Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жер кукыгы.docx
Скачиваний:
93
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
179.21 Кб
Скачать

3. Жер күқыгынын әдістері және жүйесі

Жер катынастарының ерекшеліктері жер құкығында колда- нылатын реттеу әдістерінің мамзүнына жанама түрде байланыс­ты болады. Белгілі әдіс түрін қолдану жер күқық қатынастары- нын қандай салада калыптаскандығын білдіреді. Мәселен, жер қорын мемлекеттік баскарумен байланысты жер күкык катынас­тарына билік әдісі колданылса. жер учаскесін жалға беру бары- сында шартты әдістер тобы колданылады. Жер күкығының әдістері дегеніміз - жер катынастарын ретгейтін, яғни, жер кұкык. катынастары субъектілеріне эсер ету амалдары мен тәсілдерінін жиынтығы. Жер кұкығының әдістері екі түрге бөлінеді: импера- тивті және диспозитивті.

Жер кұкығынын императивті әдістері — билік пен бағыныш- тылыкка негізделген, міндетті катысушысы мемлекет немесе мем­лекет мүддесін білдіретін билік органдары болады. Императивті әдістер жер ресурстарын мемлекеттік баскару саласында, мем­лекеттік баскару функциясын жүзеге асырудың тәртібін анык- тауда. жер учаскесінің шекті мөлшерін аныктауда, жер учаскесін тек нысаналы максатта пайдалану шектеулерін белгілегенде, т.б. жағдайларда колданылады.

Жер кұкығынын диспозитивті әдістері - жер кұкык катынас­тары катысушыларынынтеңдігіне, шартеркіндігіне негізделген. Бүл әдістер жерге жеке меншік күкығын жүзеге асыру саласында және жерде дербес шаруашылык жүргізуде колданылады. Яғни, жер кұкык катынастары катысушыларына жер учаскесіне катыс- ты өз бетінше шешім кабылдауға мүмкіндік береді.

Жер кұкығының жүйесі дегеніміз - өзара тығыз байланысты жер кұкык институттарының жиынтығы. Өзге кұкыксалалары сиякты жер күкығының жүйесі келесі бөлімдерден түрады: жал­пы бөлім, ерекше бөлім және арнайы бтш.

Арнайы бөлім шетелдердін жер зандарын зерттейді. Шетел мемлекеттерінің, Казакстан жерін пайдалану мәселелерін, халы- каралык шарттармен реттелетін жерді жалдау катынастарын және жерді халыкаралык корғау және жер катынастары саласындағы халыкаралык ынтымактастык мәселелерін зерттейді.

4. Жер қүқығының кағидалары

Қүқық қағидасы - бүл коғамдағы құкықтың мазмұнын, оның мәнін және мағынасын сипаттайтын алға қоятын идеялар. Бір жағынан, олар қүқыктың зандылықтарын көрсетеді, екінші жа- ғынан, құкықтық реттеудің барлык аясында әрекет ететін және барлык субъектілерге тарайтын жалпы нормаларды білдіреді. Бұл нормалар занда тікелей көрсетіледі немесе заңның жалпы мағы- насынан туындайды. Кұкык кағидалары заң шығарушы үшін алға коятын идеялар ретінде бола түрып, күкык нормаларын жетілдіру жолдарын аныктайды. Кағидалардың аркасында кұкык жүйесі адам мен коғамнын маңызды мүдделері мен кажеттіліктеріне бейімделеді. Кұкык кағидалары - кұкыктың мәнін білдіруде оған негіз болатын идеялар мен бастаулар. Ол идеялар әділдік пен бос- тандыктын сара жолын корытындылау аркылы шығарылады. Кұкык кағидалары әділдік, туралык көрсеткіші болғандыктан түрактылығымен ерекшеленеді, олардың ұзак уакыт бойына өзгермейтіндігі кұкыктык нормалардан айырмашылығы болып табылады.

