Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микробиология 1 часть каз.doc
Скачиваний:
2156
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

Кең таралған вирустық инфекцияларға қарсы қолданылатын химиялық препараттар

Вирусты инфекциялар

Тиімді әсер ететін препараттар

Топ №

Грипп және басқа ЖРВИ /ОРВИ/

Адамантин өнімдері. Әр түрлі топтардағы вирулицидті препараттар

1,5,6

Ұшық

Нуклеозидтер аналогтары. Кейбір жағдайда вирулицидті препараттар

2,5

В және С гепатиттер

Нуклеозидтердің аналогтары

2

АИВ /ВИЧ/

Нуклеозидтердің аналогтары. Кері транскриптазаның нуклеозидтік ингибиторлары

2,3,4

Протеазаның ингибиторлары

6

Сонымен антивирустық препараттар репродукцияланудың тиісті кезеңдеріне әсер етеді. Мысалы, вирулицидтік препараттар (5-топтағы) жасушадан тыс вириондарды ингибирлейді, нуклеозидтер аналогы (2-топтағы) және кері транскриптазаның нуклеозидті емес ингибиторлары (3-топтағы) вирустық нуклеин қышқылдарының синтезделуіне әсер етеді. Протеаза ингибиторлары (4-топтағы) вирустық ақуыздардың синтезделуіне, ал 6-топтың кейбір өкілдері вирион ұрпақтарының жасушадан шығуына әсерін тигізеді.

Белгілі препараттардың көбісі грипп және басқа ЖРВИ-ға, ұшықпен зақымданудың әр түрлеріне және АИВ-инфекцияға тиімді әсер етеді (белсенді препараттардың 90%-нан астамы). Гепатит вирустарына және нейровирустық аурулардың қоздырғыштарына қарсы бірлі-жарым ғана препараттар қолданылады. Осы кезге дейін басқа вирустық инфекцияларға қарсы этиотропты әсер ететін препараттар жоқ. Сондықтан ХП санының көптігі олардың антивирустық белсенділігінің шынайы диапазонын көрсете алмайды.

Алдын алу мақсатында пайдалану. Бірқатар ХП-ы (адапромин, арбидол, мидантан, оксолин, ремантадин) эпидемиялық бұрқетпе кезінде А,В грипптің және басқа ЖРВИ-ң алдын алу үшін пайдалануға болады. Ішкі ағзалары немесе сүйек кемігі алмастырылған (трансплантация) және иммунды тапшылық қаупі бар (қатерлі ісік кезіндегі химиотерапия, цитостатиктер және иммундыдепрессанттар қабылдаған) науқастарда ЦМВ-инфекцияның алдын алу үшін ганцикловир қолданылады. Қарапайым ұшық вирустары қоздыратын инфекциялардың профилактикасы үшін ацикловир пайдаланылады. Өз кезінде метисазон /марборан/ нағыз шешектің профилактикасы үшін өте тиімді екенін көрсетті.

Химиялық препараттармен емдеудің кемшіліктері. Клиникада ХП-ы кең көлемде қолдану вирустардың штамдарында ХП-ға резистенттілік қалыптасатынын көрсетті, нәтижесінде ХП-дың емдік тиімділігін жоққа келтіруі мүмкін. Дәрілерге төзімділік – вирустардың мутациялануының нәтижесі болып табылады. Әдетте, препаратты бірнеше рет қайталап пайдаланғанда дамиды. Емдеу барысында вирустар арасында сұрыптау /селекция/ процесі жүреді де резистентті мутанттар пайда болады. Мысалы, ремантадин қолданған жағдайда протеин М2 және нейраминидазаның синтезделуін кодтайтын ген мутацияға ұшырайды. Ацикловирге төзімділік – тимидинкиназа құрылымының модификациялануымен немесе ДНҚ-полимераза құрылымын кодтайтын геннің мутациялануымен байланысты; ганцикловирге-инфицирленген жасушаларда препараттың фосфорилирлену деңгейінің төмендеуімен; азидотимидинге – кері транскриптаза құрылымын кодтайтын гендердің мутациялануымен байланысты. Саквинавир және нелфинавирді пайдаланғанда – вирустық протеаза немесе кері транскриптазаны кодтайтын гендер өзгеріске ұшырайды (5.7-кесте).

Кесте 5.7.