Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дріс кешені.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
196.61 Кб
Скачать

2.1815 Ж. Вена хаттамасы бойынша Дипломатиялық рангтерiн

анықтау /елшiлер, легаттар,уәкiлдер,министр-резидент,

сенiм бiлдiрген уәкiл/

Дипломатиялық қызметтi нығайту үшiн және оның беделiн көтеру үшiн халықаралық деңгейде ерекше мән беру үшiн дипломатиылқ қызметтерiне тиiстi және жауаптықық қызметiне байланысты сыныптық дәрежелерге бөлу қажет болды. Ол дегенiмiз әрбiр дипломатиялық қызметшiнiң өзiнiң құзырын, мiндетiн атқару және жауапкершiлiгiн анықтау үшiн қажет болды. 1815 жылы Вена Конгресiнде дипломатиялық сыныптық дәрежелерi бекiтiлдiң. Конгресс дипломатиялық қызметтiң үлкен және кiшi дәрежелерiн анықтады. Кейiннен 1818 жылы Халықаралық Аахендiк хаттамада дипломатиялық өкiлдiктiң құқығы мен функцияларын анықтады. 08.02.1815 жылы Вена қаласында болған Конгрестiң нәтижесiнде нақты дипломатиялық рангтер орнатылды:

1-шi рангке:Елшiлер, паптық легаттар және нунциялар;

2-шi рангке:Уәкiл;

3-шi рангке: сенiм бiлдiрушi;

4-шi рангке: министр резидент.

Елшiлiер- жоғарғы дәреждегi мемлекеттi табыстырушы лауазымды тұлғаны авйтады. Паптық легаттар дегенiмiз-ол, теократиялық монархия мемлекетiн табыстырушы яғни мемлекет билеушiсi папаның сенiмдi лауазымды тұлғаны айтады. Кейiн келе легат мiндетi нунцияға өзгертiлдi. Нунция-ол, мемлекет басшысымен ешқандай мұрагерлiк байланыстығы жоқ мемлекет қызметiн атқарушы лауазымды тұлға. Қазiргi кезеңде елшi мен нунцияның дипломатиялық рангтерi тепе-тең болып келедi. Уәкiл дегенiмiз-ол, егер мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылмаған жағдайда елшiлiктiң толық мiндетiн атқарушы лауазымды тұлғаны айтады. Бұл мiндет ерте және орта ғасырлар мен 19 ғасырдың аяғына дейiн болды. Сенiм бiлдiрушi- ХХғас басынан бастап қазiргi кезеңге дейiн кейбiр мемлекеттердiң толық дипломатиялық қатынакс орнатылмаған жағдайда мемлекеттiң уақытша сенiм бiлдiрген лауазымды тұлғаны айтады.Министр-резидент дегенiмiз-ол, миссия жұмысын басқарушы уақытша мiндет артылған лауазымды тұлғаны айтады. Осы аталған дипломатиялық рангтер қазiргi кезеңге кө ұқсастығы бар.

3. 1947Ж. 21 қарашада шыққан бұұ мамандандырылған мемкемесiнiң

артықшылығы мен иммунитетi туралы Конвенциясы

Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн, БҰҰ-ның құрлуымен және оның жарғысында халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары анықталғаннан кейiн, БҰҰ Бас Ассамблеясы құрылған соң 1947 жылы Халықаралық құқық Комиссиясының бастауымен дипломатиялық және консулдық құқықтың белсендi түрде дамуы бастау алды. Осыған байланысты мынадай макңызды актiлер қабылданды: 1946 жылы БҰҰ-ның артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы Конвенция және 1947 жылғы БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы Конвенциясы қабылданған Одан кейiн мынадай құжаттар қабылданды: 1961 ж.,Дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясы; 1969 ж.,Арнайы миссиялар туралы Конвенция; 1973 ж.,Халықаралық қорғаудағы тұлғаларға, оның iшiнде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстарды тоқтату және жазалау туралы Конвенция; 1975ж.,әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдармен қатынасқа түсетiн мемлекеттердiң өкiлдiктерi туралы Вена Конвенциясы.

