- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі
- •Қысқартылған сөздер тізімі.
- •1 Тарау. Микробиология пәні. Зерттеу мақсаты, міндеттері. Даму тарихы.
- •1.1.Микробиология пәні және міндеттері
- •1.2. Микробиологияның ғылым ретінде дамуының негізгі кезеңдері
- •Микроорганизмдердің ашылуы.
- •Микробиология, вирусология және иммунология бойынша Нобель сыйлығы иегерлерінің тізімі.
- •2 Тарау. Микроорганизмдер морфологиясы
- •2.1. Микроорганизмдерді жүйелеу мен олардың номенклатурасы
- •2.2.Бактериялардың жіктелуі мен морфолгиясы
- •«Bacteria» және «Archaea» домендерінің сипаттамасы
- •2.2.1. Бактериялар пішіндері
- •2.2.2. Бактерия жасушасының құрылымы.
- •2.3. Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы.
- •2.3.1. Саңырауқұлақтарды жүйелеу (систематика).
- •2.4. Қарапайымдылардың жіктелуі және құрылымы
- •2.5. Вирустардың жалпы сипаттамасы
- •2.5.1. Вирустардың табиғаты
- •2.5.2. Вирустардың жіктелуі (классификациясы)
- •Вирустардың жіктелуі (классификациясы) – 2005 ж.
- •2.5.3. Вирустардың морфологиясы және биохимиясы
- •2.5.4. Вирустың жасушамен өзара әрекеттесуі
- •Вирустар пайдаланатын жасушалық рецепторлар
- •Жасуша мен вирустың түсікті (абортивтік) түрдегі әрекеттесуі
- •Вирустың жасушамен бірікпе (интегративті) әрекеттесу түрі (вирогения)
- •2.5.5. Бактериофагтар (бактериялардың вирустары).
- •3 Тарау. Микроорганизмдердің физиологиясы.
- •3.1. Бактериялар физиологиясы
- •3.1.1. Бактериялардың қоректенуі
- •3.1.2. Бактериялардың ферменттері.
- •3.1.3. Бактерия жасушасының ішіне заттарды тасымалдау механизмі.
- •3.1.4. Конструктивті метаболизм.
- •3.1.5. Энергетикалық метаболизм.
- •3.1.6. Бактериялардың оттегіге қатынасы.
- •3.1.7. Бактериялардың өсуі мен көбею тәсілдері
- •3.1.8. Бактерияларды дақылдандыру шарттары.
- •3.2. Саңырауқұлақтар мен қарапайымдылар физиологиясының ерекшеліктері
- •4 Тарау. Микробтар генетикасы
- •4.1.Бактериялар геномының құрылысы.
- •4.1.1. Бактерия хромосомасы.
- •4.1.2. Бактерия плазмидалары.
- •4.1.3. Қозғалғыш генетикалық элементтер.
- •4.1.4. Мутациялар. Мутациялар днқ – ның құрлымдық өзгерісі, ол тұқым қуалаушылық қасиеттерінің (нақты бір қасиетінің) өзгеруімен сипатталады.
- •4.1.5. Бактериялардың рекомбинациясы
- •4.2.6. Вирустар генетикасының ерекшеліктері.
- •4.3. Жұқпалы ауруларға диагноз қоюдың генетикалық әдістері
- •4.4. Жұқпалы ауруларға диагноз қоюда гендік әдістерді қолдану
- •5 Тарау. Микробтарға қарсы қолданылатын препараттар
- •5.1. Микробқа қарсы препараттар
- •5.2. Химиотерапевтік препараттар
- •5.3. Антибиотиктер
- •5.3.1. Антибиотиктерді өндіру көздері және алу тәсілдері
- •5.3.2. Микробтарға қарсы синтетикалық химиопрепараттар
- •5.3.3. Микробқа қарсы химиопрепараттардың әсер ету механизмі
- •Әсер ету механизмі бойынша антимикробты химиопепараттардың жіктелуі
- •Антибиотиктерге қойылатын талаптар
- •5.3.4. Антимикробты химиотерапия кезіндегі асқынулар
- •5.4. Микробтардың антибиотиктерге тұрақтылығы
- •5.5. Антибиотиктермен тиімді емдеу негіздері
- •5.5.1. Адам ағзасының тіндеріндегі және сұйық орталарындағы антибиотиктердің концентрациясын анықтау
- •5.3. Вирустық инфекцияларды химиялық жолмен емдеу
- •Вирустық инфекцияларды емдеу тәсілдерінің сипаттамасы
- •Вирусты инфекциялар кезінде емдеу үшін қолданылатын препараттар
- •5.6.1. Химиялық препараттар
- •Әртүрлі химиялық топтарға жататын антивирустық препараттар.
