Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микробиология 1 часть каз.doc
Скачиваний:
2156
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

12.4. Комплементтің қатынасуымен жүретін реакциялар

Комплементтің қатынасуымен жүретін реакциялар антиген-антидене комплексінің комплементті белсендіруіне негізделген (комплемент байланыстыру реакциясы, радиалдық гемолиз т.б.).

Комплементті байланыстыру реакциясы (КБР). Антиген мен антидене бір-біріне сәйкес келген уақытта иммунды комплекс құрылады. Антидененің Fc-бөлшегі арқылы комплекске комплемент жалғасады, яғни антиген-антидене комплексі коплементті байлайды. Егерде антиген-антидене комплексі құрылмаса комплемент бос қалады. КБР –ның өту механизімі екі фазадан тұрады. Бірінші фазада антиген+антидене+комплемент қосындысы белгілі уақытқа термостатқа қойылады. Уақыт өткеннен кейін оларға, эритроциттермен оған қарсы антиденелері бар гемолитикалық сарысуынан тұратын екінші «индикаторлық» жүйе еңгізіледі. Егерде зерттеліп отырған затта антигенге сәйкес антидене болса олар комплекс құрып комплементті байлайды, сондықтан қосындыда бос комплемент болмайды. Екінші жүйені қосқан кезде эритроциттерге қарсы антиденелері бар иммунды гемолиткалық сарсу эритроциттерді ерітпейді, өйткені, ол процесс тек қана бос комплементтің көмегімен жүруі керек. Реакцияның нәтижесі оң болғанда пробиркада эритроциттердің «түйме» тәрізді тұнба құрғаны байқалады. Ал, зертелген затта антиген, не антидене болмаса, немесе олар бір-біріне сәйкес келмесе комплекс кұрылмайды да, комплемент бос болады, сондықтан ол екінші фазаға қосылылады. Бұл жағдайда гемолитикалық сарсу эритроциттерді ерітеді де, пробиркада гемолиз байқалады (мөлдір қызғылт сұйық), яғни реакцияның нәтижесі-теріс (27-сызбанұсқа).

КБР реакциясы бірқатар жұқпалы аурулардың диагнозын қою үшін колданылады (созда- Борде-Жангу реакциясы, мерезде- Вассерман реакциясы).

27- сызбанұсқа. КБР- механизімінің сызбанұсқасы.

Антиген Антиген

(белгілі) (белгілі)

+ +

Антидене Антидене

Аурудың қан сарысуы Аурудың қан сарысуы

(белгісіз) (белгісіз)

+ +

---------------------

Комплемент Комплемент

------------------------

+ +

Гемолитикалық жүйе Гемолитикалық жүйе

(Гемолитикалық сарсу + қой эритроциті) (Гемолитикалық сарсу + қой эритроциті)

! !

! !

! !

Гемолиз жоқ.. Эритроциттердің Гемолиз бар. Эритроциттер еріген.

тұнбасы бар. Мөлдір қызыл түсті сұйық..

Реакцияның нәтижесі оң. Реакцияның нәтижесі теріс.

(Антидене бар) (Антидене жоқ)

Радиалды гемолиздік реакция (РГР). Қой эритроциттері мен комплементі бар агар қоймалжыңындағы шұңқырларда қойылады. Шұңқырға гемолитикалық сарысу қосылғаннан кейін реакцияның оң нәтижесінде антиденелердің қоймалжыңға радиалды сіңуінен шұңқырдың айналасында гемолиздік белдем пайда болады. Тәсіл арқылы комплементтің, гемолитикалық сарсудың белсенділігін, тұмау вирусына қарсы антиденелерді анықтауға болады.

Иммунды жабысу реакциясы (ИЖР). Комплемент жүйесін, иммунды сарысумен өңделген корпускулды антигендермен белседірілуіне негізделген. Соның нәтижесінде иммундық комплекстің құрамындағы корпускулдық антигенге қосылатын комплементтің белсендірілген С3b бөлігі пайда болады. Эритроциттерде, тромбоциттерде, макрофаг-тарда С3b мен байланасатын рецепторлар болғандықтан, оларды С3b бар иммундық комплекстерге қосқанда, айтылған жасушалар қосылып агглютинацияға түседі.