Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микробиология 1 часть каз.doc
Скачиваний:
2156
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

9.2.1.31.2.Т-лимфоциттер

Т-лимфоциттер күрделі қүрамнан тұратын жасуша тобы. Олар жілік майындағы полипотентті жүйелік жасушалардан басталып ары қарай алғашқы ( пре-Т-лимфоциттер) элементтеріне дейін жетіліп түрге талданылады. Т-лимфоциттердің үлесі барлық лимфоциттетрдің 75 пайызы болады. Электрондық микроскоппен зерттегенде олар СД3 және қой эритроциттерінің маркерлері бар жазық сыртты болып көрінеді. Т-лимфоциттер өзінің антигендік рецепторларымен (ТCR) және де атқаратын іс бағытымен жеке топтарға бөлінуі мүмкін.

TCR-ға сәйкес олардың екі түрі бар: альфа-бетта және гамма-сигма. Бірінші түрі қос полипептидті тізбектен тұрып Т-хелпер мен Т-киллер деп аталатын лимфоциттерге тән. Екіншісі ерекше гамма-сигма Т- лимфоциттердің сырт қабығынан табылады.

Мамандығына сәйкес Т-лимфоциттер екі түптопқа бөлінеді: иммундық реттеушілер (иммундырегуляторлар) және әсеретушілер (эффекторлар). Біріншілеріне жататындар Т-хелперлер. Сонымен қатар Т-супрессорлар (тежеушілер) бар болатындығы болжанылған еді, бірақ осы күнге дейн олардың морфологиялық қасиеттері негізделініп, бар не жоғы дәлелденбеген, бірақ та, тежеушілік көрністің бар екені айқын.. Көрністудырушылық (эффекторлық) жұмысты цитотоксикалық лимфоциттер -Т-киллер мен табиғи киллерлер атқарады.

Ағзада Т-лимфоциттер иммундық жауаптың жасушалық түрін қамтамасыз етіп (баяу гиперсезімталдық, трансплантациялық иммунитет, ісікке қарсы иммунитет т.б.), иммунды жауаптың қарқынын және ұзақтылығын анықтайды. Олардың жетілуін, түрге бөлінуін және белсенділігін цитотоксиндер басқарады.

.2.1.3.1.2.1. Т–хелперлер

Т-хелперлер реттеуші жұмысты атқаратын Т-лимфоциттердің субпопуляциясы болады. Олардың Т-лимфоцитер арасындағы үлесі 75 пайыз. Т-лимфоциттердің сыртқы мембранасының бетінде СД4, және басқа рецепторлардың молекулалары табылады. Солар арқылы Т-хелперлер АПЖ-дан (антиген презентейтін жасушалар) алынған ақпаратты талдайды.

Т-хелперлердің антигеннің бөгде, не бөгде емес екенін талдауы дәлдікті тілейтін күрделі процесс. Оған көптеген факторлар әсер етеді (9-сызбанұсқа):

  1. ТCR (Т-жасушалардың рецепторы) мен бірлескен СД3 молекуласы;

  2. MHC (гистосәйкестіктің басты комплексі) сыныбының молекулалық кешеніне ұқсастығы бар СД4 Ко-рецепторлы молекулалары;

  3. Жасушааралық түйісуді тұрақтататын адгезиялардың молекулалары;

  4. АПЖ (Антиген презенттейтін жасушалар) –ның Ко-демеуші факторалымен өзара әрекеттесетін рецепторлар (СД28, 40 Л).

Өнімді рецепция Т-хелперлердің көп түрлі цитокиндерді өндіруіне дем береді. Солардың көмегімен Т-хелперлер иммундық жауапқа қатынасатын жасушалардың биологиялық белсенділігін бақылайды. Т-хелперлердің тобы біркелкі емес екені дәлелденген. Белсендірілген СД4+ Т-лимфоцит келесі буында екі түрге талданылады: Т1 және Т2 хелперлер.

Т1-хелперлер жасушалық иммунитеттің дамуына, гиперсезімталдықтың баяу түріне, иммундық қабынуға керекті ИЛ -2, 3, гамма-ИФН, ісіктің некрозын тудыратын фактор (ФНО- фактор некроза опухолей - ІНФ –ісіктің некроз факторы) түзеді.

Т2-хелперлер гуморалдық иммунитетті, гиперсезіталдықтың жедел түрін қолдайтын ИЛ-4,5,6,9,10,13 және т.б. өндіреді..

ОрганизмдеТ1-, Т2-хелперлердің теңестігі сақталып отырады. Ол сәйкесті иммундық жауап беруге қажет. Бірақ, жасушалар үнеме өзаралық сайысқа түсіп отырады. Нәрестелердің ағзасында Т2 -хелперлердің үстемділігі анықталған. Организмнің калыпты микробтарының сан-сапасы өзгерген кезде Т1-хелперлердің дамуы бәсеңдеп, аллергияға соқтырады.