Казакстан Республикасы аумагынын түгастыгы, қол сүгылмау- шылыгы және бөлінбейтіндігі қағидасы. Бұл кағида жер заңда- рында жаңадан орын алған және Казакстан Республикасынын егемендігін камтамасыз ететін маңызды кағидалардыңбірі болып табылады. Қазакстан Республикасынын Жер кодексіне сэйкес, жер учаскесін Казакстан азаматы мен занды тұлғасына, сонымен катар, мемлекетгік емес шегел тұлғаларына жеке меншікке беру мемлекет аумағын бөліп беруді немесе берілген жер учаскесін мемлекеттік баскару шеңберінен шығаруды білдірмейді. Жер учаскесі жеке меншікке берілгенімен мемлекеттік реттеу аясын- да калады. Сол себептен, казіргі нарыктык жағдайда, жер учаскесінің азаматтык айналымньщ еркін объектісі ретінде та- нылып отырған шакта мемлекет егемендігін, аумағының түтас- тығын және бөлінбейтіндігін камтамасыз ету үшін аталған кағида- ны ұстану және басшылыкка алу өте орынды. Казакстан Респуб­ликасынын ау мағына жататын жер біртүтас, тек мемлекетке тиісті екендігін білдіреді. Яғни, кандай да бір баска мемлекеттің Рес­публика жеріне кандай да бір талаптары кабылданбайды немесе салуға болмайды деген кағиданы бекітеді.

Жерді табиғи ресурс, Казакстан Республикасы халкының өмірі мен кызметінің негізі ретінде сақтау қағидасы. Бұл кағида бойын- ша жер - адамның өміртіршілігінің, онын әлеуметтік және эко­номикалык кажегтіліктерін канағаттандыру үшін пайдалануга кажетті табиғи ресурс болып табылады. Осы табиғи ресурстарды корғау мен сактауды жүзеге асырмай әлеуметтік және экономи­калык кажеттіктерді іске асыру мүмкін еместігін білдіреді.

Жерді корғау мен үтымды пайдалану қағидасы. Жерді ұтымды пайдалану кағидасының мазмұны жер санаттарының түріне карай әртүрлі болады: ауылшаруашылык максатка арналған жерлерді пайдалану кезінде оларды үтымды пайдалану кағидасы жоғары деңгейдегі сапалы өнім ала отырып, ауылшаруашылык жердін өнімдшгін жүйелі түрде көтеруді көздейді;ауыл шаруашылығы- на арналмаған жерлерде ұтымдылык жер учаскесін үнемдеу мен объектілерді алкаптарда ете пайдалы әдіспен орналастыруда көрінеді; ерекше корғалатын табиғи аумактардың (рекреациялык немесе тарихи-мәдени максаттағы) жері пайдалануда үтымдылык, аталған жерлерді пайдаланудағы арнайы максатын камтамасыз етіп адамдардың демалуын және тарихи-мәдени объектілерді дұрыс сакталуын камтамасыз етуден көрінеді. Бүл кағида жер кұкығынын барлык институттарын камтып өтеді және көптеген жер-кұкык нормаларынан көріністабады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындагы жер басымдыгы кағидасы. Бұл кағида Жер кодексінің 4-бабы 6-тармағында қаралған. Соған сәйкес, ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мак- саттарға пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алкаптарын алып коюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығындары ауыл шаруашылығы алкаптарының көлемі мен олардың сапасын калпына келтіру аркылы ауыл шаруашылығы өндірісінің деңгейін сақтау максатында республикалык бюджет кірісіне өтелуге тиіс.

Жердің жай-күйі колжетімділік ақпаратпен ету қагидасы. Бұл кағиданын мазмұнынан Жер кодексінін 157-бабында жүзеге асы- рылғанын көруімізге болады. Соған сэйкес, мемлекеттік жер ка­дастры Казакстан Республикасы жерінінтабиғи және шаруашы- лықжағдайы, жер учаскелерінінорналаскан жері, нысаналы пай- даланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалыксипатта- масы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлык кұны туралы мәліметтердін, өзге де кажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. Мемлекеттік жер кадастры жер учаскелеріне кұкыкты субектілер туралы ақпарат- ты енгізеді. Ал, Жер кодексінің 158-бабы 5,6-тармағына сэйкес, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік органдар, мемлекеттік кәсіпорындар мен лауазымды адамдар жер кадастр күжаттамасына енгізілетін мәліметтердің дүрыстығын камтама­сыз етуге міндетті.

Акылык кағидасының негізінде жерді экономикалык (кұндық) бағалау жатыр. Жер нарык экономикасының бір бөлігі және объектісі десек те болады. Акшалай бағасының болуы жердің кұны мен бағасы (материалдык-техникалық, еңбек) бар өзге ре­сурстармен катар, өндірістегі рөлін салыстыруға мүмкіндік береді, бағалы жерлерді ауылшаруашылыкган өзге максаттарға ойлан­бастан беруге жол бермейді, сондай-ақ оларды ұтымсыз пайда­ланған жағдайда жер алкаптарына келтірілген залалды накты аныктауға мүмкіндік береді.