Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микробиология 1 часть каз.doc
Скачиваний:
2156
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

Препарат-резистентті штамдар қалыптасуы кезіндегі антивирустық препараттардың әсер ететін нысаналары (мишени)

Вирус

Антивирустық препарат

Резистенттілік қалыптастыратын ақуыз-нысаналар (мишени)

Қарапайым ұшық

Ацикловир

Вирустық тимидинкиназа, вирустық ДНК-полимераза

Пенцикловир

-/-

Натрий фоскарнеті

Вирустық тимидинказа

Видарабин

Вирустық ДНК-полимераза

ЦМВ

Ганцикловир

Вирустық UL9 фосфотрансфераза; вирустық ДНК-полимераза.

Натрий фоскарнеті

Вирустық ДНК-полимераза

Варицеллазостер

Ацикловир

Вирустық тимидинкиназа; вирустық ДНК-полимераза

А тұмау

Амантадин

Вирустық М2 ақуыз (иондық арна)

Ремантадин

-/-

Зинамивар

Вирустық нейраминидаза

Адам иммундытапшылық вирусы

Кері транскриптазаның

нуклеозидті ингибиторлары

Вирустық кері транскриптаза (ревертаза)

Кері транскриптазаның нуклеотидті емес ингибиторлары

-/-

Протеаза ингибиторлары

Вирустық протеаза

Антивирустық препараттарды қолданғанда болатын жанама жағдайлар.

Тұмауға қарсы препараттар. ОЖЖ-де эндогенді дофаминнің әсерін күшейтуі нәтижесінде лоқсу, құсу, ашушаңдық, елермелік (галлюцинация) және психоз қоздыруы мүмкін. Шеткейлік дофаминдік рецепторларға әсер ете отырып АҚ (АД) төмендетуі және несеп шығаруды тоқтатуы ықтимал. Аллергиялық реакциялар (теріде бөртпе пайда болу) байқалады. Ұшыққа қарсы препараттар - ацикловир, фамцикловир, валацикловир энцефалопатиялық реакциялар (бас ауыруы, қалтырау, елермелеу, тырысу), диспептикалық өзгерістер, бауыр қызметінің және қан түзілуінің бұзылуын, АҚ (АД)-ң төмендеуін тудыра алады.

Анти - АИВ (ВИЧ) препараттар. Қайтымды транскриптаза ингибиторлары бас ауыру, лоқсу, іш өту, ұйқышылдық, теріде бөртпе, миалгия, парастезия, гипертермия, қалтырау, жөтел, депрессия қоздыруы мүмкін. Протеаза ингибиторлары (индинавир) бауыр қызметінің бұзылуын, диабет (сусамыр), гемолитикалық анемия, дизурия қоздыруы мүмкін.

5.6.2. Интерферондар

Интерферондар ашылғаннан бергі уақытта оның физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттері туралы ауқымды ақпараттар жинақталды: IFN (интерферон) жүйесінің негізгі феномендері анықталды, интерферондық және реттеуші гендердің орналасуы зерделенді, IFN-ң негізгі типтері және субтиптерінің нуклеотидтік және ақуыздық реттіліктері анықталды, қалыпты жағдайда және әр түрлі патологиялардағы IFN-ң рөлі белгілі болды. Атап айтқанда, гендік-инженерлік тәсіл арқылы прокариоттармен синтезделетін эукариоттардың алғашқы функционалды белсенді ақуыздары IFN болды. Бұл биопрепараттардың жаңа түрлерін жасаудың бірінші кезеңі туындағаны туралы мәлімет биология мен медицина саласындағы әйгілі уақиға болды. IFN жүйесінің қызмет атқаруы бірінен соң бірі ілесетін, бөгде агенттің енгеніне жауап ретінде организмнің ерекше тізбекті реакциясының кезеңдерінен тұрады.

Бұл тізбектің 4 звеносын ажыратуға болады (1- сызбанұсқа):

1. Индукция (немесе «қосылу»)- IFN гендерін депрессияға әкелетін, олардың ақпараттық РНҚ-н транскрипциялайтын және оларды кейіннен трансляциялайтын жүйелер.

2. Продукция (өнімдену)- жасушалармен IFN-ң α, β, γ- типтерінің синтезделуі және олардың қоршаған ортаға секрециялануы (шығуы).

3. Әсер ету- жаңадан пайда болған IFN-мен бөтен агенттерден (вирустар, бактериялар ж.б.) айналасындағы жасушаларды қорғау.

4.Нәтижелері (эффектілері)- антивирустық, иммундымодуляциялаушы, антитуморогендік, радиопротективті (олар негізгілері) әсер ету.

1-сызбанұсқа. Интерферондар жүйесінің қызмет атқаруы

Жасуша + индукторлар

Антивирустық

Иммундымодульдеуші Антитуморлық

Радиопротективтіқ ж.б.

α, β, γ -интерферон-

дар

Жат нуклеин қышқылдарың экспрессиясын басып тастау

IFN-ң негізгі биологиялық эффектілеріне яғни нәтижелі әсерлеріне жатады: вирустық және вирусты емес табиғаты бар жасушадан тыс және жасушаішілік инфекциялық агенттердің (хламидиялар, риккетсиялар, қарапайымдылар, бактериялар) өсуін тоқтату; антипролиферативті , антитоксигенді, протективті белсенділік; антитуморогенді белсенділік, антимутагендік әсері; АД өндірілуін тежеу немесе күшейту; макрофагтарды стимульдеу; фагоцитозды күшейту; сенсибилирленген лимфоциттердің нысана – жасушаға цитотоксикалық әсер етуін белсендіру; табиғи киллерлік жасушаларды белсендіру; простагландин Е синтезделуін индукциялау; гистиосәйкестіктің басты комплексі антигендерінің экспрессиясын күшейту; бірқатар жасушалық ферменттердің белсенділігін күшейту немесе тежеу; екі жіпшелі РНҚ-ң цитотоксикалық әсерін күшейту; жоғарғы сезімталдықтың баяу типін тежеу; жасушалық мембраналардағы көптеген өзгерістерге қатысу; адгезиялық факторлар мен молекулалардың өндірілуін стимульдеу; эффекторлық лимфоциттер мен макрофагтардың дифференциациялануын және пролиферациялық процесін индукциялау.

Интерферон препараттарының классификациясы. Қазіргі кездегі IFN-ң медициналық препараттары активті компонентінің типі бойынша – α, β, γ-ға, ал жасалған уақытына және қолданылуына байланысты – адам лейкоциттерінен алынған табиғи IFN (бірінші буын) және рекомбинантты IFN (екінші буын)- қазіргі заманғы биотехнологиялық әдістердің көмегімен алынған (5.8- кесте) деп бөлінеді.

IFNα және IFNβ вирустық ақуыздардың синтезделуін және олардың репродукциялануының басқа да кезеңдерін тосқауылдай отырып, айқын антивирустық әсер етеді. IFNα иммуноциттерге (NK – жасушалар, Т-лимфоциттер, моноциттер, макрофагтар және гранулоциттер) белсенді әсер етеді, және де гистосәйкестіктің басты комплексінің I және II-кластық мембрандық антигендерінің экспрессиясын күшейтеді (HLA)

Кесте 5.8.