- •Антивирустық препараттардың вирустар репродукциялануы кезіндегі «әсер ететін нүктесі»
- •Кең таралған вирустық инфекцияларға қарсы қолданылатын химиялық препараттар
- •Препарат-резистентті штамдар қалыптасуы кезіндегі антивирустық препараттардың әсер ететін нысаналары (мишени)
- •5.6.2. Интерферондар
- •Ifn препараттары
- •Ifn препараттарының антивирустық тиімділігі (эффективтілігі)
- •Ifn препараттарын кейбір вирустық инфекциялар кезінде клиникалық пайдаланудың тиімділігі (эффективтілігі)
- •5.6.3. Интерферондардың индукторлары (ии)
- •Ifn индукторлары
- •Интерферон индукторларын тәжірибелік зерттеу нәтижелері
- •Интерферон индукторларын клиникалық қолдану
- •5.6.4. Иммундымодуляторлар
- •Иммунды әдіспен емдеу типтері, препараттар және клиникалық қолдану
- •Бірінші буындық иммундымодуляторлардың әсер ету механизмі және антивирустық белсенділігінің спектрі.
- •Иммунды модуляторлар классификациясы
- •Иммунды модуляторлардың жаңа буындары
- •Иммунды модуляторларға сезімтал вирустық инфекциялар спектрі
- •6 Тарау. Микроорганизмдер экологиясы
- •6.1. Микробтар экологиясы – микроэкология.
- •6.1.1.Топырақ микрофлорасы
- •6.1.2. Су микрофлорасы
- •6.1.3. Ауа микрофлорасы.
- •6.1.4. Тағам өнімдерінің микрофлорасы.
- •6.1.5. Өсімдіктекті дәрі-дәрмектік шикізат микрофлорасы, фитопатогенді микробтар.
- •6.1.6. Өндірістік, тұрмыстық және медициналық зерзаттардың микрофлорасы
- •6.1.7. Табиғаттың заттар айналымындағы микробтар рөлі
- •6.2. Адам организмінің микрофлорасы
- •Дені сау адамдар мен бір жастағы балалардың нәжісіндегі әр түрлі бактериялардың құрамы
- •Несеп- жыныс жолының микрофлорасы.
- •6.2.1. Адам организмінің микрофлорасының маңыздылығы.
- •6.2.2. Дисбактериоз
- •6.2.3. Қоршаған орта факторларының микробтарға әсері
- •6.3. Қоршаған ортада микробтарды жою
- •6.3.1. Стерилизация
- •Судың қайнау температурасының атмосфералық қысымға тәуелділігі.
- •Автоклавтың жұмысын бақылау.
- •6.3.2. Дезинфекция.
- •Дезинфекциялық камералардың жұмысын бақылау
- •6.3.3. Асептика және антисептика.
- •Антисептиктердің жіктелуі.
- •Медицина саласындағы антисептиктерге қойылатын шарттар:
- •Стерильдеу, дезинфекциялау және профилактикалық антисептиканың айырмашылықтары.
- •6.4. Санитарлық микробиология
- •6.4.1. Су, топырақ, тұрмыстық заттарды микробиологиялық бақылау
- •6.4.2. Ауаны микробиологиялық бақылау.
- •6.4.3. Тағам өнімдерін микробиологиялық бақылау.
- •6.4.4. Дәрілік заттарды микробиологиялық бақылау .
- •7 Тарау. Инфекция туралы ілім
- •7.1. Инфекциялық процесс және жұқпалы ауру
- •7.1.2. Инфекциялық процестің сатылары мен деңгейлері
- •7.1.3. Жұқпалы ауру туралы түсінік
- •7.2. Инфекциялық процесс қоздырғыштары – микробтардың қасиеттері
- •7.2.1. Патогенді, сапрофитті және шартты-патогенді микробтар туралы түсінік
- •7.3. Патогенді микробтардың қасиеттері
- •7.3.1. Микробтардың патогенділік факторлары
- •7.3.2.Бактериялардың токсиндері.
- •7.3.3. Патогенділік факторларын генетикалық реттеу
- •7.4. Қоршаған орта факторларының организмнің реактивтілігіне әсері.
- •7.4.1. Инфекциялық процесс пайда болуы және дамуындағы макроорганизм реактивтілігінің рөлі.
- •7.4.2. Макроорганизмнің реактивтілігіне биологиялық және қоршаған ортаның әлеуметтік факторларының әсері.
- •7.8. Эпидемиялық процесс туралы түсінік.
- •Әртүрлі топтағы жұқпалы аурулардың механизмдері, берілу жолдары мен факторлары.
- •7.8.1. Жұқпалы аурулардың экологиялық – эпидемиологиялық классификациясы.
- •Жұқпалы аурулардың экологиялық – эпидемиологиялық классификациясы.
- •7.8.2. Конвенциялық (карантиндік) және аса қауіпті инфекциялар туралы түсінік
- •8 Тарау. Иммунитет туралы ілім және бейспецификалық тұрақтылықтың факторлары
- •8.1 Иммунологияға кіріспе
- •8.1.1. Иммунитеттің мәнісі және рөлі
- •8.1.2. Иммунология - жалпы биологиялық және жалпы медициналық ілім саласы
- •Медициналық иммунологияның жіктелуі.
- •8.1.3. Иммунологияның даму тарихы
- •Иммунология тарихының маңызды кезеңдері
- •8.1.4. Иммунологияның медицина саласындағы жетістігі
- •8.1.5. Иммундық жүйенің іс атқаруының негізгі принциптері мен механизмі
- •Иммундық жүйе мен антигеннің өзара әсерлесу принциптері.
- •8.1.6. Иммунитеттің түрлері
- •Иммунитет түрлерінің жіктелуі.
- •8.2. Ағзаның бейспецификалық тұрақтылығының факторлары
- •8.2.1. Тері және шырышты қабықшалар (механикалық қорғаныс)
- •8.2.2. Физикалық-химиялық корғаныс
- •8.2.3. Иммундыбиологиялық қорғаныс
- •8.2.3.1. Фагоцитоз
- •_________________________________________________________________________________________Еайланыстармен бейспецификалыќ , не арнайы рецепторлар8.2.3.2. Тромбоциттер
- •8.2.3.3. Комплемент
- •8.2.3.4. Лизоцим
- •8.2.3.5. Интерферон
- •8.2.3.6. Қан сарысуының қорғаныстық ақуыздары
- •9.1.2. Антигендердің қасиеттері
- •9.1.3.Антигендердің жіктелуі
- •9.1.4.Адам ағзасының антигендері
- •9.1.4.1.Адамның қан тобының антигендері
- •9.1.4.2.Гистосәйкестік антигендері.
- •9.1.4.3.Қатерлі ісіктің пайда болу механизіміне қатынасты антигендер.
- •Иммундық жауапқа қатынасатын жасушалардың негізгі cd- маркерлері
- •9.1.5.Микробтардың антигендік құрылысы.
- •9.1.5.1.Бактериялардың антигендері.
- •9.1.5.2. Вирустардың антигені
- •9.1.6. Антигендер макроорганизмге енген кезде болатын процестер.
- •9.2. Адамның иммундық жүйесі
- •9.2.1. Иммундық жүйенің құрлымдық және функционалдық элементтері
- •9.2.1.1. Иммундық жүйенің орталық органдары.
- •9.2.1.2. Иммундық жүйенің перифериялық органдары
- •9.2.1.3. Иммундық жүйе жасушаларының түрлері
- •9.2.1.3.1.Лимфоциттер
- •9.2.1.3.1.1. В-лимфоциттер
- •9.2.1.31.2.Т-лимфоциттер
- •.2.1.3.1.2.1. Т–хелперлер
- •9.2.1.3.1.2.2. Т-киллерлер
- •9.2.1.3.1.2.3. Табиғи киллерлер
- •9.2.1.3.2.4. Гамма-сигма т-лимфоциттер
- •9.2.1.3.2.Иммундық жүйенің басқа жасушалары
- •9.2.2. Иммундық жүйе қызметінің ұйымдастырылуы
- •9.2.2.1. Иммундық жүйе жасушаларының өзара әрекеттестігі
- •Негізгі цитокиндердің сыпаттамасы.
- •9.2.2.2. Иммундық жүйенің активтенілуі.
- •9.2.2.3. Иммундық жауапты супрессиялау
- •9.2.2.4. Иммундық жүйенің клондық құрылысының онтогенезі
- •10 Тарау. Иммунды жауап қайтарудың негізгі түрлері
- •10.1. Антидене және антидене түзу
- •10.1.1. Антиденелердің табиғаты.
- •10.1.2. Антиденелердің молекулалық құрылысы
- •Адамның иммундыглобулиндерінің басты сипаттары.
- •10.1.3. Иммундыглобулиндер сыныбының құрылысы және функционалдық ерекшеліктері
- •10.1.4. Антидененің антигендігі
- •10.1.5. Антигенмен антидененің өзара әрекеттестік механизімі
- •10.1.7. Иммундыглобулиндердің генетикасы
- •10.1.8. Антидене өндірілудің жүрісі
- •10.1.9.Антиденелердің әр түрлілігінің теориясы
- •10. 2. Иммунды фагоцитоз
- •10.3. Жасуша жанама түріндегі киллинг
- •10.3.1.Антиденетәуелді жасуша-жанамалы цитотоксикалық
- •10.3.2. Антиденетәуелсіз жасуша-жанамалы цитотоксикалық.
- •10.4. Гиперсезімталдық реакциялары
- •Аллергиялық реакциялардың патогензіне негізделген классификациясы ( Джелл және Кумбс бойынша, 1968).
- •10.5. Иммунологиялық есте қалу (жадында сақтау)
- •10.6.Иммунологиялық толеранттық
- •11 Тарау. Иммунитеттің орналасқан жеріне және түрлі жағдайларға байланысты ерекшеліктері
- •11.1. Жергілікті иммунитеттің ерекшеліктері
- •11.1.1. Терінің иммунитеті
- •11.1.2. Шырышты қабықтың иммунитеті
- •11.1.2.1. Ауыз қуысы иммунитетінің ерекшеліктері
- •11.2. Ағзада түрлі жағдайлар туған кездегі иммунитеттің ерекшелігі
- •11.2.1. Иммунитеттің бактериалық инфекциялар кезіндегі ерекшеліктері
- •11.2.2. Вирустарға қарсы иммунитеттің ерекшеліктері
- •11.2.3. Саңырауқұлақтарға қарсы иммунитеттің ерекшеліктері
- •11.2.4. Протозоалар тудырған ауруларға қарсы иммунитеттің ерекшелігі
- •11.2.5. Ішек құртына (гельминттерге) қарсы иммунитеттің ерекшелігі
- •11.2.6. Трансплантациялық иммунитет
- •11.2.7. Қатерлі ісіктерге қарсы иммунитет
- •11.2.8. Жүктіліктің иммунологиясы
- •11.3. Иммундық статус және оны бағалау
- •Иммундық статусты бағалау үшін қолданылатын сынамалар.
- •11.4. Иммундық жүйенің патологиясы
- •11.4.1. Иммунды тапшылықтар
- •11.4.1.1. Біріншілік, немесе туа біткен иммунды тапшылық
- •11.4.1.2. Екіншілік, немесе жүре пайда болған иммунды тапшылық
- •11.4.2. Аутоиммунды аурулар
- •Аутоиммунық аурулар.
