Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микробиология 1 часть каз.doc
Скачиваний:
2156
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

10.1.7. Иммундыглобулиндердің генетикасы

Иммундыглобулиндердің құрлысының ерекшелігімен қатар олардың генетикалық кодтауында спецификалық бар. Басқа ақуыздарға қарағанда иммундыглобулиндер бір емес, үш ген тобымен бақыланады. Олар хромосоманың үш түрінде орналасып ұрпаққа тәуелсіз тарайды.

Бірінші топ (к-типті) жеңіл тізбектің біріншілік аминқышқылдық реттілігі туралы мәліметті сақтайды, екіншіде- жеңіл тізбектің (типі) лямбда туралы, ал үшінішде -ауыр тізбектің барлық түрлері (альфа,гамма,бета,эпсилон, мью) туралы ақпарат сақталады. Әрбір топтың гендері бір-біріне жуық интрондармен (кодталмайтын жер) бөлініп отырады.

Алғашқы В лимфоциттер жетілер мезгілінде олардың генетикалық аппаратында көптеген өзгерістер туады. ДНҚ учаскелері еркімен жылжып гендердің функционалдық бірлестігін құрады. Оған қосылмаған ДНҚ учаскелері болашақта құрамға кірмейді. Бұл процесс сплайсинг деп аталады ( ағылшынша – splicing - тіркесу, тікелесу). Кейінірек функционалдық гендерді негіздеп иммундыглобулиннің жеңіл және ауыр тізбектерін кодтайтын мРНҚ түрлері пайда болады. Сонымен қатар, геннің кейбір учаскесінде мутациалық өзгерістер байқалады. ДНҚ-ның ондай учаскесі гипермутабелдіқ аймақ деп аталды.

Сплайсинг пен мутациалық процестер жүруі кездейсоқ сипатта болады және барлық лимфоциттерде бір-біріне тәуелсіз байқалады. Айтылған процестер В-лимфоциттердің көп түрлі антигендік рецепторларының және және олар синтездейтін антиденелердің спецификалығына себепкер.

Сонымен, лимфогенездің тоқталмай жүретіндігін еске алып организмде алдын ала, не болмаса қажет уақытында қандай антигендер түрі болмасада соған қарсы спецификалық антиденелер синтездейтін В-лимфоциттер бар деп айтуға болады.

В-лимфоциттердің реттелуі, олардың көбейуімен қатарласып гендерінде рекомбинациалық өзгерістер байқалады. Соның нәтижесінде иммундыглобулиндер сыныптарының түрлері бірнен кейін бірі пайда болып отырады. Егерде В-лимфоциттердің жетіліуінің ертерек кезеңдерінде иммуноглобулиндердің М және Д сыныптары синтезделсе, кешірек кезінде G, А, Е сыныптары пайда болады.

10.1.8. Антидене өндірілудің жүрісі

Макроорганизмнің антидене өндіру қабілеттігі өте ерте пайда болады. Эмбрионың дамуының 13-ші жұмасында IgМ –ды синтездейтін В-лимфоциттер пайда болады да, ал 20-шы жұмада иммундыглобулинді қан сарысуынан табуға болады. Сол уақыттан бастап неше түрлі спецификалығы бар антидене өндіруші жасушалар үздіксіз пайда болып отырады. Ол жасушалар антитденелердің негізгі деңгейін құрады, бірақ олардың үстемді көлемі - калыпты М-иммундыглобулиндердің изотобы. Қан сарысуындағы иммундыглобулиндердің мөлшері жас шамасына және макроорганизмнің жағдайына қарай өзгеріп отырады. Олардың ең жоғарғы концентрациясы жыныстық жетілу мезгіліне келіп сол қалыпта бүкіл репродуктивті кезеңде сақталады. Егде жасқа келгенде антитеденелердің мөлшері төмендейді. Иммундыглобулиндер концентрациясының көтерілуі жұқпалы, ауто-иммундық ауруларда байқалса, концентрациясының төмендеуі қатерлі ісіктерде және иммундытапшылықта байқалады.

Макроорганизмге антигендер еңген кезде иммундық жүйе антидене өндіруді үдетумен жауап қайтарады. Ол деңгейге антиген спецификалық антидене өндіре алатын жасушалар клонының көбейуі арқылы жетеді. Бұл жағдайда антиген, тек қана тітіркендіруші триггер ретінде емес, селекциялаушы рөлін атқарады. Әсіресе, ең жоғары дәрәжелі сецификалығы бар клондар, яғни репецторларының жоғарғы аффиндығы бар иммундыглобулиндер басымдылыққа ие болады. В-лимфоциттердің өсуімен қатар олардың дифференциялану процесі жүреді. Жасуша геномының қайта құрылуы байқалып, олар ең қолайлы антиденелерді синтездеуге дағдыланады.