Қазiргi таңда дипломатиялық құқық , жүйелеу және үдемелi даму тұрғысынан алғанда, халықаралық құқықтың бiр ретке келтiрiлген саласы болып табылады.

БҰҰ мамандандырылған ұйымдарына мыналар жатады:

1.МОТ-Халықаралық Еңбек ұйымы;

2.ВОЗ- Бүкiләлемдiк Денсаулық сақтау ұйымы;

3.ЮНЕСКО-Бiлiм,ғылым және мәдениет мәселесi бойынша ұйым;

4.ИАКО-Халықаралық азаматтық авиация ұйымы;

5.МАГАТЭ- Халықаралық Атом энергетикасын бақылау ұйымы;

6.ИМО-Халықаралық Теңiз ұйымы;

7.МВФ-Халықаралық валюта қоры;

8.ВПО-Бүкiләлемдiк пошта ұйымы;

9.МОЭ-Халықаралық Электробайланыс одағы;

10.ВМО-Бүкiләлемдiк Метерологиялық ұйымы.

БҰҰ мамандандырылған мекемелерi халықаралық ұйымдардың ерекше тобына жатады және оның БҰҰ ерекше құқықтық байланысы бар. БҰҰ Жарғысынынң 63- бабына сәйкес, Экономикалық және Әлеуметтiк Кеңес 57-бапта көрсетiлген мемлекеттердiң кез-келген тиiстi мекеменiң ұйымымен байланысын анықтайды.

Аталған ұйымдар оның қызмет ету саласының әр-алуан екенiн дәлелдедi.

БҰҰ Халықаралық Соты бас сот органы ретiнде құрылған БҰҰ құрлымындағы бас органдарынынң бiрi болады.

БҰҰ мамандандырылған ұйымдарының мынадай иммунитеттерi болады:

1.Қызметшiнiң жеке басына қолсұқпаушылық және ол қамауға, ұстауға және басқа соттық мәжбүрлiк жасауға, тiнту жүргiзуге болмайды;

2. Олардың құжаттарына және басқа да iс-қағаздарын тексеруге , алуға болмайды;

3. Тиiстi шифр алуға және курердiң қызметiн пайдалануға және одан мәлiмет алуға құқылы болады;

4.Оның өзiнен және жанұя мүшесiнен затты, мүлiктi алуға, тәркiлеуге болмайды;

5.Ақша айырбастауға шек қойылған шектеулер оларға жеңiлдiк берiледi;

6. Жеке бағаж затына қол сұғуға болмайды;

7.Барлық кедендiк тексеруден босатылады тек акциздiк салықтан басқа.

Дипломатиялық иммунитеттiң нәтижесiнде осы аталған қызметшiлер өздерiне жүктелеген қызметтiк мiндеттерiн ойдағыдай атқаруға емiн-еркiн жағдай туындайды.

Әдебиеттер:

1 Г.Б.Хан, Қ.А.Маханова, Л.Б.Нысанбеова, Г.М.Жарасбаева. Халықаралық

құқық.”Дәрiстекр курсы”.,Алдматы “ҚАЗ ГЗУ”., 2003.-123б.

2 Альтшулер А.Б.Международное валютное право. М.,1984.-254 с.

3 Арцибасов И.Н.,Егоров С.А.,Вооруженный конфликт:право, политика,

дипломатия. М: Международное отношения,1989.-245с.

4 Богуславский М.М.Международно-экономическое право.М.,Баскин

5 Ю.Фельдман Д.И. История международного права.М.1990. –207с.

6 Бельсон Я.М.Интерполд в борьбе с премступностью.М.,Наука.1989.-239с.

Бақылау сұрақтары: