Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микробиология 1 часть каз.doc
Скачиваний:
2156
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

13.2.2.11. Вакцинаны егудің көрсетімі мен қарсы көрсетімдері

Вакцина егудің көрсетімі жұқпалы аурудың пайда болуы, немесе оның жайылып кету қаупі, не адам арасында эпидемияның басталуы болады. Жаппай вакцинациялау өткізгенде вакцина қолданудың қарсы көрсетімі есепке алынуы керек, өйткені қандай вакцина болмасын қолданған кезде, денсаулық жағдайының ауытқуына байланысты, жағымсыз жанама асқынулар тудыруы мүмкін. Қарсы көрсетім әрбір вакцина түріне анықталып, қолдану нұсқауында көрсетіледі. Вакцина қолданудың барлығына ортақ қарсы көрсетімі келесілер:

жедел жұқпалы, не жұқпалы емес аурулар;

аллергиялық жағдайлар;

орталық жүйке жүйесінің аурулары;

паренхиматозды органдардың созылмалы аурулары (бауыр, бүйрек);

жүрек-қантамыры жүйесінің күрделі аурулары;

дамыған иммундытапшылықтар;

қатерлі ісік аурулары.

Вакцина егілгеннен кейін аздап дене қызуы, еккен жердің қызаруы нұсқауда аталған-дардың шегінен шығып кетпесе ол қарсы көрсетім болып саналмайды.

13.2.2.12. Вакцина егудің күнтізбесі

Әрбір елде, соның арасында Қазахстанда (Денсаулық сақтау министірлігімен бекітілген) вакцина егудің күнтізбесі бар. Онда қай жаста, қандай вакцинаны, қай жұқпалы ауруларға қарсы егу түрлері анықталып, ретімен негізделген. Мысалы, балалық шақта (10 жасқа дейін) әрбір адам міндетті түрде туберкулезге, қызылшаға, полиомиелитка, көкжөтелге, күлге, В гепатитіне, сіреспеге қарсы егілуі керек, ал өте қауітпі ауруларға ( эндемиялық аудандарда) сол ауруларға қарсы қосымша егу жүргізіледі.

Сонымен қатар, әрбір ел вакцинамен профилактика жүргізуде өзінің азаматтары үшін жеке бастың құқын, міндетін және де егу ісін жүргізетін мекемелердің, жауапты қызметкерлердің құқын, міндетін және жауаптылығын заң түрінде анықтайды.

13.2.3. Бактериофагтар

Бактериофаг бактериаларды зақымдайтын вирустардан алынған иммундыбиологиялық препарат. Ол бірталай бактериалық жұқпалы ауруларға диагноз қоюда, алдын алуда және емдеуде қолданылады (іш сүзегі,дизентерия,тырысқақ т.б.). Бактериофагтың әсер ету механизімі олардың тек қана өзіне тән бактерияларда өсіп -өніп, оларды ерітуіне негізделген. Яғни, бактериофагтармен арурудың алдын алу және емдеу спецификалық тәсілге жатады. Осы принципке фагодиагностикада бактериаларды арнайы индикациялау мен индентификациялау да жатады. Бактериофагтарды басқа ИБП-лар мен қатар эпидемия уақытында аурудың алдын алу үшін және де диагнозы дәләденген ауруларды емдеу үшін қолданады.

Бактериофагтарды таза күйінде алу үшін оларды сәйкес бактерияалардың дақылында өсіріп содан кейін қоректік ортаның сұйығын сүзіп бактериофагтарды бөліп шығарады. Сүзінді сұйықтықты лиофилді тәсілмен кептіріп бактриофагтарды таблетка түрінде шыға-рады. Бактериофагтарды суспензия түрінде де дайындауға болады. Бактериофагтың әсер ету күшін титрмен анықтап 1 мл. суспензиядағы, немесе 1 таблеткадағы бактериофаг бөлшектерінің санымен есептейді.

Аурудың алдын алу, не емдеу үшін бактериофагтарды ауыз қуысы арқылы, не сыртқы жараны өңдеуге ұзақ уақыт қолданады. Бактериофагпен аурудың алдын алу, не емдеу нәтижесі орташа қалыпты.