Антигенге қарсы антидене өндірілудің өзіндік ағысы бар. Оны сарысулық иммундыглобулиндерінен байқауға болады. Ол латенттік (индуктивті), логарифмдік, стационарлық және төмендеу фазалардан тұрады. Латенттік фазада антиденелер өндірілуі өзгермейді, іс жүзінде негізгі деңгейде қалады. Бұл мезгілде антиген туралы мәлімет өңделіп және антидене өндіретін жасушалар клоны өсіп-өнеді.

Логарифмдік фазада антигенспецификалық В-лимфоциттердің саны қарқынды көбейеді.. Соған сәйкес антиденелердің титрі күрт көтеріледі.

Стационарлық фазада спецификалық антиденелердің, және де оларды өндіретін жасушаларының саны ең жоғарғы деңгейіне жетіп, тұрақталады. Организм антигеннен арылып, антигендік тітіркендіру доғарылғандықтан келесі - төмендеу фазасы басталады. Бұл фазада антидене өндіруші жасушалардың саны азайып антиденелердің титрі төмендейді.

Антидене өндірілуі уақытпен шектелген. Сонымен қатар, ол процесс олардың антигенмен бірінші, не екінші рет кездесуіне байланысты. Алғашқы рет кездескенде біріншілік иммундық жауап дамиды. Бұл кезде латенттік фаза мен (3-5 тәулік) логарифмдік фаза ұзақ уақытқа(7-15тәулік) созылды.Сецификалық антиденелерді тек қана иммунизациялауды бастағаннан кейін 10-14-ші тәулікте анықтауға болады. Стационарлық фаза 15-30-шы тәулікке созылып, ал төмендеу фазасы 1-6 айға дейін барады (15-сызбанұсқа).

Біріншілік иммундық жауапта иммундық органдарда, жауапқа қатынсатын жасушаларда, антиденлер сыныбының түрлерінде көптеген өзгерістер туып, иммундық жүйе антиген енуіне белсенді қарсы тұрып онымен қайта кездесуге толығынан дайын болады.

Уақыт өткеннен кейін антидене өндіру басылады. Сонымен қатар иммунологиялық есті В-лимфоциттер көп уақытқа дейін ағзада сақталады.

Иммундық жүйе сол антигенмен кайта кездескенде екіншілік иммунды жауап кұрылады (15-Сызбанұсқа) Біріншілік иммундық жауаппен салыстырғанда еікіншілікте латенттік фазасы-қысқартылған (бірнеше сағаттан 1-2 тәулікке дейін). Логарифмдік фазасы қарқынды және антидененің титрі өте жоғарғы деңгейлі. Стационарлық және төмендеу фазалары ұзарған жүрісімен сипатталады (бірнеше айдан жылдарға дейін). Екіншілік имунды жауапта организм көбінесе бірден IgG- ны синтездейді. Екіншілік жауап жүрісінің өзгешелігі, ол имундық жүйенің біріншілік жауаптан кейін иммунды есте қалудың арқасында антигенмен келесі кездесуге дайын екендігін көрсетеді. Соның себебінен біріншілік жауаптан кейін қалған В-лимфоциттер жедел және қарқынды өсіп антиденені шапшаң синтездеуге кіріседі.

Антигенмен қайта кездескендегі өсімтал антидене өндірілу көрнісі тежірибелік мақсатта вакцина егіп, жұқпалы аурудың алдын алуда кең қолданылады. Иммунитетті жоғарғы дәрежелі қорғау деңгейінде сақтау үшін арнайы сызбанұсқа бойынша бірінші рет вакцинаны имунологиялық есте сақтау үшін, ал екінші рет (ревакцинация) антиденелрді үстемелі өндіру үшін егеді.

Бұл феномен жоғарғы белсенді профилактикалық және емдік иммунды сарысуды (гипериммунды) дайындауға пайдаланылады. Ол үшін донорларға, не жануарларға арнайы сызбанұсқамен антигендік препаратты бірнеше рет қайталап егеді.

Антидененің өндірілуі көбінесе антигенің иммуногедігіне, және макроорганизмнің жағдайына байланысты. Антигенді латенттік фазада қайталап егуге тырысу имунологиялық салға, яғни антигенге жауап бермеулікке соқтыруы мумкін.