Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жер кукыгы.docx
Скачиваний:
91
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
179.21 Кб
Скачать

2. Ауылшаруашылык максатына арналган жерлерге меншік күкыгы және взге күқықтар, ауылшаруашылык мақсатындагы жерлерді пайдалану субъектілері

2003 жылға дейін Казакстан Республикасында ауылшаруашы­лык мақсатындағы жерлерге жеке меншік күкығы карастырыл- маған болатын. 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексініңкабыл- дануы Казакстан Республикасында ауылшаруашылык мақсаты- надағы жерлерге жеке меншік күкығын толығымен зандастырып, аталған жерлерді шаруашылык кұкықтык айналымға енгізді. Ауылшаруашылык максатындағы жерлер келесі жағдайларда ғана жеке меншікке беріледі:

1. Казакстан Республикасы азаматтарынын жеке меншігінде шаруа (фермер) кожалығын жүргізу үшін;

  1. Өзіндік қосалкы шаруашылыкжүргізу үшін;

  2. Орман өсіру үшін;

  3. Бағбандык жөнесаяжай күрылысы үшін;

  4. Жекетүрғын үй қүрылысы үшін;

  5. Тауарлы ауылшаруашылык өндірісін жүргізу үшін;

  6. Үйлерді (күрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсаты- на сәйкес кызмет көрсетуге арналған жерді коса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) мен олардың кешендерін салуға берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері.

3. Арнайы жер корының түсінігі және күрамы

Арнайы жер коры Казакстанда 1991 жылы Жер реформасы туралы заңына сәйкес пайда болған болатын. Қазіргі таңда ар­найы жер корының күкыктык жағдайы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 100-бабына сөйкес аныкталады.

Жерді ауылшаруашылыкөнімін өндірушілердің арасында жер учаскелерін кайта бөлу мақсатында ауылшаруашылығы макса­тындағы жерлер және босалкы жерлерден арнайы жер коры қүры- лады. Арнайы жер коры:

жер учаскесінен өз еркімен бас тарткан жағдайда;

Жер кодексінің 92,93,95-баптарына сөйкес, жер учаскелерін мәжбүрлеп алып койған жағдайда;

егер заң бойынша, өсиет бойынша мүрагерлері жоқ, немесе бірде-бір мүрагері мүраны кабылдамаған жағдайда немесе өсиет бойынша мұрагерлерді мүрадан айырған жағдайда, не мүрагерлер мемлекет пайдасына мүрадан бас тарткан жағдайдағы жер учаскелерінен күралады.

Белгілі жер учаскесін арнайы жер корынын күрамына енгізу туралы шешімді аудандык аткарушы орган кабылдайды.

4. Ауыл шаруашылыгы мақсатындағы жер учаскелерін бір санаттан келесі түріне ауыстыру тәртібі

Ауыл шаруашылығы алкаптарын біртүрден екіншісіне ауыс­тыру (трансформациялау) кажеттігі табиғи факторларға, оларды бүдан кейін де баска жер алқаптарының Күрамында пайдалану­дың экономикалык түрғыдан орындылығына негізделеді.

Жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының жер учаскесінің орналаскан орны бойынша тиісті жергілікті аткарушы органға берген өтінімі, сондай-ак жергілікті атқарушы органнын бастамасы ауыл шаруашылығы алкаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге негіз бола алады.

Неғүрлым бағалы ауыл шаруашылығы алкаптарын бағасы төменгілеріне ауыстыруға:

егістік ушін — жердің агроөндірістік топырақ сипаттамасы- ның олардын накты пайдаланылуына сәйкес келмеуі, улы зат- тармен ластанудың жоғары денгейі;

көпжыідық екпелер ушін - екпелердін шекті жасы, олардын сиреуі, жердің кен кұрамынын жүтандығы, колайсыз топырак- мелиорациялык сипаттамасы;

шабындықтар үшін- жердіңшөлейттенуі, шалғындыкосімдік- тердің сиреуі, жердің мелиорациялык күйінің нашарлауы;

жайылымдар ушін - тапталып бүлінуі негіз болып табылады.

Суармалы жерді суарылмайтын жерге ауыстыру кезінде жоға- рыда санамаланған факторлардан баска, суару кезімен байланыс- тың үзілуі, сумен камтылмауы, шаруашылык ішіндегі суару жүйелерінің техникалық жай-күйі, ал жайылма суармалы жер үшін - су ағынын кайта бөлу салдарынан су басудың токтауы немесе су ресурстарының болмауы, күрылыстардыңтехникалык жай-күйі ескеріледі.