- •11.4.3. Аллергиялық аурулар
- •11.4.3.1. I-типтес реакциялар (анафилактикалық)
- •Анафилаксия тудыру қабілеті бар заттардың мысалдары.
- •11.4.3.2.II-ші типтес реакциялар (гуморалды цитотоксикалық)
- •11.4.3.3.III-ші типтес реакциялар (иммундыкомплекстік)
- •11.4.3.4.IV-ші типтес реакциялар (т-лимфоциттердің жанамасымен)
- •11.4.4. Иммундыпролиферативті аурулар
- •Иммундыпролиферативті аурулардың классификациясы.
- •11. 5. Иммундыкоррекция
- •Иммундымодуляторлардың әсер ету бағытына және сипатына негізделген классификациясы
- •Біріншілік және екіншілік иммунды тапшылықтың даму механизімі бойынша иммундымодуляторлардың әсер ету мехнизімне негізделген классификация.
- •12 Тарау. Иммундыдиагностикалық реакциялар және олардың қолданылуы
- •12.1. Антиген-антидене реакциялары
- •12.2. Агглютинциялық реакциялар.
- •12.3. Преципитациялық реакциялар
- •12.4. Комплементтің қатынасуымен жүретін реакциялар
- •12.5. Бейтараптау реакциясы (бр)
- •12.6. Таңбаланған антидене мен антигендердің қатынасымен жүретін реакциялар
- •12.6.1. Иммундыфлюоресценция реакциясы - ифр (Кунс тәсілі)
- •12.6.2. Иммундыферменттік тәсіл немесе талдау ифт.
- •12.6.3. Радиоиммунды тәсіл (рит)
- •12.6.4. Иммундыблоттинг
- •13 Тарау. Иммундық әдіспен емдеу және алдын алу
- •13.1 Иммунды әдіспен алдын алу және емдеудің медицина тәжірибесіндегі мәні мен орыны
- •13.2. Иммундыбиологиялық препараттар (ибп)
- •13.2.2.Вакциналар
- •Вакциналардың жүйеленуі (а.А.Воробьев бойынша).
- •13.2.2.1. Тірі вакциналар
- •13.2.2.2.Өлі вакциналар
- •13.2.2.3. Молекулалық вакциналар.
- •13.2.2.4. Анатоксиндер (токсоидтар)
- •13.2.2.5. Синтетикалық вакциналар
- •13.2.2.6. Адъюванттар
- •13.2.2.7. Ассоциаланған вакциналар
- •13.2.2.8. Жаппай вакцинациялау тәсілдері
- •13.2.2.9. Вакцина қолданудың нәтижелі болуының жағдайлары
- •13.2.2.10. Қазіргі кезде қолданылатын вакциналардың жалпы сипаттамасы
- •Иммундыпрофилактикада қолданылатын негізгі вакциналардың тізімі.
- •13.2.2.11. Вакцинаны егудің көрсетімі мен қарсы көрсетімдері
- •13.2.2.12. Вакцина егудің күнтізбесі
- •13.2.3. Бактериофагтар
- •13.2.4. Пробиотиктер
- •13.2.5.Спецификалық антиденелердің негізінде жасалған иммундыбиологиялық препараттар.
- •13.2.5.1.Иммунды қан сарысулар. Иммундыглобулиндер.
- •13.2.5.2.Моноклоналды антиденелер
- •13.2.5.3. Иммундытоксиндер. Иммундыадгезиндер
- •13.2.5.4. Абзимдер
- •13.2.6. Иммундымодуляторлар
- •14. 2.7. Адаптогендер.
