс Еуропа, Араб Шығысының, Орта Азия мен Қазақстанның негiзгi

елшiлiк құқықтың пайда болуы кезеңдерi

2.1815 ж. Вена хаттамасы бойынша Дипломатиялық рангтерiн анықтау

/елшiлер, легаттар,уәкiлдер,министр-резидент, сенiм бiлдiрген уәкiл/

3.1947ж. 21 қарашада шыққан БҰҰ мамандандырылған мемкемесiнiң

артықшылығы мен иммунитетi туралы Конвенциясы

1. Батыс Еуропа, Араб Шығысының, Орта Азия мен Қазақстанның

негiзгi елшiлiк құқықтың пайда болуы кезеңдерi

Тарихи декректер бойынша Үндiстандағы құқытық ескерткiштердегi Ману заңы бойынша дипломатиялық қызмет соғыстың алдын алу және бейбiтшiлiктi нығайтуды көздеген, олардың қызметшiлерi мен баспанасы мемлекет пен құдай өзiнiң қорғауына алады деген. Батыс Еуропа елдерiнде: Римде, Греция, Португалия, Германия дипломатиялық мәселенi шешу әр-турден тұрды.Римде арнайы ұйымдар құрылды. Олар ораторлардан және хабаршылардан тұрды. Грецияда сыртқы қатынастардың дамуы нәтижесiнде қариялардың кеңесiнде жауапты тұлғалар тағайындалған, оларды Пресбейс деп атады, оның қолына тиiстi грамота берiлдi ол “диплом” деп аталды. Грецияда елшiлерге қол сұқпаушылық ресми түрде танылды. Елшiлiктер тұрған жерлер сол келген мемлекет юрисдикциясынынң құрамынан алынатын болды. Яғни сол жер аумақтары белгiлi мемлекет елгiлiгiнiң пайдалануына берiлдi. БҰл рәсiмдер:Рим, Лиссабоан,Венеция, Генуя,Франкфурт-на-Майне, Мадридте болды. Грецияда дипломатиялық қатынас жұмысын жүргiзгенде тақтайшаға жазылатын болды оны диплом деп атады. Араб Шығыс мемлекеттерiне:Египет, Судан, Иордан,Сауд Аравиясында елшiлiк мiндеттi түрде қорғаушылыққа алдынды, яғни сол келген мемлекеттiң қорғауында болды.Елшiлер мемлекет аралық байланысшы деп анықталды. Орта Азия мен Қазақстанның елшiлiк қызметi ҚР 1991 ж. желтоқсан айынан бастап егемендiкке ие болған соң дипломатиялық қызмет байланыстары қалыптаса басталды. Орта Азия мемлекетi Өзбекстан,Тәжiкстан, Пәкiстан, Ауғанстан, Иран т.б. елдерiнде елшiлiк қызметтер ең басты орын алды. Тек елшiлiк қызметтiң нәтижесiнде мемлекет аралық қарым-қатынас орнатылатын болды. ҚР елшiлiк қызмет жөнiнде “Дипломатиялық қызмет туралы” ҚР Заңы,2002 ж.,7-шi наурызда шықты.Ал келесi нормативтiк құқыққа: “ҚР елшiлiгi туралы” ережесi ҚР Президентiнiң 1992 ж.,2-шi шiлдеде шыққан№ 832 және 833 қаулысымен бекiтiлген. Аталған құжаттарда ҚР Төтенше және Өкiлеттi елшiсiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi айтылған.

Елшiлiк құқықтың пайда болу кезеңдерi:

1.Сыртқы дипломатиялық елшiлiгi бiрiншi рет 1815ж орнатылды.,Лондонда.

2.Елшiлiк қызметтiң мәселесi.,1961 жылы Вена конвенциясында қабылданды.

3.ҚР бойынша елшiлiк қызмет: Төтенше және өкiлеттi елшi деп аталды ол,

“ҚР елшiлiгi туралы”ҚР Заңы, 2002 ж.,7-шi наурызда бекi бекiтiлдi.

ҚР жеке өз алдына егемендiк мемлекет болған соң дипломтиялық қызметтi, елшiлiк қызметтерi қалыптастырылды.