Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микробиология 1 часть каз.doc
Скачиваний:
2156
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

9.2.1.2. Иммундық жүйенің перифериялық органдары

Иммундық жүйенің перифериалық ағзаларына көк бауыр, соқыр ішек, бауыр, жұтқыншақ бездері, лимфойдтық фолликулалар тобы, лимфатикалық түйіндер, қан, лимфа және де тағы басқалар жатады. Бұл ағзаларда иммунитетке тікелей иммундық бақылау жүргізетін жауапты жасушалар орналасқан. Ол органдарда иммуногенез, яғни иммундық жасушаларының өсіп-өнуі және мамандануы жүреді. Иммундық жүйенің перифериялық органдары атқаратын ісіне сәйкес органның сұйық ортасын бақылайтын (лимфатикалық түйіндер, көк бауыр), тері мен шырышты қабықшаны бақылайтын (лимфатикалық фолликулалар) және де ішкі ағзалардың жұмысын бақылайтын (тін, көшпелі жасушалар) деп бөлінеді.

Лимфа түйіндері- олар ықшам көлемді, бұршақ тәрізді, лимфа тамырының бойын бойлап жатқан анатомиялық құрылыстар. Органның әр учаскесінде регионалдық лимфа түйіндері бар. Адам организміндегі олардың жалпы саны 1000-ға жуық болады. Лимфа түйіндердің атқаратын басты жұмысы - биологиялық сүзгіштік. Организмнің барлық учаскесінен келген лимфа сүзіледі, сонымен қатар антигендер қоюландырылады. Орта есеппен алғанда лимфа түйіндерінен бір сағат арасында 109 санды лимфоцит өтеді. Құрылысына қарағанда лимфа түйінегі екі қабаттан тұрады: қыртыстық және ұлпалық.. Қыртысты қабат дәнекерлеу тінінің тарамдарымен ұяларға бөлініп, өзара қыртыстық және қыртысқа көршілес зонадан тұрады. Қыртыстық зонада В-лимфоциттерді өсіп-өндіретін фолликулалар (терминантты орталар) орналасқан. Бұл ортада сонымен қатар В–лимфоциттерді кемеліне келтіретін фолликулярлық дендриттерді табуға болады. Қыртысқа жуық қабатта Т-лимфоциттер мен Лангерганс жасушаларының негізі болып келетін арнаулы интердигиталды жасушалардың аймағы орналасқан.

Ұлпалық зона дәнекерлеу тіннің жіктерінен тұрады, олардың арасында макрофагтар мен плазматикалық жасушалар орналасқан.

Сонымен, сөл түйіндерінде иммунитетке жауапты жасушалар демеуленіп антигендерді залалсыздандыруға бағытталған спецификалық иммундық жауап басталады.

Көк бауыр. Бұл ағза арқылы қан түгелінен сүзіледі. Ол бөліктенген құрылыстан тұрады. Орналасқан жері - сол жақ мықын. Құрамына бірінші және екінші топты лимфа фолликулалары кіреді. Бірінші топ артериялардың бойын қуалап қоршайды, ол жерде көбінесе Т лимфоциттер орналасады, екінші топ біріншімен шекараласып жатады және ол жерде В-лимфоциттер мен плазматиқалық жасушалар орналасады. Сонымен қатар, көк бауырда фагоциттер мен ретикулярлық дентриттің жасушаларын табуға болады.

Көк бауырда қан айналымындағы эритроциттерді қоршаған антигендер мен «ескірген эритроциттер» сүзіліп, жинақталып отырады. Сондықтан бұл органды кей кезде «эритроциттердің моласы» деп атайды. Көк бауырда иммунитетке қатынасы бар көптеген процестер жүріп отырады.

Бауыр - иммунитет жүйесінде өте маңызды рөл атқарады. Онда тіндік макрофагтардың жартысынан көбі, және де табиғи киллерлердің үстемді бөлігі орналасқан. Лимфоидтық жасушалар тобы бауырдың тағам антигендеріне төзімділігін қамтамасыз етеді, ал макрофагтар иммунды кешендердің әр түрін ыдыратады.

Лимфатикалық топты фоллликулалар ( пейер бездері). Олар ішектің шырышты қабығындағы лимфоидтық ұлпаның жинағы болып табылады. Ондай құрылымдар ішектің аппендикс деп аталатын құрт тәрізді өсіндісінде де табылады. Сонымен қатар, олар бүкіл ас қорыту жолында (өңештен бастап артқы өтіске дейін) жекеленген лимфа бездері түрінде орналасқан. Олар ішек қуысын және оның шырышты қабығының жергілікті иммунитетін қамтамасыз етеді және оның қалыпты микрофлорасының түрі мен санын реттейді.

Лимфоидтық элементтердің жинағы түрінде орналасқан жұтқыншақ шеңберіндегі бадамшалар, мұрын-жұтқыншақтың, ауыз қойнауының және тыныс жолының жоғарғы бөлімінің жергілікті иммунитетін қамтамасыз етеді, сонымен қатар олардың шырышты қабығын ауа-тамшы, ауа-шаңмен кіретін микробтар мен басқа генетикалық бөгде агенттерден қорғап, қалыпты микрофлораны ретке келтіреді.

Лимфа - ол тамырларда, лимфа түйіндерінде болатын организмнің сұйық ұлпасы. Оның құрамына тіндер арасындағы саңлаудан келетін сұйықтың заттары кіреді. Лимфоциттер лимфаның негізгі жасушалары болып табылады. Олар лимфаның құрамында организмде қайта айналып жүреді.

Қан. Онда Т- және В- лимфоциттердің бастамашысы мен жетілген түрлері, полиморфты ядролық лейкоциттер, моноциттер айналып жүреді. Лимфоциттер барлық лейкоциттердің 30 пайызын құрайды. Белгілі бір мезгілде қанда лимфоциттердің жалпы санының 2 пайызынан аз мөлшері болуы мүмкін.