- •13.3. Вирустық инфекциялардың спецификалық профилактикасы
- •13.3.1. Вирустың инфекциялардың спецификалық алдын алуда енжар (пассивті) және белсенді (активті) иммундаудың рөлі
- •Вирустық инфекцияларды емдеу және алдын алу үшін пассивті иммундау
- •Спецификалық иммундыглобулиндік препараттар
- •Жаңа буындық вакциналардың жалпы сипаттамасы
5.3.3. Микробқа қарсы химиопрепараттардың әсер ету механизмі
Микробқа қарсы химиопрепараттардың таңдамалылығының негізі-олар әсер ететін микроб жасушасындағы нысаналардың макроорганизм жасушаларынан айырмашылығы болады. Көптеген химиотерапевтік препараттар әдетте микроб жасушасының метаболизміне әсер етіп , оның дайын құрылымын бұзбайды, сондықтан препараттар микроорганизмдердің өсу және көбею фазасына белсенді әсер етеді . Микробқа қарсы химиопрепараттардың әсер ету механизмі бойынша келесі топтарын ажыратады: жасуша қабырғасы синтезінің ингибиторлары , ақуыз синтезінің ингибиторлары,нуклейн қышқылдар қызметі мен синтезін бұзушылар, ЦПМ қызметі мен синтезін зақымдайтындар (5.1. - кесте)
Кесте 5.1.
Әсер ету механизмі бойынша антимикробты химиопепараттардың жіктелуі
Жасуша қабырғасы синтезінің ингибиторлары |
Ақуыз синтезінің ингибиторлары |
Нуклеин қышқылы синтезінің ингибиторлары |
Жасуша мембранасы (ЦПМ) қызметінің ингибиторлары |
*Бета-лактамдар (пенициллиндер, цефалоспориндер, карбапенемдер, монобактамдар) *Гликолипидтер |
*Аминогликозидтер *Тетрациклиндер *Хлорамфеникол *Линкозамидтер *Макролидтер *Фузидиев қышқылы |
Нуклеин қышқылының ізашары синтезінің ингибиторлары *Сульфаниламидтер *Триметоприм ДНК репликациясының ингибиторлары *Хинолондар *Нитроимидазолдар *РНК полимеразаның ингибиторлары *Рифампициндер
|
*Полимиксиндер *Полиендер *Имидазолдар |
Жасуша қабырғасы синтезінің ингибиторлары.Жасуша қабырғасы синтезін ингибирлеуші антибиотиктердің бір-бірінен химиялық құрылымы бойынша айырмашылығы бар. Бұл топтардың маңызды препараттары-бета-лактамдар және гликопептидтер (олардан басқа циклосерин және бацитрацин бар, олр өте уытты). Пептидогликан-бактериялардың жасуша қабырғасының негізі - әмбебап және прокариоттар үшін аса қажетті , жасуша қабығы бар бактериялардың барлығында болады. Пептидогликан ізашарының синтезделуі цитоплазмада басталады. Олар ЦПМ-дан өтіп , гликопептидті тізбектер құрады(бұл кезеңді гликопептидтер ингибирлейді). Пептидогликанның толық түзілуі ЦПМ –ның сыртқы беткейінде жүреді. Бұл кезең ақуызды ферменттердің қатысуымен жүреді, олрды пенициллинмен байланыстырушы ақуыздар деп атайды, олардың өзі пенициллин және т.б. бета-лактамды антибиотиктер үшін нысана болып табылады. Пеницллин байланыстырушы ақуыздарды ингибирлеу бактерия жасушасында пептидогликан ізашарларының жиналуына әкеледі. Мұндай ізашарлардың көп мөлшерде жиналуы нәтижесінде , бактерия жасушасында оларды жоятын жүйе аутолитикалық ферменттер шығады. Олар қалыпты жағдайда бактерия жасушасының бөлінуі кезінде пептидогликанды ыдыратады. Аутолитикалық ферменттер әсерінің нәтижесінде бактерия жасушасының лизисі (еруі) жүреді.
