Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микробиология 1 часть каз.doc
Скачиваний:
2156
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

7.8.1. Жұқпалы аурулардың экологиялық – эпидемиологиялық классификациясы.

Эпидемиялық процестің жоғарыда айтылған ерекшкліктерін ескере отырып, адамдардың жұқпалы ауруларының қазіргі кезгі экологиялық – эпидемиологиялық классификациясы жасалған (7.2 - кесте).

Адамдардың барлық жұқпалы ауруларын экологиялық – эпидемиологиялық тұрғыдан бөлгенде табиғатта адамдарға жұғуымен байланысы бар қоздырғыштың ең басты мекендеу ортасын (резервуар) есепке алу керек. Қоздырғыштың спецификалық мекендейтін ең басты үш ортасы болады: адам организмі (антропоноздар), жануарлар организмі (зооноздар), сыртқы орта (сапроноздар). Екі резервуарды қос пайдалану қоздырғыштың өтпелі түріне тән. Антропоноздар кезінде адам – қоздырғыштың табиғаттағы жалғыз резервуары және инфекция көзі. Бұл жерде жіктеудің негізі ретінде қоздырғыштың адам организмімен (шоғырлануы), немесе адам популяциясымен (берілу механизмі) өзара қатынасының сипаты алынған. Антропоноздарды жете жіктеу кезінде жалпы қабылданған топтарға бөлу қолданылады: ішектік, респираторлы, қандық, сыртқы жабындылық, «вертикалді» (анасынан ұрыққа жұғу) инфекциялар.

Қоздырғышының табиғатта адамдардан тыс резервуары бар инфекцияларда тіптен басқаша көріністер байқалады. Мұндай инфекция кезінде адам организмінде қоздырғыштың шоғырлануы немесе оның адамнан адамға берілу механизмі індет себепкері емес , ол патогенді микробтың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін процестің салдары.

Зоонозды инфекциялар қоздырғыштарының табиғаттағы негізгі резервуары-жануарлар, көбінесе сүтқоректілер және буынаяқтылар. Атап айтқанда дәл солар қоздырғыштың биологиялық түр ретінде табиғатта тіршілігін қамтамасыз етеді және оқта – текте адамдарға жұқтыру қаупін туғызады, ал паразит үшін адамдардың рөлі бейдетерминантты және маңызды емес. Зооноздарды экологиялық-эпидемиологиялық екі топқа бөледі: үй (ауылшаруашылық, қымбаттерілік ) және синантропты жануарлардың (негізінде кеміргіштер) аурулары; жабайы жануарлардың аурулары.

Кесте 7.2.

Жұқпалы аурулардың экологиялық – эпидемиологиялық классификациясы.

Жұқпалы аурулар сынып-

тары

Сынып ішіндегі топтар

Қоздыр-

ғыштың негігі резервуа-

ры

Репрезентативті аурулар

Антропо –

ноздар

Ішектік

Респираторлы

Қандық

Сыртқы жабындылық

«Вертикалдылар»

Адам

Іш сүзегі. А гепатиті, полиомиелит, қызылша, қызамық, күл, мысқыл, жел шешек, бөртпе сүзек, қайталама сүзек, мерез, соз т.б.

Зооноз-

дар

Синантропты және үй жануарлары

Жабайы жануарлар (табиғи-ошақты)

Жануар-

лар

Бруцеллез, аусыл, Ку-қызбасы, орнитоз, трихофития т.б.

Туляремия, кенелі риккетсиоз, кенелі борелиоздар, арбовирусты инфекциялар, маймыл шешегі, құтыру, Лас қызбасы ж.б.

Сапроноз-дар

Топырақтық

Сулық

Зоофилділер(сапро - зооноздар)

Топырақ

Су

Сыртқы орта +жануарлар

Клостридиоздар, боғмала, аспергиллез, гистоплазмоз, бластомикоз, кокцидиоидомикоз ж.б.

Легионеллез, тырысқақ, мелиойдоз, НАГ-инфекциялар ж.б.

Күйдіргі, лептоспироздар, иерсиниоздар, листериоз, сіреспе ж.б.

Сапроноздар кезінде қоздырғыштың негізгі резервуары – сыртқы орта субстраттары (топырақ, су ж.т.б.) Нағыз сапроноздар қоздырғыштары үшін сыртқы орта жалғыз немесе негізгі мекендеу ортасы болып табылады . Басқа сапроноздар біртіндеп және ұзақ уақыт зоонозды инфекцияға ауыса бастайды, сол кезде қоздырғыш резервуары ретінде жануарлардың рөлі арта бастайды. Оларды сапрозооноздар деп атайды.

Сапроноздарды берілу механизмі бойынша жіктеу мүмкін емес. Адамдар мен жылықанды жануарлар олардың қоздырғышы үшін биологиялық «тұйық» болып табылады, сондықтан олардың бір дарадан екіншіге тізбекшелеп берілу заңдылығы жоқ .Эпидемиологиялық тұрғыдан табиғи резервуары бойынша сапроноздарды топрақтық және сулық топтарына бөледі.

«Таза» сапроноздар – табиғи-ошақты аурулар : олардың қоздырғыштары жер бетіндегі немесе судағы экологиялық жүйенің табиғи компоненттері болып табылады. Легионеллалардың – табиғи су қоймаларында, терең микоз қоздырғыштары саңырауқұлақтар мен клостридиялардың-топырақта автономды тіршілік ете алатыны дәлелденген. Сонымен , адамдарға сапроноз қоздырғыштары топырақтан, судан , өсімдік субстраттарынан және де жануарлардан да жұғады.