Ақуыз синтезінің ингибиторлары. Бірқатар белгілеріне қарай прокариоттардың ақуыз синтездеуші аппаратының эукариотты жасушалардың рибосомасынан ерекшеленеді, оларға әсер ететін препараттардың селективті уыттылығына төтеп беруге қолданылуы мүмкін . Ақуыз синтезі-көпсатылы процесс, оған көптеген ферменттер мен құрылымдық суббірліктер қатысады . Әртүрлі препараттардың әсерінің бірнешеуі белгілі: 70 S рибосомаға инициальды кешен түзіп т-РНК-ның қосылуы (аминогликозидтер) ,т-РНК-ның акцепторлық сайттан донорлық сайтқа ауысуы, акцепторлық сайтқа т-РНК-ның жаңа аминоацилының қосылуы (тетрациклиндер) , пептидилтрансферазамен катализденетін пептидтің құрылуы (хлорамфеникол, линкозамдтер), пептидил т- РНК –ның транслокациясы (эритромицин), пептидті тізбектің ұзаруы (фузидий қышқылы) , пептидті тізбектің босауы және терминациясы. Осылай , аминогликозидтер мен тетрациклиндер 30 S –суббірлікпен байланысып , ақуыз синтезі басталғанға дейін процесті тежейді . Тасымалдау РНК –ның қосылу процесін аминогликозидтер қайтымсыз ингибирлейді, ал тетрациклиндер тасымалдау РНК-ның рибосомаға қосылуының келесі сатысын қайтымды тежейді. Макролидтер , хлорамфеникол, линкозамидтер 50 S суббірлігімен байланысады. Бұл пептидті тізбектің ұзаруын үзеді. Бұл антибиотиктерді алып тастаса процесс қалпына келеді , яғни бактериостатикалық әсер етеді.
Нуклейн қышқылдары синтезінің ингибиторлары. Нуклейн қышқылдарының қызметтері мен синтезінің бұзылуы үш жолмен қамтамасыз етіледі:1) пурин –пиримидин негіздерінің ізашарларының синтезін ингибирлеу (сульфаниламидтер, триметоприм), 2) ДНК қызметтері мен репликациясын тежеу (хинолондар, фторхинолондар, нитроимидазолдар, нитрофурандар) және 3) РНК- полимеразаны ингибирлеу (рифампициндер).
Бұл топқа көбіне синтетикалық препараттар ( антибиотиктерден рифампициндер) осындай әсер ету механизмге ие, олар РНК- полимеразамен байланысып мРНК синтезін тежейді. Фторхинолондардың әсері негізінен ДНК-гираза ферментінің белсенділігін жоюмен байланысты, ол бактерия хромососмасын суперспиральдеуді қамтамасыз етеді . Сульфаниламидтер – парааминобензой қышқылының құрылымдық аналогтары – парааминобензой қышқылын пуринді және пиримидинді негіздердің ізашары фолий қышқылына айналдыруға қажетті ферментті ингибирлеп және бәсекелі байланысуы мүмкін . Бұл негіздер нуклейн қышқылының синтезіне қажет.
ЦПМ қызметтерінің ингибиторлары. ЦПМ барлық тірі жасушаларда бар, бірақ прокариоттар (бактериялар) мен эукариоттарда оның құрылымы әртүрлі. Саңырауқұлақтардың ЦПМ-сының макроорганизм жасушасының ЦПМ-сына ұқсастығы көп, айырмашылығы да бар. Сондықтан саңырауқұлаққа қарсы препараттар- антимикотиктер адам организміне өте уытты келеді, тек кейбір препараттарды ішке қабылдауға рұқсат етілген. Бактериялар мембранасына арнайы әсер ететін антибиотиктер саны көп емес .
Ең танымалдысы полимиксиндер(полипептидтер) , оған тек грам теріс бактериялар ғана сезімтал. Олар жасуша мембранасындағы фосфолипидтерді зақымдап , жасушаны лизистейді (ерітеді) . Уыттылығына байланысты оларды тек жергілікті процестерді емдеуге қолданып, парентералды енгізбейді. Қазіргі кезде тәжірибеде қолданбайды. Саңырауқұлаққа қарсы препараттар (антимикотиктер) эргостеролдарды ( полиенді антибиотиктер ) бұзады және эргостеролдар биосинтезінде маңызды ферменттердің бірін ингибирлейді (имидазолдар).